Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет155/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   222
Жинак республ docx

 
Қолданылған әдебеиттер тізімі: 
1. 
Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы 
2. 
Мемлекеттік білім беру стандарты 
3. 
Қадашева Қ. Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері, Алматы, 2000 


4. 
Қазыбаев С. Қазақ тілі методикасы, Алматы, 1990 112-бет 
5. 
Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения Москва, 1987, с. 174 
6. 
Чернявская А.П. Педагогическая техника в работе учителя Москва, 2001 
САРАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
Шымкент қаласы.
№49 жалпы орта білім беретін мектебі 
Қазақ тілі әдебиет пән мҧғалімі 
 Адилова Камшат Оспанкызы 
Қазіргі таңда білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге 
қабілетті, құзыретті, ӛз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен 
қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби 
ӛсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан ӛзгерістерге 
тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды 
шешуге лайық, ӛз қалауы мен қоғам талабына сай ӛзін кӛрсете білуге бейім, ӛз 
ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, 
отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, 
оңтайлы кәсіби маман дайындау. 
Әрбір мемлекет ӛзінің дамуы барысында ең алдымен мемлекеттің тарихына 
ерекше орын береді. Елімізде де тарих ғылымы қоғамдық-саяси ӛмірдің 
алдыңғы қатарына кӛтерілді. Ӛйткені отан тарихы ұлттық сананың іргетасы 
болып табылады. Тарихты ӛткен ӛмір ғана, - деп білу қате пікір. Шынайылықты 
тапқан тарих адамзаттың әлемдегі ӛзіндік орнын белгілеп берсе, ал 
бұрмаланған 
тарих 
адамзаттың 
ӛздігін 
жоғалтып 
жібереді. 
Бүгінгі күні рeспубликамызда білім беру жүйесінің түбегейлі ӛзгeріске 
ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану 
үрдісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру 
үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады.Ең алдымен, білім беру жүйесін 
жаңа бағдарлама бойынша оқытуымыз қажет. Біздің міндетіміз - білім беруді 
экономикалық ӛсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру.
Әр уақытта мелекет басшылары халыққа Жолдауларында оқушылардың 
сыни ойлау қабілеті, ӛ бетінше іздену, креативтілікті, командада жұмыс істей 
білу, ӛмір бойы білім алу дағдыларын дамыту жӛніндегі міндеттерді алға 
қояды. Бұндай дағдылар Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандартында негізгі орта білім берудің басты міндеттерінде кӛзделген. Олар 
ӛздігінен білім алу және тұлғалық ӛзін-ӛзі дамыту, сын тұрғысынан және 
шығармашылық ойлау, қауымда ӛзін-ӛзі іске асыру және ӛзара әрекет жасау 
дағдыларын дамыту болып табылады. Бұл дағдылар ХХІ ғасырда оқушылардың 
ӛзін-ӛзі жүзеге асыра алуы үшін қажетті дағдылар. Әрине, бұл дағдылар барлық 
оқушылар үшін де қажетті. Бірақ оқушылардың барлығы бірдей аталған 
дағдыларға қол жеткізе бермейді. Осы тұста «неге?» деген сұрақ туындайды. 
Себебі, оқушыларды бірдей оқыту әдістемесімен оқыта отыра, бұл дағдыларды 
игерту қиынға соғады. Сондықтан да педагогтердің басты міндеттерінің бірі 
оқушыларға білімді, ақпаратты кӛп беру емес, берген білім мен ақпаратты ӛз 
бетінше тиімді игеруі үшін жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеріп


қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл проблеманы шешуде жоспарлау мен 
оқыту үдерісінде педагогикалық тәсілдердің бірі саралап оқытуды қолдану 
тиімді жолдардың бірі болып табылады. 
Оқытудағы «Саралау тәсілі» ұғымының негізін салушыларды Карл 
Роджерс, Абрахам Маслоу т.б гуманистік психология ӛкілдері деп есептелінеді. 
Гуманистік тәрбие үшін басты құндылық - барша жақсы, жаман тараптарымен, 
артықшылығы және олқылықтарымен,тұлғалық ерекшеліктерімен танылған 
оқушының ӛзі.Гуманист педагог ӛзінің тәрбиелік істерін баланың жеке 
қызығушылықтарын ескере отырып атқарады. Әлемдік педагогика оқуды 
саралау туралы ХХ ғасырдың 20-шы жылдары ойлана бастаған. Бұл кезеңде 
кеңестік және шетелдік педагогикада оқуды жеке даралау және саралау 
саласында белсенді жұмыстар жүргізген.
Ӛткен ғасырдың басында оқыту үдерісіндегі саралау, даралау әдістерін 
іздеу АҚШ-да кең етек алған. Кеңес, Батыс Еуропа және Америкада білім 
саласындағы жеке даралау, саралау бағытындағы зерттеулер бір уақытта 
басталғанымен, қазіргі таңда батыстық педагогиканың бұл бағытта үлкен 
практикалық және теориялық тәжірибесі басым. С.Бабаев «Бастауыш сынып 
педагогикасы» атты оқу құралында: Даралық бағыт әр оқушының танымдық 
күштерін, белсенділігін бейімділігін және дарынын дамытуға аса қолайлы 
мүмкіндіктер түзуге жәрдем береді. Мұндай тәрбиелік бағыт «қиын» шәкірттер, 
қабілеті тӛмен оқушылар үшін қажет - деп кӛрсеткен. Саралап оқыту - бұл білім 
алуға бағытталған әрекет. Ол ӛз бетінше, әр мұғалімнің жетекшілігімен 
жүргізіледі. Біз қарастырып отырған саралап оқытудың теориялық негізін 
Л.Выготский, А.Леонтьев, Б.Ананьев, С.Рубинштейн т.б ғалымдар жасаған. Ал, 
бастауыш мектеп кезеңіндегі саралауға байланысты мұғалім әрекеттерін 
В.Давыдов, Л.Занков, Ш.Амонашвили т.б зерттеулерінде қарастырылған. 
Кеңестік кезеңде білім беру саласын әр баланың дамуына қарай реттеу 
Л.В.Занков (1963 ж.) жетекшілігімен қабылданған болатын. Бұл ғылыми 
мектепте оқуды саралаудың және баламен жекелей жұмыс жасау тәсілінің 
басты ӛлшемі оқу материалын игеру деңгейінің жетістігі. Бірақ бұл балалардың 
бір ғана ерекшелігінің ӛлшемін қамтиды және бастауыш мектеп оқушысының 
қажеттілігін қамтиды. Ал, орта және жоғары сынып оқушылары мен 
мұғалімдері үшін бұл жеткіліксіз болды . Қазақ зиялы қауым ӛкілдерінің 
педагогика саласындағы еңбектерінен және әр түрлі ой-пікірлерінен баланың 
ерекшеліктері, оның қажеттіліктері туралы тұжырымдарын кӛруге болады. 
Мысалы, Мағжан Жұмабаевтің «Педагогика» атты еңбегінде: «Баланың 
әсерленуі, суреттеу, ойлау һәм сезінуі ержеткен адамнан әжептәуір басқа. 
Баланың бҧл жан кӛріністерінің әрқайсысының жеке-жеке алғанда басқалығы 
болған сықылды, бҧлардың бәрін тұтас алғанда да басқалық бар» - делінген. 
Демек, ӛткен ғасырдың басындағы қазақ мектептерінің мұғалімдеріне баланың 
ерекшелігі туралы бағыт бергені деп түсінуге болады. Сондай-ақ, осы еңбекте 
Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың: «Сӛзді әрбір адамның ақылына қарай сӛйле», - 
депті. Сол айтқандай, балаға тәрбиені ӛзінің шамасына, жаратылысына қарай 
беру керек» - деп тұжырымдайды. Дәл осы орайда Ахмет Байтұрсыновта: «Бала 


білімді тәжірибе арқылы ӛздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның біліміне 
шеберлігінің керек орны, ӛздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолын 
қысқарту үшін, сол жолдан балалар қиналмай ӛту үшін, балаға жұмысты әліне 
шағындап беруі мен бетін белгілеген мақсатқа түзеп отыру керек» - деп пікір 
білдірген. «Оқуды саралау» деген ұғымның ӛзі қазақ даласында болмағанымен, 
қазақ ғалымдарының еңбектерінен теориялық және тәжірибелік негіздерінің 
болғанын, сол кезеңнің ӛзінде әлемдік педагогикадағы жаңалықтарды зерделей 
отыра, қазақы қырынан ұсынуға тырысқанын кӛруге болады. Саралаудың 
педагогикалық және психологиялық тұрғыдағы теориялық негіздерін ескерсек 
оқуды саралау қазіргі таңдағы білім беру саласындағы ӛзекті мәселелердің 
біріне айналып отыр. Ӛзекті дейтін себебіміз әр баланың ӛзіндік даму 
ерекшелігі бар. Сондықтан да біз қазіргі таңда барлық баланы бірдей әдіспен 
оқыта алмаймыз. Әр баланың ерекшелігін ескере отыра, оның қажеттілігін 
қанағаттандыратындай 
әдістемемен 
оқыту 
қажет. 
Бұл 
әдістемелік 
нұсқаулықтың мақсаты педагог қызметкерлердің сабақты жоспарлау үшін 
саралаудың педагогикалық негіздерін білу мен түсіну және оқыту үдерісінде 
оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін саралау тәсілдерін 
қолдану дағдыларын дамыту болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет