Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет34/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   222
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі». 
2.Қазақ тілі мен әдебиеті 2004 ж.№6 «Қазақ тілі сабақтарында АКТ-ны 
пайдалану» 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ- 
БІЛІМ САПАСЫН КӚТЕРУДІҢ НЕГІЗІ 
Конкабаева Гҥлсім Қаратайқызы 
Ақтӛбе қаласы І.Есенберлин атындағы 
№15 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мҧғалімі,республикалық «Ҥздік педагог-2013» атағының 
жеңімпазы, 
педагог-шебер
«Адам 
ұрпағымен 
мың 
жасайды»,- 
дейді 
халқымыз. 
Ұрпақ 
жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. 
Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу. 
«Надан жұрттың күні- қараң, келешегі- тұман»,- деп М.Дулатов 
айтқандай егеменді еліміздің тірегі- білімді ұрпақ. Қазіргі ұстаздардың алдында 
тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын 
қалыптастыру. Ӛз ұрпағын ӛнегелі, ӛнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып 
ӛсуі үшін педагогикалық технологияларды шығармашылықпен оқу-тәрбие 
үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. 
ХХI ғасырдың жан-жақты зерделі талантты адамын қалыптастыру 
бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен 
ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүние жүзілік кеңістігіне 
ену, білім беруді одан әрі нығайту, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре 
алу міндеті туындап, білімге, оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылған. 
Осы орайда Ж.Аймауытовтың мына пікірі еріксіз еске түседі.: «Сабақ беру- 
үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол- жаңадан жаңаны табатын ӛнер». 
Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданылып 
жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу- оқыту мақсатына жетудің бірден-
бір жолы. Қазіргі таңда білімге ерекше кӛңіл бӛлінгендігі белгілі. Ол бүгінгі 
ӛскелең ӛмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді. «Халықтың 
кемеліне келіп ӛркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп 


кӛрегендікпен Шоқан Уалиханов айтқандай, кемеліне келтіру үшін 
жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүетіндей етіп 
дайындауға- әрбір ұстаз міндетті. 
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен ӛзара қарым- 
қатынаста. Педагогикалық технологияны меңгеру дегеніміз- шеберлік. 
Педагогикалық технологиялар жеке тұлғаның ӛзін-ӛзі дамытуға, оның ӛзіндік 
шығармашылық қабілеттерін арттыруға, іскерліктері мен дағдыларын 
қалыптастыруға және ізденімпаздықпен жұмыс істеуге қажетті әдістемелік 
мүмкіндіктерді қамтиды. 
Жаңа педагогикалық технология- оқытушының кәсіби қызметін 
жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер 
жиынтығы. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының орасан зор кәсіптік 
шеберлігін, ізденімпаздығы мен сауаттылығының жоғары дәрежесін тамам 
етеді. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі- баланы оқыта отырып, 
оның ерекшелігін, белсенділігін қалыптастыруға, ӛз бетінше шешім қабылдауға 
дағдыландыру, жаңа әдістерді пайдалану ӛзіміз қолданылып жүрген әдістерді 
жаңа жағдайға бейімдей пайдалануымыз керек. Бүгінгі күні қоғамда ақпарат 
негіздеуші рӛлді атқарып, ақпараттық процестерді алумен, сақтаумен, оларды 
кеңінен пайдаланумен байланысты. Білім беру сапасы- бұл білім беру 
нәтижесінің тұлғасы, қоғам мен мемлекет сұраныстарына сәйкестілік ӛлшемі. 
1.Қоршаған ортаға, әлеуметтік құбылыстарға рухани құндылықтарды 
қосқандағы мәдениеттің барлық негізгі салаларына бейімделу қабілеті. 2.Іс-
әрекеттің түрлі саласындағы ауымқы мәселелерді ӛздігімен шешуші білімділік 
құзіреті. Жаңа әдістерді талап ететін құзіреттілікке бағытталған білім беру 
технологияларын анықтауға болады. 
1.Модульдік оқыту технологиясы. 
2.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. 
3.Жобалау технологиясы. 
4.Проблемалық оқыту технологиясы. 
5.Дамыта оқыту технологиясы. 
6.Ойын технологиясы.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту- мұғалімнің 
бағыттауымен оқушылардың ӛз бетімен білімді игеру, кейбір практикалық 
іскерліктерін қалыптастырады. Атап айтатын болсақ, сын тұрғысынан ойлау 
технологиясының белсенді әдістері:
1.Программалық оқыту. 
2.Проблемді оқыту. 
3.Интерактивті әдістер. 
4.Эвристикалық әңгіме. 
5.Пікірталас әдістер.
6.Іс ойыны. 
7.Сайыстар. 
8.Миға шабуыл.
9.Тренингтер. 
Осындай әдістер оқушының белсенді іс-әрекетіне бағытталады. Іс-
әрекеттің мәні мен іс-әрекет субъектісінің адамның ойлай алу іскерлігін 


қалыптастыруға бағытталады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша 
оқушының тек мұғалім арқылы емес, оқушының іс-әрекеті арқылы жүзеге 
асады. Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеуде сын тұрғысынан 
ойлау және жазуды дамытудың атқарар орны ерекше. Оқушылардың 
шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп 
ӛткізудің маңызы зор. Мұндай сабақтардың тиімділігі: сабақ құрылымының 
ұйымдастырылуы, оқу-танымдық тапсырмаларды ұжымдық бірлескен 
әрекеттің 
жүзеге 
асуы, 
оқыту 
уақытының 
үнемділігі. 
Сондай-ақ 
шығармашылық сабақтарды оқушының танымдық белсенділігін оятып, оның 
шығармашылық қабілеттерінің дамуына, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. 
Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың 
міндеттерін атап айтатын болсақ:
1.пікірлерін дәлелдеу. 
2.Пікір таластар мен талқылауға қатысуы қажет.
3.Ӛзінің жолдасына сұрақ қоя білуі.
4.Кластастарының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау.
5.Үлгерімі орташа кластастарына кӛмектесуге үйрену. 
6.Ӛз бетімен деңгейлік тапсырмаларды талдау.
7.Ӛзіндік бағалауға жағдай туғызу.
8.Ӛзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау. 
Сын тұрғысынан ойлану сабақтарында оқыту, оқушыға үйрету емес, 
оқушының үйренуіне кӛмектесу арқылы жүзеге асырылады. Ұжымдық іс-
әрекет білім алудағы ортақ қарым-қатынасты тудырады. Оқушылар топпен 
жұмыс істеу арқылы ӛзара пікірлесіп, ұтымды жауап табуға үйренеді, 
сұрақтарға тынымсыз іздене отырып, ӛз ойын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік 
алады. Мысалы: ой қозғау арқылы ӛрбитін сабақта, әрекет ету, түртіп алу, 
салыстыру, ой толғау, түсініктеме алу, кубизм, еркін жауап, қорытындылау 
жолдары, 4-5 жол ӛлең шығару т.б. кӛптеген жұмыс түрлері жүргізіледі. Білім 
беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі 
басты мақсат- жан-жақты, білімді, ӛмір сүруге бейім, ӛзіндік ой толғамы бар, 
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Сын тұрғысынан технологиясы оқушылардың ӛз бетінше тұжырым жазу, 
қорыта келу, құбылыстар арсынан тиімді таңдй білу, мәселені шеше білу, 
пікірталас жүргізе білу, басқамен қандай деңгкейде болса да қарым-қатынас 
жасай білу, қажет жерде ӛз кӛзқарасын ӛзгерту,топ алдына шығып ӛз 
тұжырымын айта білу, ойын қорғай білу қабілетін дамытады. 
Осының бәрі әрбір оқушыны ӛздігінен білім ала білуін, сын тұрғысынан 
ойлау іскерлігін зерттеу жұмыстарын жасауға мүмкіндігін ашады. Бұнда оқушы 
тек білім алып қана қоймайды, сонымен қатар ұжымдағы қарым-қатынасқа 
қалыптасады. Бірін-бірі сыйлау, таңдап сӛйлеу, ӛзіндік жұмыс істеу қабілеті 
дамиды.Бүгінгі күннің талабы әрбір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің 
негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау. 
Сондықтан білім беру жүйесінде жеке тұлғаны дамытып білімді азамат ретінде 
қалыптастыру үшін, жаңа педагогикалық технологиялардың рӛлі зор. 
Оқушының білім деңгейі, білімді меңгеру дағдысы барлығында бірдей болуы 
мүмкін емес жағдай. Сондықтан мен ӛзімнің сабақтарымда профессор 


Ж.Қараев насихаттап жүрген деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланамын 
және бұл ӛте тиімді. 
Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта 
оқу идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, деңгейлік 
тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының ӛзіндік жеке жолы, даму 
динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі, әр 
оқушының ой-ӛрісі кеңейеді және білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. 
Деңгейлік оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ барысында бірнеше 
деңгейде жұмыс жасай алатынында. 
Деңгейлеп оқыту технологиясы 4 деңгейден тұрады: 
1-деңгей.Оқушылық деңгей- оқушылар жаңа тақырыптан алған білімдерін 
бекіту, практикада қолдана білуге жаттықтыру. Мұнда заңдылықтарды, 
ережелерді, формулаларды білу қажет етіледі. Тапсырмаларды үлгі бойынша 
орындай алады. 
2-деңгей.Алгоритмдік деңгей- үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыру 
күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа тапсырмаларды 
орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені ескерілді. 
3-деңгей.Эвристикалық деңгей- материалды саналы түрде меңгеру. Бұл 
деңгейде оқушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс, 
әр-түрлі логикалық тапсырмаларды талдап, жинақтай алуы және салыстыра 
білуді қажет етеді. 
4-деңгей.Шығармашылық деңгей-ӛз бетімен оқу материалдарын меңгеру. 
Құбылысты ӛз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан зерттеу 
жұмысын жүргізуге баулу. 
Деңгейлік тапсырмалардың ӛзі дамытпалы түрде болады. Барлық оқушы 
ӛз қызметін ең тӛменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, 
оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге 
кӛшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын туғызады және әр 
оқушының мемлекеттік стандарт деңгейде білім алуына кепілдік береді. Әр 
оқушының ӛз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге кӛтерілуіне толық 
жағдай жасайды. 
Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық 
қызметін дамытумен қатар, оқушыларға ӛз білімін жаңа әдіспен бағалауға 
мүмкіндік береді. 
Деңгейлеп оқытудың тиімділігі: 
-Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі
-Бос отырған оқушы болмайды; 
-Әркім ӛзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады; 
-Қиындықтарды 
жеңе 
білуге 
дағдыланады, 
пәнді 
оқып 
үйренуге 
қызығушылығы пайда болады; 
-Ізденіс дағдысы қалыптасады. 
Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже: 
-Алдына қойылған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу. 
-Әр оқушы ӛз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай оны 
дамытады. 


-Ӛз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін, 
шығармашыл тұлға тәрбиелеу. 
Ерекшелігі: 
- Таланттылар ӛздерінің қабілеті мен икемдігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер 
оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады. 
-Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады. 
-Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді. 
Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясымен оқыту нәтижесінде әр оқушы 
әр сабақ кезінде жаңа білімді қосып қана коймайды, соны ӛзі игеріп, ізденіп, 
талап, пікір таластыру деңгейіне жетіп үнемі даму үстінде болатын тұлға 
қалыптастырады. Оқушының жеке даму ерекшеліктеріне сай 3-4 деңгейге 
бӛлініп берілген әр оқушы ӛзіне тән қарқынмен ӛз білімі деңгейіне жұмыс 
жасайды. Оқушы ӛз еңбегінің нәтижесін кӛріп ӛзін-ӛзі оқыту процесі 
басқаратын процес болғандықтан жеке оқушының ерекшелігін ескеру 
мұғалімнің міндеті. Әр оқушының ӛзіндік мүмкіндігі болады.Біреуге оңай 
кӛрінген тақырып екіншіге қиын тиеді. Сол себепті деңгейленген тапсырмалар 
беру ӛте тиімді. 
Қорыта келе, бүгінгі таңдағы білім беру ӛзегіне айналып отырған 
мәдениет-білім-тарих бірлігі тілдің ӛткен тарихы мен бүгінін сабақтастыратын 
жол. Мұндай жаңа жүйе, жаңа бағыттар жас ұрпақтың болашақ дамуының, 
сапалы білім мен саналы тәрбие құралы болуына бірден-бір негізі болып 
саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет