Сұрақнама Қозғалмалы ойындардың жіктелу үлгісін құру


Тақырып 4. Қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру мен өткізуге қойылатын педагогикалық талаптар



бет4/10
Дата13.03.2024
өлшемі80.16 Kb.
#495203
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Дәріс Қозғалмалы ойындар ОӘ

Тақырып 4. Қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру мен өткізуге қойылатын педагогикалық талаптар.


Сұрақнама
1. Ойын жетекшісінің негізгі міндеттерін, ойын барысына жетекшілік ету, ойынға қатысушыларды ұйымдастырудың мәнін ашып көрсету.

Қозғалмалы ойындарды ұйымдастыру мен өткізу кезінде ойындарды пайдаланудың ғылымилығы мен жоспарлылығын, олардың тәрбиелік, білім беру мен сауықтыру нәтижелерін ескеру қажет.


Ойындарды өткізу кезіндегі жетекші және бағыттаушы рөл педагогте болуы керек.
Жетекші ойынды ұйымдастырушы және оларды өткізу кезінде тәрбиеші болады. Ол ойындарды қолдана отырып мынаған ұмтылады:
- ойнаушылардың денсаулығын нығайтып, дұрыс бағытта денелік даму;
- өміргі қажетті білім, біліктілік пен дағдыларды игеруге, оларды жетілдіре білуге ықпал ету,
- балаларда қажетті адамгершілік-жігер және денелік сапаларды тәрбиелеу;
- үйренушілерде ұйымдастырушылық дағдыны шыңдау және өз беттерімен жүйелі түрде шұғылдану әдетін қалыптастыру.
Жарыстар арнайы жабдықталған немесе радио орнатылған залда жүргізіледі, дәрігерлік қызмет көрсету міндетті түрде болу керек. Залды міндетті түрде безендіріп, жарыстың барысын, ойын есебін хабарлау үшін көрнекілік ақпарат құру қажет.
Үлгі ретінде қозғалыс ойындары бойынша кешенді жарыстың бағдарламасын келтіреміз.
Арнайы эстафета – жүгіруден, секіруден, өрмелеуден жарыс.
«Капитандар жарысы» - Президент кешені бағдарламасы бойынша сұрақтарға жауап беру.
Арнайы - кедергіні бағындыру және Елбасыкешені мөлшерлерінің кестесін білуден білімін тексеру эстафетасы.
«Жорыққа дайындық» - бөренемен жүгіру және кедергіні арқан көмегімен басып өту эстафетасы.
«Үш жаттығуды орында» - қарсылас команданың «құпия» тапсырысы бойынша жаттығулар орындау.
«Белгісіз тапсырма» - Елбасы кешенінің бағдарламасынан қолданбалы жаттығуларды орындаумен байқау, жекпе-жек.
«Арба» эстафетасы – қолымен тіреліп, қозғалумен (жұптасып) ұлдардың жарысы.
«Тез әрі дәл жауап бер» - Елбасы кешенінің ілімі бөлімі бойынша сұрақтар мен жауаптар.
Арқанға өрмелеу эстафетасы – командалық жарыс.
«Атлеттер турнирі» - ұлдардың жұптасып, күш көрсету жекпе-жегі.
«Шар ату» - жанкүйерлер байқауы.
Эстафета – кедергілер жолағы.
«Қармақ» - танымал ойын.
Қосынды эстфета – жұптасып жүгірудің түрлі нұсқалары. Бұндай жарыстың жалпы ұзақтығы – 1,5-2 сағ.
Жарыс көрермендердің белсенді қатысуымен қызықты өтеді.
Оқушылардың Елбасы кешені мөлшерін тапсыруға дайындығы мен жан-жақты дамуында бүкілодақтық «Өжет» және «Сұңқар» ойындарына енетін ойындар бойынша өтетін жарыстар маңызды роль ойнайды. Оған дайындық жүйелі және түрлі қозғалыс ойындар негізінде жүргізіледі. Дене сапасын дамыту мен қимылға дағдырланатын ойындармен қатар қатардағы дайындық жергілікті жерде, суда ойналатын және табиғи кедергілерді бағыныратын элементтері бар ойындар кең қолданады. Бұл ойындарда арнайы білікпен қатар қажетті білім алуға да мүмкіндік туады. Олардың қатарына мыналар жатады: «Полк туын қорғау», «Із кесу», «Бақылаушылар», «Түнгі іс кесу», «Бекіністі алу», «Отан қорғауға дайын бол».
Секция сабақтарында жас спортшылармен ойналатын қозғалыс ойындары. Балалар мен жасөспірімдердің спорттық дайындығындағы ойын ролін бағалау қиын. Негізінен бұл жерде осы жағдайға қонымды ойын әдісін тиімді пайдалану туралы сөз болып отыр. Оның негізгі жетістігі тәсілі жағынан күрделі жаттығуларды оқуға ыңғайлы ететінінен көрінеді. Сонымен қатар ойынды пайдалану қимыл әрекетін кешенді жетілдіруді қамтамасыз етеді, онда қимыл дағдыларымен бірге дене сапаларын да дамытады.
Ойын жағдайында оқу және жетілдіру дағдыларға ерекше ептілік тұрақтылық және үйлесімділік береді. Әсіресе ойыншылар жарыс әрекетінің алғашқы тәжірибесін алғанда өте маңызды.
Міне, сондықтан қозғалыс ойындары барлық спорт секцияларында кең пайдаланылады. Оқушылардың жасы кіші болған сайын сабақтарға ол ойындарға көп орын бөлінеді.
Ойындар жаттықтыруды жандандыруға және түрлендіруге көмектеседі. Көңіл-күйдің көтеріңкі болуы белсенді демалысқа жол ашады. Бұл сабақ барысында-ақ күшті қалпына келтіруге көмектесіп, оқу материалын меңгеруді жеңілдетеді.
Ойындар – жас спортшылардың жалпы және арнайы дене даярлығының таныс құралы. Сондықтан олар кез-келген мамандықтағы спортшыны даярлауда міндетті қосымша жаттығудың орнын басады. Тек таңдалған ойындар үйренетін спорт түрінің негізінде жатқан жаттығуларға ұқсас болуы қажет.
Ойындардың бағалануға тиіс қасиеті оларды жыл бойындағы жаттықтырудың кез-келген сатысында, кез-келген жағдайда пайдалануға болатындығын танытады. Ойындар көмегімен арнайы даярлықтың барлық түрінің, яғни дене, тәсілдік, тактикалық және психологиялық міндеттер табысты шешіледі.
Дене сапасы ойында кешенді дамиды. Бірақ қажет жағдайда таңдаулылары жетілдірілуі мүмкін. Ойындар өмірге қажетті қимыл дағдыларының бүкіл қорын меңгеру құралы ретінде де бағалы.
Спорт қимылдарының тәсілін меңгеру қозғалыс ойындарын жүйелі пайдалануда толық жүргізіледі. Алғашқыда, яғни жеңілдетілген ойын түрлерінде оқушылар оқу үшін таңдалған қимылдарға құрылымы жағынан жақын ойындармен танысады. Бұл сатыда бұндай ойындар жүргізуші жаттығулар ролін атқарады. Арнайы жаттығуларды қорытындылау үшін ойын жарыстары пайдаланылады. Бұл үйренген тапсырманы дұрыс орындауды бағалау үшін қажет («Кім үздік?», «Кім дәл?»).
Бұндай жағдайда қорытындыланған қимылдар бұдан кейін де барынша күрделі жаттығуларда, ойындарда жетілдіріледі, оның басты мақсаты – үйренгенін барынша дәл әрі дұрыс орындау болып табылады.
Сонымен дағды тұрақталады. Оны жалғастыра жетілдіру қозғалыс ойындары бар өзгермелі жағдайда жүргізілуі мүмкін. Бұл сатыда пайдаланылған ойындар мен жарыс элементтерінің күрделірек мазмұны оқушыларды үйренген спорт тәсілін шынайы жарыс жағдайында қолдануға үйретеді.
Тактикалық дайындық міндеттерін шешуде де ойын маңызы ерекше. Біртіндеп күрделенетін қозғалыс ойындарына қатысу барысында оқушылар тактикалық жекпе жектегі табысты қамтамасыз ететін барлық қажетті сапаларды дамытады. Мұнда реакция шапшаңдығы да, бағдарлау жылдамдығы да, тактикалық ойлау шешімталдық пен батылдық та – қабылданған шешімді іске асыруға қажет.
Алайда, ең маңыздысы – ойын арқылы олар жеке және ұжымдық тактикалық әрекеттің арнайы білімі мен дағдысын алады, ойнаушылар тек тактикалық тұрғыдан шыңдалған жеке қимылдарды таңдауға ғана емес, сондай-ақ күрделі тактикалық міндеттерді шешуге қажетті үйлесімді әрекетке үйренеді.
Осы айтылғандардың спорттық ойындық түрлерінде маңызы зор қозғалыс ойындары көмегімен табиғи және барынша тиімді түрде ойын әрекетінің тәсілдік – тактикалық мазмұнын меңгереді. Қозғалыс ойындарының арнайы таңдалған кешені кез-келген спорт ойынының негіздерімен таныстырып, оларға оқытуға мүмкіндік береді.
Қозғалыс ойындарын спорт жаттықтыруының әдістері мен құралдары ретінде пайдалану психологиялық және рухани – ерік дайындығының міндеттерін шешуге көмектеседі. Түрлі кедергілерді үнемі бағындыру, күрделенген және көңіл-күй көтеріңкі жағдайда ойнау, оқушылардың рухани-адамгершілік мінез-құлқының негіздерін қалыптастырады. Мұнда ерекше мақсаткерлік пен қажетті жағдайда толық жинақталуға қабілетімен ерекшеленетін спорттық мінез-құлықтың сипаты тәрбиеленеді.
Ойындарға тән қимыл ұжымдығы өзінің жеке мүддесін ұжым мүддесіне бағындыруға үйретеді. Осы сапаларды меңгерген оқушылар кейінгі жылдарда жарыс барысында табысқа жету үшін қажеттігінің барлығы бойына сіңіреді.
Спорт жаттықтыруының міндеттерін шешуге арналған ойындар негізінен оқушыларға жақсы таныс ойындардан құралады. Сонымен бірге басқа да арнайы таңдалған ойындарды пайдаланады.
Дене сапасын дамыту үшін келесі ойындар ұсынылады:
а) шапшаңдықты дамытуға арналған: «Күн мен түн», «Нөмірді шақыру», «Шабуыл», «Арғымақтар», «Құлаған таяқ» т.б.
ә) күшті дамытуға арналған: «Арқан тарту» (өзіне тарту, өзінен кері итеру және жұптасып күресу), «Әтештер төбелесі», «Арғымақтар», гимнастикалық орындықтан өту, толықтырылған доппен эстафеталар, т.б.
б) ептілікті дамытуға арналған: «Бекіністі қорғау», «Допқа тигіз», «Артық доп», кедергімен, тепе-теңдікпен, әріптесімен күрделі өзара әрекетпен, түрлі қозғалыстар мен эстафета, т.б.
в) төзімділікті дамытуға арналған: «Допты қақ», «Жұптасып доп қағу», « Қуып жет», т.б.
г) иілгіштікті дамытуға арналған: «Көпір мен мысық», «Доп беру», «Туннель» эстафетасы, т.б.
Түрлі спорт түрлерінің тәсілдері мен тактикаларын дұрыс меңгеру үшін көптеген ойындарды қолданады. Үлгі мысалдар мыналар:
а) гимнастика – «Тірі снарядтар», «Терезе», «Акробатикалық көпір», шеңбермен, секіртпемен, бөренеде, орындықта эстафеталар, «Гимнастикалық марафон», т.б.
ә) жеңіл атлетика – «Кім шапшаң?», «Мергендер», «Із кесушілер», «Орындық арқылы», «Кім биік?», т.б.
б) шаңғы спорты – «Шаңғы поезы», тауға түсу немесе шығу эстафетасы, т.б.
в) жүзу – «Судағы салт аттылар», «Жиектегі доп», «Жүзгіштер эстафетасы», т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет