1.
С. Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» атты
әдістемелік кітабы
2.
Мұғалімге
арналған нұсқаулық, 2012 ж. екінші деңгей
3.
Л.С. Рукгабер «Новые подходы в обучении: диалоговое обучение»
Астана, 2013 ж, «Білім берудегі инновациялық процестер» атты ІІ
Республикалық конференциясының материалдары
БЕЛСЕНДІ ОҚУ ӘДІСТЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚЫЛЫМ
ДАҒДЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Аманбаева Айжан Шакировна
Тараз қаласы
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған
“Дарын» мектеп-интернаты
Оқушылар қазақ тілі пәнін оқу арқылы қоғамға араласуға қажетті
жазылым, айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын дамытады. Оқушылар
еркін қарым-қатынас жасайды, ӛзара пікір алмасады, кӛзқарастарын
білдіреді,
ӛз ойын жүйелі де нақты жеткізе алады. Қазақ тілінде берілген кез келген
ақпараттарды тиімді қолдана отырып, ӛзіне қажетті мәліметті ала алады. Әр
түрлі контекстегі мәтіндерді ӛздігінен түсініп оқи алады. Оқығаны бойынша
ӛзіндік қорытынды жасап, тың идеяларын ӛзгелермен бӛлісе алады. Осы
тұрғыдан алғанда оқылым дағдысының алар орны ерекше.
Оқылым – қабылдауға байланысты дағдының түріне жатады.
Оқылым
дағдысына мәтіннің жалпы мазмұнын түсіну ғана емес, сонымен қатар
мәтіндегі ақпаратты іріктеп оқу, болжап оқу, әр түрлі ресурс кӛздерінен
ақпараттарды алып оқу жатады.
Оқылымның бірнеше стратегиялары бар.
Олар болжап оқу, автордың
идеясын тауып оқу, қорытынды жасай отырып оқу, мазмұнын түсініп оқу т.б
[1.5]. Әр оқушы оқылым стратегиясын мақсатқа сай қолдана алады. Мәселен,
адамдар кӛшеден немесе дүкеннен кітап, газет-журнал сатып алар болса оның
барлық бетін ақтарып оқып жатпастан, мұқабасына назар аударады.
Мұқабасындағы
суретке немесе жазуларға қарап, журналдың мазмұнын
болжайды. Мұндай жағдайда шолып оқу, болжап оқу стратегиялары жүзеге
асады. Сонымен қатар, күнделікті қолданатын кез-келген тұрмыстық заттардың
нұсқаулықтарын оқу (дәрі-дәрмекті қолдану нұсқаулығы, тағамдардың
жарамдылық мерзімі, құрамы туралы т.б ) оқылым дағдысы болып табылады.
Оқылым дағдысын дамытуға бағытталған
сабақтың құрылымы оқылым
алды, оқылым, оқылымнан кейінгі тапсырмалардан тұрады.
• Оқылым алдындағы тапсырма: мәтінде кездесетін сӛздерді үйрету, мәтінге
дайындау, мәтін мазмұнын болжауға байланысты сұрақтар қою.
• Оқылым тапсырмасы: оқылым стратегияларын қолдану арқылы дайындалған
тапсырмалар. Олар жалпы мазмұнды түсінуден, нақты ақпаратты табуға қарай
бағытталады.
• Оқылымнан кейінгі тапсырма:мәтінде кӛтерілген мәселеге, ақпараттарға
байланысты талқылау сұрақтары [1.6]. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа
сӛздерді, мәтінде кездестірген сӛздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай
ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар, сұрақтар оқушылардың ӛмірлік
тәжірибесімен де байланысып, ӛз кӛзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере
алатындай құрылуы керек.
Оқылымнан кейінгі тапсырманы құрастыру кезінде «Автордан сұраңыз»
әдісін қолдануға болады. Оқушылар мәтінді оқу барысында авторға қойғысы
келген 2 немесе 3 сұрақ құрастырады. Сұрақтар мәтінге қатысты және оның
мазмұнын ашатындай болуы қажет. Сұрақтар
дайын болған кезде сыныптың
бір оқушысы автор рӛліне белгіленеді. Қалғандары оған мәтін авторы ретінде
сұрақтарын қояды. Сұрақ қою барысында автор рӛлін басқа оқушылармен
алмастырып отырған жӛн [2.14].
«Тӛрт ресурс » әдісі бойынша жұмыс жасау кезінде оқушылар мәтінмен
жеке жұмыс жасай алады, мәтіннен алған білімін ӛз бетінше бағалай алады,
мәтінмен ӛмірді байланыстыруына мүмкіндігі болады,
сыни ойлауы дамиды
[2.28].
«Тӛрт ресурс» әдісі бойынша толтырылатын кесте
Достарыңызбен бөлісу: