қарастыруды қажет ететін ӛзекті мәселелерінің бірі–білім беру, білім-қай кезде
де біздің жарқын болашағымыздың кепілі. Қазіргі заман мұғалімі қандай,
оқушыларымыздың білім сапасы қай деңгейде?Ал заманауи тәсілдің ең негізгі
ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін игеріп қана қоймай, оларды орынды
жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда
талап етілетін дағдылардың мәні - осында.
Жаңартылған бағдарламадан күтілетін нәтижелер мұғалімдерді оқушыларға
қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, ӛзіндік дәлел уәждерін
нанымды
жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни пікір кӛзқарастары жүйелі
дамыған,
сандық
технологияларда
құзырлылық
танытатын
оқушы
қалыптастыруға даярлау болып табылады.
Ақпараттық қоғамның сӛздік қорында тағы да бір жаңа ұғымдар - Smart, Smart
education ұғымдары белсенді түрде еніп келеді. Smart education ұғымы тіпті
кӛптеген елдерде іс жүзінде жиі қолдануда. Smart education ұғымының негізгі
мәні неде? Сӛздің түбіріне келетін болсақ, «SMART
» сӛзі ағылшын тілінен
аударғанда «зерек», «ақылды» дегенді білдіреді. Смарт - бұл неологизм, сын
есім ретіндегі
негізгі мағынасы - парасатты, тапқыр, ақылды, ал зат есім
ретінде - ақыл, алғырлық, зеректілік деген мағынаны білдіреді.
Нақ осы оқыту жүйесі қазіргі әлемнің мүмкіндіктері мен міндеттеріне сәйкес
максималды білімнің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етіп, жастардың тез
ӛзгергіш
қоғам жағдайына бейімделуіне, оқулықтан нақты белсенді әрекетке
негізделген білім алуға мүмкіндік береді.
Енді, мақсат сӛзін білім беру жүйесінде қарастырып кӛрейік. Осы сӛзбен ең кӛп
бетпе бет кездесетін мамандықтың бірі мұғалім десек қателеспейтін шығармыз.
Олай болса, ӛз мамандығымыз туралы ой бӛлісейік.
1. Мұғалімнің ең басты функционалдық міндеті не деп ойлайсыз? (білім беру)
2. Білім беру не арқылы жүзеге асады? (сабақ)
3. Сабақ беру үшін біз қандай әрекеттерді орындаймыз? (сабақ жоспарын жазу)
4. Сабақты жоспарлау үшін сіз ең алдымен не істейміз? (мақсат қоямыз)
5. Сабақтың мақсатын анықтауда не нәрселерге кӛңіл бӛлуіміз керек деп
ойлайсыз? (сыныптың білім деңгейіне, қабілетіне, психологиялық
ерекшеліктеріне)
6. Дәстүрлі оқытуда біз сабақтың қандай мақсаттарын белгілейміз? (тәрбиелік,
білімділік, дамытушылық)
7. Сабақтың мақсатын қою мұғалімнен нені талап етеді? (жауапкершілікті)
Мен сӛз еткелі отырған «SMART» ұғымы мақсат туралы болмақ.
Стронг "Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін ӛрістетудегі негізгі тұлға
мұғалім" деген болатын. Алайда тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің
жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Сондықтан жаңашыл
идеяларды танудан және тәжірибе жасаудан жалықпағанымыз абзал. Осы
орайда мұғалімнің жұмысы дұрыс мақсат қоюдан басталатынын айтқым келеді.
Мақсат дегеніміз не, ол не үшін қажет? Кӛптеген
ғалымдардың берген
анықтамалары бойынша мақсат дегеніміз:
болашақ нәтижені суреттеу;
неге қол жеткізу керектігінің бейнесі;
белгілі бір анықталған күш қайрат жұмсалатын және ұйымдастырылған іс
әрекет талап етілетін күтілетін нәтижелер жиынтығы
бұл индивидумның ӛз күштерімен қол жеткізе алатын келешектегі
шындықты суреттеуі.
SMART мақсаттары мен міндеттері
SMART оқыту мақсаты мен міндеттерін анықтауда қолданылатын, 1981 жылы
Джордж
Доран
енгізген
ұғым.
Автордың
айтуынша,
SMART
аббревиатурасының құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға тиіс
сын есімдер қамтылған. «Smart» сӛзін ағылшын тілінен қазақшалағанда
ақылды, тіпті қу немесе тапқыр, епті деген мағынаны білдіреді.
Алайда, біз әңгіме жасағалы отырған жағдайдағы SMART ол сӛз емес. Ол 1954
жылы Питер Друкер айналымға енгізген аббревиатура.
Specific- арнайы, нақты;
Measurable-ӛлшеуге болатын, шектеулі талап
етушілік;
Attainable-қолжетімділік;
Realistic-шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;
Timed-белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.
1.Specific Мақсат нақты болу керек деген алға қойылған мақсат екіұшты емес,
айқын болу керек дегенді білдіреді. Атап айтқанда, «Жоспарды мерзімінен
бұрын орындаймыз» деген мақсат айқын емес. Ал,ол айқын болу үшін егер
жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз десек жоспарды мерзімінен қанша
уақыт (сағат,тәулік, ай,жыл немесе т.б) бұрын орындайтынымыз нақтылануы
керек.
2.Мақсат ӛлшенетін болу керек. Мысалы, «Жақсы адам болам» деген мақсатты
ӛлшеу ӛте қиын, ал «Жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсатты ӛлшеуге
болады.
3.Мақсат қолдан келерлік болу керек. Мақсатты жүзеге асыру үшін
қажетті
жағдайлар жасалған ба? Мысалы, негізгі мектепті тәмәмдап «Мен биыл жоғары
оқу орнына түсемін» деген мақсат- қолдан келмейтін нәрсе.
4.Мақсат шынайы болу керек. Алға қойған мақсатты іске асыра алатындай
мүмкіндіктер болғаны жӛн. Мысалы, елуге келгеннен соң «Мен
космонавт(турист емес) болам» деген мақсат- бұл жаста қол жетпейтін жағдай.
5.Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек.
Мақсат қоюды қарапайым ӛмірден алынған мысалмен түсіндіріп кӛрелік.
Сыртта аяз, үйдің іші салқын болса, мен «Отынмен үйді жылытуым керек»
деген мақсат қоямын. Осы қойылған мақсат дұрыс па? Жоқ, себебі мақсат
нақты емес, немен жылытуым керек екенін білмеймін. Ал SMART бойынша
жүйелесек:
Достарыңызбен бөлісу: