Мәтіннен кейінгі жұмыста тыңдалған мәтінді түсіне білуі, алынған ақпаратты
шығармашылық ӛңдеуден ӛткізе білуі, тілдік қарым-қатынаста
қолдана білуі
тиіс.
Тыңдалым әрекетін меңгерту, бақылау, бағалауда жақсы құрастырылған тест
тапсырмалары, жаттығулар жүйесі оқушының тіл үйренуге деген ынтасын
оятады және тілдік
білімін жетілдіруге жетелейді, кӛмектеседі. Сондай-ақ
тыңдалымды меңгерту, бақылау мен бағалау міндетті түрде арнайы жазылған
аудио, видеоқұрылығылар, интернет ресурстар
және электронды оқу
құралдарымен жұмыс істеуді қажет етеді. Сондықтан да мұғалімнен оқушының
жас еркешелігін ескере отырып, әр тақырыпқа сай түрлі материалдарды алдын
ала дайындауды қажет етеді.
Қорыта айтқанда, тыңдалым әрекеті оқушылардың талдау, салыстыру,
абстракция, нақтылау сияқты сӛйлеудің мағыналық қабылдау түрлерін және
жаңа тілдік және сӛйлеу материалымен танысып, мәтін мазмұнына сай ӛзіндік
ойын жеткізу дағдысын қалыптастырады. Сонымен
бірге жаңа материалдың
мәнін, нысанын және қолданылуын кӛрсетуге талпындырады. Сондықтан
сӛйлеу әрекетінің (оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым, лексика-
грамматика) бірі тыңдалым тілдік қарым-қатынастың
табысты процесін
қамтамасыз етіп, оқушылардың мемлекеттік тілде сӛйлей және түсіне білуін
дамытуы тиіс.
Әдебиеттер:
1.
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. Оқулық, 2005. – 107 бет
2.
Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл-құрал./құраст. - Алматы, 2009
3.
Оразбаева Ф. Тіл әлемі: мақалалар, зерттеулер.- Алматы: Ан-Арыс, 2009.
- 368 б.
4.
Тыңдалым әрекетін меңгерту және бақылаудың маңызы - Кӛпеш Күлән
Бейсенбайқызы https://nur.nu.edu.
5.
Соловова Е.Н. Методика обучения иностранным языкам:базовый
курслекций. 4-е издание. M.: Из-во «Просвещение», 2006. С.78-79.
Достарыңызбен бөлісу: