деген. Осы орайда мұғалімдер қауымы үшін білім беру ісінде нәтижелікпен
сапалы білім беру маңызы кӛзделіп отыр. Ал, нәтижеге қол жеткізуде
саралауға бағытталған сабақ мақсаттары нақты критерийлерге негізделген,
анық, айқын, қолжетімді болуы абзал.
Сондай-ақ
сабақ жоспарын, оқушылардың танымдық деңгейлерін ескере
отырып жоспарлау, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасын
арттыру мақсатында жеңілден күрделіге оқу мақсатына жете алатындай
тапсырмалардың түрлерін түрлендіру. Саралап оқыту тәсілі әр түрлі оқушылар
тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-
әрекеттерін саралау тәсілдерін қамтиды. Оқушыларға тапсырма жеңілден
күрделіге қарай, қабілеттерін, дағдыларын, қызығушылықтарын ескере отырып
сараланып беріледі. Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін
оқытушы алдымен, олардың ықылас- жігерін,
еске сақтау мен ойлау
қабілеттерін, ынтасын, жалпы білім деңгейін зерттейді.
Бұл ерекшеліктерді айқындау үшін білімді меңгеру деңгейін анықтауға
арналған тапсырмалар дайындап, оқушы біліміне диагностика жүргізу қажет.
Саралап оқытудың ең басты шарты - сынып оқушыларын үш деңгейге
біріктіру. Бірінші деңгейге мынадай оқушылар топтастырылады: қабілеті
жоғары, білім,білік дағдылары қалыптасқан, ӛз
бетімен ойлау қабілеті бар,
сабаққа деген белсенділігі күшті, мұғалім кӛмегін қажет етпейтін топ. Бұл
топта жүргізілетін жұмыстың мақсаты - оқушы бойында ғылыми бағытта ойлау
қабілетін қалыптастыру.
Орташа қабілетті оқушылар екінші деңгейді құрайды. Білім,білік
дағдылары әлі тұрақсыз, ӛзініне-ӛзі кӛп сене бермейтін, мұғалімнің белгілі
мӛлшерде кӛмек кӛрсетуін қажет ететін оқушылар. Мұнда алға қойылатын
мақсат-білім, білік дағдыларының тұрақты болуына,ӛз
бетімен жұмыс істеу
қабілетінің дамуына ықпал ету, олардың бірінші топқа кӛшуіне кӛмектесу.
Үшінші деңгейге қолдауды қажет етеін оқушылар жатқызылады. Бұлар
тұрақты назарды ұстауды,білім,білік дағдыларын қалыптастыруда мұғалімнің
үлкен күш жігер жұмсауын, жүйелі жұмыс жүргізуін, яғни, мұғалім кӛмегін
кӛп қажет ететін оқушылар.
Мәселен,
қабілеті жоғары оқушылар қазақ әдебиеті сабағында
шығарманың
идеясын анықтап, айтылған ойдың бүгінгі күндегі ӛзектілігіне
баға беріп,дәлел келтіре ой тұжырымдаса,орташа қабілетті оқушылар
шығармадан кӛркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, метафора) тауып,
қызыметін анықтайды, ал қолдауды қажет ететін оқушыларға шығарманы
түсініп, ашық сұрақтар құрастыру ұсынылады.
Біздің басты мақсатымыз - сынып оқушыларының ерекшелігін анықтау.
Бұл тұрғыдан алғанда, әрбір оқушыны ӛз мүмкіндігіне қарай білім, білік, дағды
алатындай етіп оқытқан жӛн. Мысалы, қабілеті жоғары оқушылардың
логикалық
ойлауы жетілген болғандықтан, жаңа материалды түсіндіргенде
проблемалық ізденіс әдісін қолданған дұрыс. Ал, орташа қабілетті
оқушылармен ӛз ойын,ӛз кӛзқарасын білдіре алатын тапсырмалар, қолдауды
қажет ететін оқушылармен сыныпта репродуктивті әдісті қолдана отырып,
сабақты ойын, әңгімелеу түрінде ӛткен ұтымды.
9-сыныпта Бұқар жырау Қалқаманұлының «Тілек» ӛлеңін ӛту барысында оқу
бағдарламасындағы 9.1.2.1 әдеби шығармадағы психологизмді анықтау
мақсатына сәйкес, осы мақсатты іске асыруда «Екі жақты күнделік»
әдісін
қолдандым.
Дескриптор:
шығарманы мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіндіреді,жыраудың
психологиялық кӛңіл күйін анықтайды;
шығарманың жанры мен негізгі идеясын анықтайды;
шығармада берілген тірек сӛздерді негізге алып,ӛз ӛлең –тілектерін
жазады;
ҚБ Ӛзін-ӛзі бағалау жүргізіледі
Осы
әдісті
қолдану
барысында
оқушылардың
ойлау,
есте
сақтау,шапшаңдық қабілеттерінің арта түскендігін, саралап оқытуға негізделген
сабақ мақсатының тиімді екендігін түсіндім.Ӛзін-ӛзі бағалау тәсілін қолдану
арқылы оқушы оқу жетістіктерін нақты айқындап, ынтасы арта түседі. Ұстаздар
жаңа идеяларды әр сабақта жан – жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді
жолдарын тауып, жүйелі түрде қолданғанда ғана білім беру жүйесі ілгерілемек.
Қорыта келгенде саралау тәсілі білім алушыларға ӛздерінің оқудың қай
сатысында
тұрғанын,қай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай
жетуге болатындығын анықтап, сол бағытта жұмыс жасауға жетелейді. Ал
мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың деңгейін бақылап отыруға мүмкіндік
береді.
Достарыңызбен бөлісу: