Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Аймауытов Ж.- Қазақ әдебиеті /Энциклопедиялық анықтамалық/.-Алматы:
Аруна, 2005.- 18-19 беттер
2.Аймауытов Ж. Шығармалары.-Алматы: Жазушы, 1989.- 560 бет.
3.Әлімов А.Қ., «Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану» оқу құралы /
Астана, 2014ж. «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы.
4.Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобразовательной
школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
5.Білім берудегі менеджмент - Менеджмент в образовании 2007-№2.
6.Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы
оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А: Қазақ тілі, №4, 2007.16 б.
7.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. Алматы: Мектеп,
КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫҢ САБАҚ ҤДЕРІСІНДЕГІ ТИІМДІЛІГІ
Спатаева Аксулу Кырқымбаевна
№88 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі
Шымкент қаласы
Жаңартылған бағдарлама негізінде сабақты қалай ықпалдастырып
пайдалану жолдарын және оқушылармен кері байланыс жүргізе отырып,
сабақтың ӛтілу барысына талдау жасайық.
Керібайланыс оқушының оқыту үрдісі қалай ӛткені және қандай нәтижеге
қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Керібайланыс
сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың ӛз бетімен
орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия
мақсаты-еске түсіру, ӛзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау
және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген
кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және
сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-
ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ
түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға
бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Рефлексия сӛзі латын тілінен аударғанда reflexio- кейінге айналым
мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда енгізген.
«Рефлексия- адамның ӛз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында ӛзіне-
ӛзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі.
Иә, бұл қасиет бойымызда бұрыннан бар деуге болады.Күнде кешкілік
бүгінгі ісімізді, айтқан сӛзімізді ойша шолып, есеп беріп, ертеңімізге жоспар
құрып аламыз. Демек, "рефлексия" деп ат қойып, айдар тақпағанымыз болмаса,
бұл әрекет қанымызда бар нәрсе. Бірақ соны қағазға түсіру немесе жүйелі
күнделікті түрлендіріп, осы атпен сабақта қолдану болмағаны ақиқат. Осы
бағдарлама бойынша білімді дайын күйінде беруден гӛрі оқушыны ӛзі
қорытынды жасауға ықпал ету және кері байланыс есебінде түрлі әдістермен
рефлексия жасату тиімді екеніне кӛзіміз жетті. Керібайланыс жүргізу бір
күннің іс-әрекеті емес, оған кӛп уақыт, ізденіс қажет.
Мұғалім рефлексия арқылы алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын
дәлелдеп, қолданылған әдіс-тәсілдерінің тиімді не тиімсіз болғанын анықтап,
орындалған іс-әрекетін зерделейді. Ең алдымен, мұғалім кері байланыс жасауға
оқушыларын дағдыландырып алу қажет. Сонда ғана бұл оң нәтиже береді.
Оқушылардың ой- ӛрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ол оқушының ӛз
бетімен толықтыруы мен ӛзін-ӛзі дамытуды қамтиды.
Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде түсінсе ғана белсенді бола
алады. Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланыс пен мадақтау қажет,
сондықтан кері байланыс жүргізілуі тиіс. Ашық сауалдар, оқыту
міндеттерімен алмасуы сияқты әдістер оқушылардың ӛз біліміне белсенді
қатысу қабілетіне әсер етеді. Оқушылар жұппен де, ӛз беттерімен де ӛз білім
деңгейлерін бағалауға және оған жеткенін түсінуге мүмкіндіктер бар.
Рефлексияны
әр түрлі әдіс-тәсілдермен сабақтың әр кезеңінде:
тақырыптың соңында, сабақ бӛлімдерінен кейін және тарау соңында жүзеге
асыруға болады. Кері байланысты түрліше ӛткізуге болады: топтық рефлексия
түрінде, әңгімелесу түрінде т.б. Кері байланысты ауызша және жазбаша да
жүргізуге болады.
Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар.
1. Кӛңіл-күймен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс.
Кӛңіл-күйді білдіретін әр түрлі суреттер, смайликтер және бояу түстерімен
анықтау. Мысалы: «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы». Мысалы «Алма
ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ
соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін
жақсы орындадым, сондықтан кӛңіл-күйім кӛтеріңкі, қызыл түсті алма - мен
тапсырманы орындай алмадым, кӛңіл-күйім жоқ дегенді білдіреді. «Бір сӛзбен»
әдісі барысында оқушылар берілген сӛздердің ішінен бүгінгі сабақтағы
жағдайын сипаттайтын үш сӛзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт,
зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау).
Қ.Бекхожиннің «Ақсақ Темір мен ақын» балладасын оқытуда «Бас. Жүрек.
Қол» рефлексиясын жүргіздік. Оқушылар баспен Ақсақ Темірдің тарихтағы
орнын, жорықтарын еске түсірді, жүрекпен баллададағы оқиғаларды сезінгенін
және сыныптағы оқушылардың эмоциясына әсер еткенін айтты, ал қолмен
тапсырмаларды орындағандарын жеткізді.
2. Сабақтағы іс-әрекетке байланысты кері байланыс.
Мысалы: «Табыс сатысы» әдісінде кәдімгі сатының суреті беріледі.
1-ші баспалдағы Мен............. БІЛЕМІН,
2-ші баспалдағы Мен ............ ТҮСІНЕМІН,
3-ші баспалдағы Мен ............... ЖАСАЙ АЛАМЫН.
«Салалас құрмалас сӛйлем туралы түсінік» тақырыбындағы сабақта
оқушыларға
алған
білімін
жинақтау
мақсатында «Бір
сӛйлеммен
тұжырымдаңыз» әдісін қолдандым. Мұнда оқушылар жаңа тақырыпты қалай
түсінгенін бір сӛйлеммен (Мен бүгін салалас құрмалас сӛйлемдердің жасалу
жолдарын мысалдар арқылы нақты түсіндім) тұжырымдады.
«Таңдау» әдісінде бес пікір жазылған парақ беріледі.
1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: кӛп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі сирек қатыстым.
5.Мен сабақтағы ӛз жетістіктеріме ризамын риза емеспін.
Оқушылар ӛздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын білдіретін сӛздердің
астын сызады.
3. Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. Бұрын мен білмеуші
едім. Енді мен білемін деген сияқты ой-пікірлерін білдіру боп табылады.
Мысалы: «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс»-оң әсер еткен фактілерді, алған
білімдері жайлы жазады. «Минус»-қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз
болып тұр деген ойларын жазады.
«Қызықты» - деген бағанға ӛздеріне не қызықты болды соны жазады немесе
не жайында кӛбірек білгісі келетінін жазады.
«Аяқталмаған сӛйлемдер» әдісінде:
Мен бүгін білдім....
Мен бүгін сезіндім..
Мен келесі сабақта білгім келеді..............- деген сӛйлемдерді аяқтап жазады.
7-сыныпта ӛткен М. Әуезовтың «Кӛксерек» әңгімесі бойынша «Маған 3 нәрсені
айт» кері байланыс парағы берілді. Оқушылар Сабақта не ӛттік? Неден табысқа
жеттім? Нені терең білгің келеді? деген сауалдарға олар «Кӛксерек» әңгімесі
арқылы қасқырлардың психологиясын түсініп, оларға да қамқорлық керек
екенін ұғынғанын және «Құндылық спектрінде» Құрмаштың ӛліміне кім кінәлі?
деп ортаға тасталған сұраққа ӛздерінің ойларын еркін жеткізге білгендерін,
тағы да қасқырлар туралы жазылған аңыз-әңгімелермен танысқысы
келетіндіктерін ашып жазды.
«Мадақтау сэндвичі» 1-бӛлік- не ұнады? 2-бӛлік не нәрсені жақсарту керек?
3-бӛлік- маған ұнады, бірақ келесі жолы ... . Мұнда оқушылар сабақ соңындағы
іс-әрекетіне баға береді. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» рефлексиясында оқушылар
екі ұнаған фактор мен бір ұсынысын білдіреді. Қазақ әдебиеті сабақтарында
кӛбінесе «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» рефлексиясын жиі пайдаланамыз.
Атап айтсақ, Ш. Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін қорытындылау
кезеңіндегі топтық жұмыста оқушылар әңгімені баяндауда сюжеттен
ауытқымау, әңгіме мазмұнын әдеби тілмен баяндау сияқты ұсыныстар
айтылды.
Жоғарыда келтірілген кері байланыс түрлері жеке оқушының жұмысына
бағытталған.Сонымен қатар оқушылардан топтық кері байланысты алуға
болады.Бұнда жеке ӛзінің пікірі емес,жалпы топтың пікірі, топтағы
жұмыстардың нәтижесі алынады.
Топтық кері байланыс сұрақтары:
1.Жұмыс барысында топтағы қарым-қатынас тапсырманың орындалуына қалай
әсер етті?
Жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыруға кӛмектесті;
Жұмыстың жақсы жүруіне кедергі болды;
Біздің қарым-қатынасымыз тапсырманы нақты орындауға мүмкіндік
бермеді;
2.Топтағы қарым-қатынас әсіресе қай дәрежеде кӛбірек іске асты?
ақпарат алмасуда;
Ӛзара қарым- қатынаста;
Осы дәрежелердің бәрінде іске асты;
3.Жұмыс барысында қарым-қатынас жасаудың қай стилі басым болды?
Бір адамға бағытталған стиль
Тапсырманы орындауға бағытталған стиль.
4. Топтағы орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма?
Топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым-қатынас сақталды;
Топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды;
Негізінен рефлексия адамның үш қасиетін: ӛз бетімен білім алуын, шешім
қабылдай білуін, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады. Ӛйткені бұл -ХХІ
ғасырдың талабы. Сонымен қатар кері байланыс арқылы оқушылар ӛз-ӛзіне
есеп беріп, ӛз-ӛзін реттеуге дағдыланады. Оқушылар ойлауға, сӛйлеуге, ӛзін-ӛзі
дамытуға еркін қол жеткізе алады. Кері байланыс жасауға сабақтың белгілі бір
уақытын бӛліп, олардың ой-пікірлерін шыдамдылық танытып тыңдау қажет.
Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы сабақтарда енжар отыратын
оқушының себебін анықтап, олардың белсенділігін арттыруға жол іздеуге
болады. Кері байланыс оқушы үшін-ӛз жетістіктері мен қателіктері туралы
ойлану, алға жылжу үшін ұсынба алу; мұғалім үшін ӛз қызметіне қажетті
ӛзгерістер енгізу мақсатында алынатын ақпарат.
Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жӛн:
керібайланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде
сабырлылық таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру,кері
байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін кӛрсету. Сонымен
бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын
анықтауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келгенде, рефлексия- кӛп қырлы, кіріккен әрекет. Бұл
әрекет оқушының психикалық қызметінің ӛзгеруіне ықпал етсе, ал мұғалімнің
кәсіби әрекетін жоғары шығармашылық деңгейде жүргізуіне кӛмегін тигізеді.
Рефлексия, яғни кері байланыс - нәтижелі білімнің жоғары кӛрсеткіші екенін
бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық сеніммен айта
аламыз. Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымызда рефлексия жасауды дағдыға
айналдырып келеміз. Рефлексия арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп,
оларды жинақылыққа тәрбиелеуге болатынын түсіндік. Сабақтағы оқушының
ой-пікірін, кӛңіл-күйін біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде
меңгергенін анықтауға болады. Сонымен, керібайланыстың тиімділігіне
тоқталар болсақ:
Оқушылар үшін:
1-ден, рефлексия-оқушыны ӛз-ӛзіне есеп беруге баулиды;
2-ден, рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;
3-ден, рефлексия арқылы оқушының ӛзіндік кӛзқарасы қалыптасады;
4-ден, рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады
және рефлексияның нәтижесінде оқушының сыни кӛзқарасы қалыптасады, ӛз-
ӛзіне баға бере алады.
Мұғалімдер үшін тиімді жағы:
1-ден,оқытудағы кемшін тұстарын анықтайды;
2-ден, келесі сабақтың жоспарына ӛзгерістер енгізуге, түзетуге яғни оқытудың
тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға мүмкіндік береді;
3-ден, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндіктер береді.
Кері байланыстан күтілетін нәтижелер:
- мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарады;
- оқушы ӛзінің мықты, осал тұсын анықтайды және алға жылжуға ықпал етеді;
- оқушы тек бағалауды ғана емес, ӛз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға
қызығушылығын арттырады;
- мұғалім мен оқушы кері байланысына қарай ӛз жұмыстарын ұйымдастыруға
бағытталады;
Сондықтан да кері байланыстың тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын
жақсартуға болады деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |