тұлға қалыптастыру. Тұлға- қалыптастыру жолында баланың тәні мен жанын
қатар дамыту, танымдық қызығушылығын дамытудың
әдіс-тәсілдерін іздеу,
анықтау, жүйелеу, қолдану. Интербелсенді ағылшын тілінен келген «inter»
ӛзара, «akt»- әрекет жасау дегенді білдіреді, яғни интербелсенді әдістер
үйренішілердің ӛзара әрекеттесуіне жол сілтейді. Кӛне
қытай ғұламасы
Конфуций (Кун Цзы) 2500 жыл бұрын: «Маған айтып берсең - ұмытып
қаламын, кӛрсетсең - есте сақтармын, ал ӛзіме жасатсаң – үйренемін!»
деген
екен. Интербелсенді әдістер білім алушылардың есте сақтау дәрежесін
ӛлшемей, олардың әрекеттерін бағалайды.
Сабақ ӛз деңгейінде ӛтуі үшін жоспарымыз сапалы жасалуы тиіс. Сырттай
қарағанда мұғалімнің жұмысы аса қиын еместей кӛрінуі мүмкін,
алайда сол
сабақ майданының қолбасшысы болған біз - ұстаздар ғана ӛз сабағымыздың
қыр-сырын терең түсінеміз. Ең алдымен сыныптағы балалардың деңгейін
зерттеп,
әр баланың қызығушылығын, бойындағы ерекше қабілетін, ӛзіндік
пікірін қалай жеткізуін, достарымен қарым-қатынасын бақылап алуымыз қажет.
Оқу үдерісінде саралап оқыту арқылы әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң
ықпал ете аламыз.
Саралап
оқыту дегеніміз не, осы сұраққа жауап іздеп кӛрейік.
Достарыңызбен бөлісу: