Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет204/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   222
Жинак республ docx

Пайдаланған әдебиеттер: 
1. 
Садуова Ж.Н. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ 
мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру – Алматы, 2002 
2. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы – 2012ж 
3. 
Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық – Алматы, 2007ж-200б 
4. 
Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту 
құралы ретінде – Алматы,2002ж 
 
 
ОҚУШЫЛАРҒА ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ- 


ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫН ДАМЫТУ
№ 42 Хамза атындағы жалпы орта мектебі 
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мҧғалімі 
Шанаева Гҥлшахар Курмашовна 

Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі
ақылыңызды, одан соң қолыңызды 
жұмылдырыңыз,
егер де ақылыңыз дұрыстаса, кӛзіңіз кӛріп, жӛнін
тауып мақұл кӛрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік
беріңіз. 
Ыбырай Алтынсарин 
Заманауи педагогикалық технологиялар туралы сӛз қозғалғанда ең 
алдымен «технология» деген не ? -деген ой келеді.Технология – бұл қандай да 
бір істе, шеберлікте, ӛнерде қолданылатын тәсілдер жиынтығы . Бұл 
педагогтың қызметіне қатысты барлық іс-әрекеттер белгілі реттілікпен және 
тұтастылықпен ұсынылатын құрылымы, ал оны орындау қажетті нәтижеге 
жетуді тұспалдайды және болжамды сипатқа ие. Сондықтан әр педагогта
әдістемелер, тәжірбиелер, нәтижелер туралы толық түсінік қалыптасуы 
қажет.Жүздеген білім беру технологиялары бар. Жаңа психологиялық-
педагогикалық технологиялардың пайда болу себептері әр түрлі болады.
Мысалы:білім 
алушылардың психофизиологиялық және тұлғалық 
ерекшеліктерін тереңнен ескеру және қолдану қажеттілігі, білім берудің 
тиімділігі тӛмен вербалды (ауызекі) тәсілін жүйелі-қызметтік тәсілге алмастыру 
қажеттілігін түсінуі, оқу үдерісін, оқудың кепілдемелі нәтижелерін қамтамасыз 
етуші оқытушы мен оқушының әрекеттестігінің ұйымдастырушылық 
нысандарын жобалау мүмкіндігі сияқты. Жеке оқудың болмауы Қазіргі кезде 
оқу үдерісіндегі репродуктивті қызметтің (жадыда сақталғандарды еске түсіру) 
үлесін азайтудың есебінен баланың тұлғалық дамуын қамтамасыз етуші 
заманауи білім беру технологияларын қолдануды білім сапасын арттырудың, 
оқушылардың жүктемесін азайтудың, оқу уақытын барынша тиімді 
пайдаланудың негізгі шарты ретінде қарастыруға болады. Заманауи білім беру 
технологияларының қатарын тізбектейтін болсақ 

мәселелі оқытуды;

әртүрлі деңгейлік оқытуды; 

оқытудың ұжымдық жүйесін;

ӛнертапқыштық тапсырмаларды меңгеру технологиясын (ӚТМТ);

оқытудың зерттеушілік әдістерін;

оқытудың жобалық әдістерін;

оқытуда ойын әдістерін: рӛлдік, іскерлік және ӛзге де оқыту ойындарын 
қолдану технологиясын; 

ынтымақтастықта оқытуды (командалық, топтық 
жұмыс);

ақпараттық-коммуникативтік технологияларды; 

денсаулық сақтау технологияларын және тағы басқа ұйымдастырудың, 
қолданудың тәсілдерін жатқызуға болады.


Сабақты ұйымдастыру барысында шебер мұғалім әр оқушы үшін сәттілік 
жағдайын жасауға ұмтылады. Тұлғалық бағдарланған оқыту технологиялары 
әртүрлі деңгейлік оқыту технологиясы материалды меңгеруге берілетін уақыт 
шектелмеген жағдайлардағы оқушылардың қабілеттіліктері зерттелді және 
мынадай санаттары бӛліп кӛрсетілді: 

қабілеті аз, олар оқу уақытының кӛп бӛлігін жұмсаған жағдайда білім мен 
машықтардың алдын ала белгіленген деңгейіне жетуге қабілетсіз;

дарынды (шамамен 5 %), олар қалғандарының шамасы келмейтін дүниені 
орындай алады; 

білім мен машықтарды меңгеруге деген қабілеттіліктері оқу уақытын 
жұмсауға байланысты оқушылардың шамамен 90 %. Ұжымдық ӛзара оқу 
технологиясы Осы технология бойынша жұмыс барысында жұптардың үш түрі 
қолданылады: статистикалық, динамикалық және вариациялық; 

Статистикалық жұп. Мұнда қалауы бойынша екі оқушы біріктіріледі, олар 
рӛлдермен алмасады: «мұғалім» мен «оқушы». Осылай ӛзара психологиялық 
үйлесімділік жағдайында екі әлсіз, екі мықты, мықты және әлсіз оқушы 
жаттыға алады; 

Динамикалық жұп. Тӛрт оқушы таңдалады және оларға тӛрт бӛліктен тұратын 
тапсырма беріледі; оқушы тапсырманың ӛзіне берілген бӛлігін орындағаннан 
және ӛзіндік бақылаудан кейін тапсырманы үш рет талқылайды, яғни әрбір 
әріптесімен, әр кезде оның баяндау логикасын, екпінін, қарқынын және т. б. 
ауыстыру керек, яғни жолдастарының жеке ерекшеліктеріне бейімделу тетігін 
іске қосу керек. 

Вариациялық жұп. Мұнда топтың тӛрт мүшесінің әрқайсысы ӛз тапсырмасын 
алады, оны орындайды, мұғаліммен бірге талдайды, қалған үш жолдастарымен 
сызба бойынша ӛзара оқытуды жүргізеді, нәтижесінде әрқайсысы оқу 
мазмұнының тӛрт үлесін меңгереді. Ұжымдық ӛзара оқыту технологиясының 
басымдықтары:

үнемі қайталанып отыратын жаттығулардың нәтижесінде логикалық ойлау 
және түсіну дағдылары жетіледі; 

ӛзара араласу барысында жадысы іске қосылады, алдыңғы тәжірибе мен 
білімді жұмылдыру мен ӛзектендіру жүреді;

әрбір оқушы ӛзін емін-еркін сезінеді, жеке қарқында жұмыс істейді;

тек ӛзінің жетістіктері үшін ғана емес, сонымен бірге ұжымдық еңбектің 
нәтижелері үшін жауаптылығы артады; 

сабақ қарқынын ұстап тұру қажеттілігі жойылады, бұл ұжымдағы шағын 
ортаға оң әсерін тигізеді;

тұлғаның адекватты ӛзіндік бағасы, ӛз мүмкіндіктері мен қабілеттіліктерін, 
артықшылықтары мен шектеулерін бағалауы қалыптасады. Бір ақпаратты 
бірнеше ауыспалы әріптестермен талқылау ассоциациялық байланыстар санын 
арттырады, сәйкесінше, барынша мықты меңгеруді қамтамасыз етеді. 
Ынтымақтастық 
технологиясы 
Шағын 
топтарда 
оқуды 
білдіреді. 
Ынтымақтастықта оқудың басты идеясы – бір-бірін кӛмектесіп қана қоймай, 
бірге оқу, ӛзінің жетістіктері мен жолдастарының жетістіктерін ұғыну. 
Ынтымақтастықта оқуды ұйымдастырудың бірнеше нұсқасы бар. Шағын 


топтардың жұмысын ұйымдастырудың барлық нұсқасына тән негізгі идеялар – 
мақсаттар мен міндеттердің ортақтығы, жеке жауаптылық және жетістіктің тең 
мүмкіндіктері.
Мұғалім қойған сұрақтың жауабын табу үшін оқушы мәселені ӛзі кӛтереді 
және ӛзі шешеді (зерттеушілік әдіс). Мәселелі оқытуда зерттеушілік әдіс басты 
орын алады, мұнда оқу жұмысы оқушылар білім алудың ғылыми әдістерімен 
танысатын, ғылыми әдістер элементтерін меңгеретін, жаңа білімді ӛз бетімен 
алу машықтарын игеретін, ізденуді жоспарлайтын және ӛзі үшін жаңа 
тәуелділікті немесе заңдылықты ашатын деңгейде ұйымдастырылады. Мұндай 
оқу үдерісінде оқушылар логикалық, ғылыми, диалектикалық, шығармашылық 
тұрғыдан ойлануға машықтанады; олар алған білім дәлелдерге айналады; олар 
тереңнен қанағаттанушылық, ӛзінің мүмкіндіктері мен күштеріне деген сенім 
сезімін басынан ӛткереді; ӛз бетімен алған барынша мықты. Алайда, мәселелі 
оқыту үнемі оқушыға қиындық тудыратын дүниелермен тығыз байланысты, 
ойлану мен шешу жолдарын іздеуге дәстүрлі оқытумен салыстырғанда 
барынша кӛп уақыт кетеді. Педагогтар жоғары педагогикалық шеберлік талап 
етіледі. Дамыта оқыту Дамыта оқыту әдістемесі – бұл оқу қызметінің түбегейлі 
басқаша құрылымы, оның атүсті дайындау мен жаттауға негізделген 
репродуктивтік оқытумен ортақ ештеңесі жоқ. Оның тұжырымдамасының мәні 
баланың дамуы мұғалім үшін де, оқушының ӛзі үшін де басты міндетке 
айналатын жағдайларды жасаудан тұрады. 
Дамыта оқытуды ұйымдастыру тәсілі, мазмұны, әдісі мен нысандары 
баланы жан-жақты дамытуға бағдарланған. Мұндай оқыту барысында балалар 
жаңа білімді, машықтар мен дағдыларды меңгеріп қана қоймайды, сондай-ақ ең 
алдымен оларға ӛз бетімен жету тәсілдерін игереді, олардың қызметке деген 
шығармашылық кӛзқарасы қалыптасады, ойлауы, қиялы, зейіні, жадысы, ерік-
жігері дамиды. Дамыта оқытудың ӛзекті идеясы – ойлауды ілгерінді дамыту, 
бұл баланың ӛзінің шығармашылық әлеуетін ӛз бетімен қолдануға дайындығын 
қамтамасыз етеді. Дамыта оқытудың ӛзіндік ерекшелігі – дәстүрлі мектеп 
бағаларының болмауы. Мұғалім балалардың еңбегін жекелеген эталондар 
бойынша бағалайды, бұл олардың әрқайсысы үшін сәттілік жағдайын 
қалыптастырады. Жеткен нәтижені мазмұнды ӛзіндік бағалау енгізіледі, ол 
мұғалімнен алынған нақты ӛлшемшарттардың кӛмегімен жүргізіледі. 
Оқушының ӛзін ӛзі бағалауы мұғалімнің бағасынан бұрын беріледі, қатты 
айырмашылық болса ол сәйкестендіріледі.
Оқушы ӛзін ӛзі бағалау әдістемесін меңгеріп, ӛзінің оқу іс-әрекеттерінің 
нәтижесінің соңғы мақсатқа сәйкес келетіндігін ӛзі айқындайды. Кейде тексеру 
жұмыстарына әдейі сабақта ӛтпеген материал немесе балаға бейтаныс 
тәсілдермен шешілетін тапсырмалар енгізіледі. Бұл қалыптасқан оқу 
машықтарын бағалауға, балалардың бағалау қабілеттілігін, олардың нені 
білетін-білмейтіндігін айқындауға, олардың зияткерлік қабілеттіліктерінің 
дамуын қадағалауға мүмкіндік береді. Оқу қызметі бастапқыдан-ақ ұжымдық 
ойлану, пікірсайыстар мен мәселені шешу нұсқаларын бірлесе іздеу ортасында 
ұйымдастырылады. Оқудың негізін мұғалім мен оқушы арасындағы, сондай-ақ 
ӛзара диалогтық қатынас құрайды. 


«Мұғалім–оқушы» жұбындағы жұмыс оқу үдерісі тараптарының ӛзара 
әрекеттестігі тәсілдері бойынша ұсынымдар тиімді қалыптасса, мұғалімнің 
айтқан ойын оқушы тез түсінеді, тиімді орындайды. Бiлiм беру жүйесi 
қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай 
– ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы 
шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың 
болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. 
Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол 
бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк 
қатынастарды қалыптастырады. 
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр 
мұғалім, ӛз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гӛрі, жаңа талапқа 
сай инновациялық технологияларды ӛз сабақтарында күнделікті пайдаланса, 
сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сӛзсіз. Бұл жӛнінде 
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру 
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, 
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық 
желілерге шығу» деп атап кӛрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру 
жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. 
Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - 
тәжірибесі зерттеліп, мектеп ӛміріне енуде. 
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман , оқушы, 
азамат дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз 
мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, 
тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз- атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, 
арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол ӛз кәсібін, ӛз пәнін , барлық 
шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Ӛзгермелі қоғамдағы жаңа формация 
мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты ӛзін-ӛзі 
жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға 
құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, 
дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге 
қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, 
әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа 
формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, ӛзін-ӛзі жүзеге асыруға талпынған 
әдіснамалық, 
зерттеушілік, 
дидактикалық 

әдістемелік, 
әлеуметтік 
тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің 
жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, 
белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен 
басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды 
және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың 
кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындап отыр. 
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты 
білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде ӛзіндік іс- әрекетке енуге және 
жеке ӛміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. 
Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. 


Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы 
барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде 
кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде 
проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті 
жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның 
осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды 
қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену 
және ӛзін-ӛзі жасау талабын қалыптастыра алады. 
Психологтар да, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби 
шығармашылықпен ӛзін-ӛзі дамытуы ӛмірінің әр кезеңінде әр қалай деп 
кӛрсетеді.Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг, К.Ушинский А.Макаренко, 
В.Сухомлинский, т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы, адамның жан 
дүниесі, рухани әлеміне бойлай алу ӛнері дей отырып, педагогикалық 
шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда 
педагогикалық шеберлік - кәсіби әрекетті жоғары деңгейге кӛтеретін 
мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені 
терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге кӛтерілуінің 
тӛмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған. Ұлы педагогтердің 
ойларын тұжырымдай келе заман талабына сай мұғалімнің ең бірінші кезекте 
«ӛзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде ӛз үлесін 
қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы ӛзгелердің тәжірибесін толық 
кӛшірмей, жаңа ортаға икемдеп, ӛзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы 
айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек сол кезде ғана мақсатына жетеді. 
Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – 
оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-
мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді 
басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму 
заңдылықтарын, компьютерлік оқыту ӛнерін терең меңгерген жан- жақты 
дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді. 
Ал, білім беруде оқушының шығармашылығы мен дарындылығының 
дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, 
педагогикалық шеберлік пен ӛзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға 
қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік 
мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, 
отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін 
кәсіби маман педагогті айтамыз. 
Қазақ мектебінің бүгінгі жайы мен ертеңі, Заманауи білім беру: 
әдістемелер, тәжірбиелер, нәтижелер оқушылардың білімділік және тәрбиелік 
деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға және қоғам қауымдастығына 
жүргізілген жұмыстарға, ізденісіне байланысты. Бастауыш сыныптарға 
арналған бағдарламалар педагогикалық үрдісті жаңаша қарауды талап етеді. 
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты 
дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат - ӛздігінен 
дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында 
маңызды роль атқаратын оқушының ӛз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра 


білу; сол арқылы материалды саналы меңгертудің жүйесін жасау; оқушының 
түрлі дара қабілеттерін арттыру.
Ӛз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, 
білім берудің приоритетін түбегейлі ӛзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны 
пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі 
ӛзгертуде. Ӛзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық 
міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын 
жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс - тісілдерді 
пайдалана отырып, балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтқызып, ойларын 
ұштауға және ӛздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру 
қажет. Әдіс - тәсілдер арқылы ӛткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлануына 
және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып 
оларды сӛйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы 
қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен 
жұмыс жасау, оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық 
деңгейін бақылап отыру әрбір мұғалімнің міндеті. 
Қорыта келе, заманауи білім беретін, әдістемелері құнды, тәжірбиелері 
сапалы, нәтижелерін ел білетін мұғалімдердің оқушылары, Қазақстанның 
болашағын дамытып, келешегін қолға алып, рухани дамуына ат салысатын 
азаматтар кӛп болсын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет