Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Білім берудегі менеджмент - Менеджмент в образовании 2007-№2.
2.Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы
оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А: Қазақ тілі, №4, 2007.16 б.
3.Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. Алматы: Мектеп,
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚАЖЕТТІЛІГІН
ҦЙЫМДАСТЫРУДА САБАҚ ҤРДІСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-
ТӘСІЛДЕР
Курманбекова Акмарал Сарсенбековна
№88 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі
Шымкент қаласы
Еліміздің жарқын болашаққа ұмтылуында әр қазақстандықтың ӛз үлесі
бар. Сол жарқынды жақындату үшін әрбіріміз ӛзімізше еңбек етудеміз. Бұл
жолда болашақтың қожайындары-мектеп оқушыларын-балаларды тәрбиелеп,
білім нәрімен нұрландырып жүрген ұстаздар қауымының арқалар жүгі орасан.
Күннен-күнге жаңарып, дамып келе жатқан жаһандану дәуірінде заман ағысына
ілесіп, озық елдердің озат тәжірибесіндегі тың дүниемен теңесетіндей
жаңалықтар ашатын; кӛзі қарақты, кӛкірегі ояу, жан-жақты тұлға тәрбиелеу
жауапкершілігі мұғалімнің мойнында.
Сондықтан, бүгінгі пән мұғалімі негізінде «Қысқа мерзімді жоспар құрған
кезде мұғалімге тӛмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады: –
сабақты ұйымдастыру кезінде оқу бағдарламасында және оқу жоспарында
кӛрсетілген мақсаттарды басшылыққа алу қажет;
– орта мерзімді жоспарда ұсынылған барлық іс-әрекеттерді ұйымдастыру
ұсынылады;
– мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай
толықтырылып отырады.
Жаңа форматты сабақ балаларды оқыту процесіне белсенді тартуды,
олардың талқылауларға қатысуын, ӛткен материалды талдау және қорытуын,
зерттеу жүргізуін, бағалау пікірлерін айту, ӛзін-ӛзі бағалау және т. б. кӛздейді.
Сабақтың міндетті элементі ретінде оқушыны қолдауға бағытталған
мұғалімнің әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс.
Қысқа мерзімді жоспарлау кезінде мұғалім міндетті түрде мыналарды анықтап,
әзірлеуі қажет:
– тілдік оқу мақсаттары;
– терминдермен жұмыс және т.б.;
– саралау.
білім алушыларға қолдау кӛрсету қалай жоспарланады? Қабілетті білім
алушылардың алдына қандай міндеттер қою жоспарлануда? Білім
алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады?
– метапәндік байланыстар;
–денсаулығы мен қауіпсіздігін, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының
құндылықтарымен және АКТ-мен байланысын қамтамасыз ету.
Мұғалім тек білім кӛзі ретінде ғана емес, білім алушылардың ӛздерінің оқу-
танымдық әрекеттерінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі
тиіс» (2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім
беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы:
Әдістемелік нұсқау хат. - Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2021, 211 б.).
Байқап отырғандарыңыздай, мұнда тілдік мақсаттар, сабақ мақсаттарын
саралау, пәнаралық байланыстар, денсаулық пен қауіпсіздік, құндылықтар,
АКТ құзіреттілігін дамыту сабақ жоспарының міндетті компоненті ретінде
ұсынылады. Бұл мынаны білдіреді: «оқу бағдарламаларының тек пәндік білім
мен білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына
бағыттылғаны оның ерекше ӛзгешелігі болып табылады.
Әрбір мұғалімнің алдына қойған мақсаты - оқушыларға ұлттық педагогикалық
тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, ӛмірмен байланысты ұйымдастыру
оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды
ойлануға, ӛздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап
баяндай білуге, мәдениетті сӛйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет - ғұрыпты
бойына сіңіруге дағдыландыру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Бұл ретте
ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс пен ӛмір тәжірибесі сынынан
ӛткен салт - дәстүріміз педагогикалық әдіс - тәсіл ретінде пайдаланылады.
Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп
тәжірибесіне енгізілуде. Жан - жақты ізденістің нәтижесінде білім беру
саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да ӛсіп
келеді. Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік
арқылы мұғалімнің ӛз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік
береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса
жаңашылдыққа жақын болғаны. Ӛзгелердің үлгісін ӛз ісінде пайдалана білсе,
оған ӛзіндік қолтаңбасын қосып отырса - оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі
жетістігі сол болмақ. Мұғалімдер пайдаланатын оқыту әдісі (яғни,
педагогикалық әдістемелер) оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын
қамтамасыз ету үшін маңызды.
Білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін жүргізілген
155 педагогикалық зерттеу аясында 9000-нан аса метаталдау әдісін пайдаланды.
Мұғалімдер пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді.
Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын ӛзгерту
білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктерін
және нәтижелілігін тӛмендетеді. Білім беру бағдарламасының, оқыту
тәсілдерінің және бағалауды тиімді жүргізу қажет.
Сонымен қатар, оқушыларға диалогке және бірлескен оқуға қатысуға
мүмкіндік беру керек. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден сабақ үдерісінде
тиімді қолданылатын 50 - ден астам оқыту технологиялары қолданысқа
енгізілгені белгілі болып отыр.
Бұл әдіс-тәсілдерді сабақ барысында тиімді қолдану - оқушылардың
құзіреттілігін арттыруға тигізер кӛмегі мол болды. Бұл технологияның
тиімділігі - оқушы алған білімін тереңінен жинақтап түсініп, білімін жаңғырта
отырып, ӛткен материалдарды есінде сақтап қалады. Оқушылар ӛткен
материалдарды үнемі қайталап жаңғыртып отырады және теориялық алған
білімдерін түрлі ойын түрлері арқылы тәжірибеде қолданады. Ең бастысы
сауаттылықтары, фонетикалық, лексикалық, морфологиялық және синтаксистік
талдауларды игерді.
Білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін
сӛйлеуіне, ӛз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-ӛрісін кеңейту -
оқытудың ең басты мақсаты. Әрбір оқушыны ӛз мүмкіндігіне қарай білім,
дағды алатындай етіп оқытуымыз дұрыс.
Жеке тұлғаның танымдық үрдістерін дамытуда, сондай-ақ, білім, білік,
дағдыны, жалпы дүниетанымын қалыптастыруда оқыту әдістерін, жаңа оқыту
технологияларын оқыту үрдісінде тиімді пайдалана білу мұғалім шеберлігіне
байланысты. Қазіргі заман талабына сай қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту да
жаңа тақырыптарды оқушылардың ӛздеріне меңгере алатындай билік беру,
ізгілендіру, түрлендіру, тұлғаға бағытталған білім беру ұстанымдары арқылы
жүзеге асырылады. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол
жеткізген танымал әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық
оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.
Мен үшін әрбір сабаққа жаңалықтарды, озық тәжірибелерді пайдалану
үлкен жетістіктерге жетелейді. Әрбір сабақта озық технологияларды пайдалану
жақсы нәтижелер беретініне сенімдімін. Кез келген сабақты тақырып бойынша
жаңалықтармен таныстыру арқылы бастау дәстүрге айналуы керек.
Қызығушылықты арттыру арқылы сабақты бастау сол сабақтың аяғына дейін
қызық ӛтуіне себеп.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы барысында мұғалімдер әртүрлі
жастағы және қабілеттеріне қарай саралау тапсырмалары мен әдіс-тәсілдерді
анықтап, сондай-ақ ол әдіс-тәсілдердің оқушылардың танымдық дағдысын
дамытуға ықпалын бағамдауға мүмкіндік алады. Оларға жылдам сӛйлеуді
үйрену үшін тілді қолдану арқылы қалай қарым-қатынас жасау керектігіне
қатысты коммуникативтік әдістер туралы білу керек болады. Осылайша
оқушыларды талқылауға тарту арқылы олардың тілді меңгеру деңгейі
жақсарады.
Коммуникативтік әдіс арқылы тілді үйрету әдіснамасының қағидаларын
ұстанатын мұғалімдер:
• дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас тілді меңгерудің негізі деп санайды;
• оқушыларға тәжірибе жүргізіп, ӛздерінің білімдерін тексеруге мүмкіндік
береді;
• оқушылардың қателіктерінің маңызды екендігін түсінеді, себебі олар
оқушыға ӛзінің ауызекі сӛйлеу және қарым-қатынас жасау құзыреттілігін
қалыптастыруға кӛмектеседі;
• оқушыларға тез сӛйлеу және сауатты, анық сӛйлеу дағдыларын дамытуға
мүмкіндік береді;
• айтылым, оқылым, тыңдалым сияқты әртүрлі дағдыларды байланыстырады;
оқушылар грамматикалық ережелерді құр жаттап қана қоймай,
қисынды жерде оларды қолданады деп сенеді.
Қазақ тілі пәнін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана
отырып, деңгейлеп оқыту технологиясына ерекше кӛңіл бӛлу қажет. Ӛйткені,
бұл технология баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған. Ғалымдар
Л.Выготский, В.Давыдов, Д.Эльконин т.б. осыны түбегейлі зерттеп, оқыту мен
даму арасындағы тығыз байланысты анықтаған.
Сабақ барысында қандай оқушы болмасын І-деңгей тапсырмасын орындайды.
Әрбір оқушы І-деңгейлі тапсырманы орындауға міндетті және одан жоғары
деңгейдің тапсырмаларын орындауға құқылы.
Деңгейлеп - саралап оқытудың тағы басты қажеттілігі, оқушыны ӛз бетімен
ізденуге үйрету, олардың шығармашылық бейімділіктері мен икемділіктерін
дамыту.
Жеке тұлғаның қалыптасып, ой - ӛрісінің дамуы, белсенділігі, білім алу
қажеттілігі, оны ӛмірде іс – тәжірибеде қолдануы, шығармашылық міндеттерді
ойдағыдай шешудің негізгі құралының бірі – оқушылардың ӛзіндік жұмысы
болып табылады.
Деңгейлеп – саралап оқытудың және бір бағыты – тәрбиелік. «Адамға ең
бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың
қас жауы», деп Әбу – Насыр әл – Фараби айтқан.
Бұл технология қазіргі қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы тиімді әдіс
болып саналады. Оқу мақсатында негізделген сабақ мақсатын орындау
жолында тілдік материалдарды модульдік жолмен ұсыну уақытты да
үнемдейді, әрі білім алушылардың ойын түрінде, әдіс-тәсілмен жұмыс істеу
дағдысын жетілдіреді. Олар түрлі тараулар мен тақырыптар бойынша
дайындалған тірек кестелерімен, мәтінмен, басқа да ізденімпаздық,
шығармашылық бағытта орындалатын жұмыс түрлерімен ӛздерінің іскерлік
дағдыларын қалыптастыра алады.
Осы орайда қазіргі қазақ тілі, тіл біліміне кіріспе пәндері бойынша
шығармашылық жұмыс түрлерін кӛбірек ұсыну, ойын түрлерін беру, оны сыни
тұрғыдан түрлі пікірлермен оқушылардың талқылауы ӛз нәтижесін беріп
келеді.
Әсіресе, оқу сабақтарында модульдік оқыту технологиялары бойынша
ұйымдастырылған ойын түрлерін сӛйлесу бӛлімінде шебер ұйымдастыра білу
оқушыларды сыни ойлауға, ӛзіндік пікірін айтуға, шығармашылыққа,
ізденімпаздыққа жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |