Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ


НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН САБАҚ: ЖОСПАРЛАУ МЕН САРАЛАУ



Pdf көрінісі
бет202/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   222
Жинак республ docx

НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН САБАҚ: ЖОСПАРЛАУ МЕН САРАЛАУ 
ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ 
 
Натбаева Айзада Амзеевна 
№28 жалпы орта білім беретін мектептің 
 қазақ тілі мен әдебиеті мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
Қазіргі қоғам бұрынғы қоғаммен салыстырғанда арасы жер мен кӛктей 
айырмашылыққа ие деп айтуға болар. Қоғамдағы үдеріс барлық саланы қамтып 
жатқаны белгілі соның ішінде білім саласына да тың серпіліс пен ӛзгеріс алып 
келгенін білеміз. 2016 жылдан бері қолданылып келе жатқан жаңартылған 
бағдарлама бұл біздің білім саласындағы кӛптен бергі күткен жаңашылдыққа 
ұмытылу жолындағы алғашқы қадамымыз деп айтсақ та болар. Қазақ тілінің 
ағартушылары А.Байтұрсынов пен Ы.Алтынсарин салып кеткен дара жолды осы 
күнде негізін бұзбай бірақ содан тамыр ала отырып келер ұрпаққа саналы түрде 
жеткізуіміз шарт. 
XIX ғасырда қазақ қоғамында жаппай сауаттандыру саясаты жүрді десек
XXI ғасыр сол білімді ары қарай арттыру мен биік шыңға кӛтеру ғасыры болып 
қалмақ. Бұл ғасыр біздің Қазақстан үшін ғана жаңару ғасыры емес дүниежүзі 


елдері бойынша ӛз жүйесіне, ӛз тарихтарына ӛзгеріс енгізіп жатқан заман. Себебі 
әлем Тӛртінші ӛнеркәсіптік революция дәуіріне яғни технологиялық, 
экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды ӛзгерістер 
кезеңіне қадам басты. Ал қазіргі білім саласындағы ӛзекті мәселенің бірі бұл 
балаға білім бере отырып нәтижеге оңай қол жеткізу болып отыр. Бұл әрине 
нәтижеге бағытталу. Бізден бұрынғы ағартушыларымыздың еңбектерінде де 
кеңінен айтылған. Лекция ретінде алған білімді практика жүзінде жүзеге асыру 
бұл бізден бұрынғы ғалымдардың еңбектерінде кӛп кездеседі. Қазақ тіл білімінің 
грамматикасын зерттеуші ғалымдардың бірі С.Исаевтың « Қазақ тіл білімінің 
анталогиясы» атты еңбегінде де білім бере отырып тың нәтижеге жетелейтінін 
байқауға болады. Сонымен бірге саралап оқыту - бұл білім алуға бағытталған 
әрекет. Ол ӛз бетінше, әр мұғалімнің жетекшілігімен жүргізіледі. Біз қарастырып 
отырған саралап оқытудың теориялық негізін Л.Выготский, А.Леонтьев, 
Б.Ананьев, С.Рубинштейн т.б ғалымдар жасаған. Ал, бастауыш мектеп кезеңіндегі 
саралауға байланысты мұғалім әрекеттерін В.Давыдов, Л.Занков, Ш.Амонашвили 
т.б зерттеулерінде қарастырылған. Ал біздің бүгінгі жаңартылған білімнің де 
айтары сол балаға білім беру үдерісі бұл қиын процесс арқылы жүзеге аспауы 
қажет. Бала мектепте алған білімін ӛмірде де барынша ӛз пайдасына асыра білу 
қажет. Мектеп бағдарламасындағы кез келген пәнді оқыту барысында да осы 
нәрсе мұғалімнің назарында болуы шарт.
Жаңартылған білім мазмұнынының тағы бір жақсы жағы енжар баланы 
ілгері дамытуға бағыттау. Міне бұл дегеніңіз нәтижеге жол ашу. Бала ӛз 
қателігін қателік деп қарамай ол да осы қоғамның бір мүшесі, жеке тұлға 
екендігін сезініп ӛсу. Бұл деген баланың бойына сенімділік қабілетінің 
ұялауына зор мүмкіндік беретіні сӛзсіз. Ал баланың білімін саралау үшін түрлі 
әдіс-тәсілдерді қолдануыңызға болады. Әрине білім жайдан-жай беріле бермеу 
керек ол кӛрсеткіш, нәтиже бере алуы шарт. Ол үшін бала білімі сарлануы 
қажет. Білімді саралаудың бірнеше бағыттарын қарастыруға болады. Сабақ 
соңында жасалау керек сараптамаларды қарастырсақ: 
 
Кері байланыс алу; 
 
Кесте, диаграмма, шартты белгілер арқылы; 
 
Тӛрт сӛйлем , ақпаратты теру, қос жазба ; 
 
Баланың ӛз ойын айтуға мүмкіндік жасау; 
 
Мақсатқа жетпеген жағдайда да ӛзін еркін сезіне отырып түсінкті қайта 
сіңіру; 
Міне әр мұғалім ӛз сабағында дәл осындай саралау жұмысын жасап отырса 
сол күнгі сабақ ӛз нәтижесін береді. Осындай тәсілге үйренген бала да сабақ 
бойында ширақ қимылдап , білім алу жолында күресері анық. Білім 
саласындағы тағы да бір жаңалық бұл баға емес бала ӛз білімі үшін 10 баллдық 
жүйемен бағалану. Бұл бағалау түрі қазіргі балалар мен ата –аналарға жақсы 


кӛрсеткіш әкеле білгенін айта кетуге болады. Бала бір сабақта ӛзіне тиісті ұпай 
алу үшін сабақ барысындағы мақсат пен критерийге негізделген дескриптор 
арқылы ӛз ұпайын шынайы ала алатын болды деуге болады. Осы күнде білім 
саласында нақтылық пайда болды. Бала ӛз кемшілігін түсініп шынайылық пен 
таза білім алуға ұмытылатын жағдайға жетті десек болады. Нәтижеге 
бағытталған сабақтың ең негізгі ұстанымдары тӛмендегідей болмақ. 

Сабақ мақсаты, оқу мақсаты; 

Дағды мен деңгейлік үйлесімділік; 

Бағалау критерийлері, дескриптор; 

10 баллдық жүйемен бағалау;
Жоғарыдағы айтылған ұстанымдарды оқушыға пән мұғалімі меңгертер болса 
сабақтағы жоспарлау мен саралау тапсырмалары жүйелі болмақ. 
Қорытындылай келе балаға сіздің қойған бағаңыз емес сіздің сабақтан ала 
білген білімі қажеттірек болмақ. Бала біздің болашағымыз олай болса сіз сол 
болашақтың алтын діңгегін осы сәттен бастап қалап жатқан абзал жансыз. 
Баланың бойындағы таланты мен кӛшбасшылық қабілетін ашу сіздің 
алдыңыздағы мызғымас паразыңыз себебі сіз ұстазсыз. «Ұстазы жақсының 
ұстамы жақсы» дегенді ұмытпағаныңыз абзал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет