Пайдаланылған әдебиеттер
1.Бодеев М.Т., Рамашов Н.Р., Спорт ойындары: Оқу-әдіст. Құралы.-Қарағанды:ҚарМУ баспасы, 2010.-233 бет.
2.Каргин С.Т., Бодеев М.Т., Иманбетов А.Н., Хасенов Х.Ш., Абишев Ж.Б. Мектептегі баскетболдың теориялық және әдістемелік негіздері: Оқу құралы - Қарағанды; ТОО САНАТ-Полиграфия: 2011. – 207б.
3.Бөдеев М.Т., Хасенов Х.Ш., Рахметуллаев Ж.Б. Қозғалмалы ойындар. Оқу-әдістемелік құралы. – Қарағанды: «Санат» баспасы. – 2007. – 85 б.
4.Б.А.Ашмарин “Теория и методика физического воспитания”. М: ФиС,2014.
5.Қалқабаева С.А. Жас физиология және мектеп гигенасы. Оқу құралы. Шымкент. 2016.- -93 б.
6.Иманбетов А.Н. Мультимедиялық көрсетілім. ҚарМУ электронды библиотекасы. –Қарағанды-2017.ж.
Тақырып 5. Мектепте қозғалмалы ойындарды өткізу әдістемесі.
Сұрақнама
1. Мектепте қозғалмалы ойындарды өткізу әдістемесінің мәнін ашып көрсету.
Дене тәрбиесі сабақтарында қозғалмалы ойындарды қолдануда білім беру міндетері жетекші болып табылады. Олар сабақта үйретілетін оқу материалдарымен өзара байланыса отырып, тәрбиелік және сауықтыру міндеттерді де шешеді.
Білім беру аспектілерінде гимнастика, жеңіл атлетика, спорттық ойындар, шаңғы дайындығы, жүзу сабақтарында үйретілетін қимыл-қозғалыс әрекеттерінің құрылымы мен сипатына ұқсас ойындар ерекше рөлге ие болады. Сондай ұқсас ойындарды қолдану, қандайда-бір қимыл-қозғалыс әрекеттеріне үйретуде оқушылардың үйренетін қимыл элементтерін меңгерулеріне көмектеседі. Соның арқасында, сол үйретілетін қимыл-қозғалыстарды одан әрі тереңдете үйренуге оң жағдай жасалады. Мысалы, «Кедергі мен бұдырлар арқылы» ойыны (1-сынып), еркін жағдайда жүгіру техникасымен танысуға көмектеседі (жылдам әрі қысқа жүгіру кезіндегі тізені жоғары көтеру). Мұғалім ойын барысында оқушыларды ұпай санауға, төрелік етуге тарта отырып, олардың ойын ережелерін қаншалықты меңгергенін, ұйымдастырушылық қабілеттерін анықтайды және бағалайды. Төменде ойнай білу біліктіліктерін бағалауға әсер ететін нақты талаптар мен болуы мүмкін қателіктердің үлгілерін келтіреміз.
Ойындарға оқыту әдістемесі солардың көмегімен шешілетін мақсаттар мен міндеттер арқылы анықталады. Оқушылардың жан-жақты тәрбиеленуі мен үйлесімді дамуы қозғалыс ойындарымен көптеген жылдар ұйымдасқан оқыту барысында мүмкін болады.
Мұнда негізгі роль мұғалімге жүктеледі. Оқытуды ұйымдастыра отырып, мұғалім мынаған ұмтылуы тиіс:
-оқушыларды жоғары рухани – ерік сапасына тәрбиелеу;
-олардың денсаулығын нығайтып, дұрыс дене дамуына жәрдемдесу;
-өмірге қажетті қимыл сапаларының, білік пен дағдының қалыптасуына жол ашу.
Қозғалыс ойындарын таңдауда олардың өмірге қажетті сапалар мен өмірді дұрыс түсінуін тәрбиелеуге баса назар аудару қажет.Ойында адамның абыройын түсіруге, дөрекілік көрсетуге болмайды.
Тәрбие жоспарының бірінші міндеттері кеңестік педагогиканың негізгі заңдылықтарынан туындайды. Әрбір ойнаушының алдына әрбір ойын сайын алдағы болатын ойынның қиындық сипатына сәйкес белгілі бір міндет қойылуы тиіс. Кейіннен бұл қиындықтар ойын өзінің тәрбиелік маңызын жоғалтпайтындай етіп жүйелі түрде күрделеніп отырады.
Табысты ойын әрекетінің басты шарты – ойынның мазмұны мен ережесін дұрыс түсіну. Бұл жерде түсіндірудің дәл әрі көрнекті болуы маңызды. Қажет жағдайда ойын оқиғасын қысқаша бейнелеп түсіндіруді жекелеген ережелер мен амалдарды көрсетумен толықтырылады. Бастысын түсіндіріп, оқытушы ойынды бастайды. Бірінші қадам балалардың ойынды қалай түсінгенін тексеруге мүмкіндік береді. Егер қажет болса, онда оны қосымша түсіндіру үшін, уақытша тоқтатады. Кей жағдайларда ойнаушылардың қателерін түзету мен ережелерді ендіру үшін сәл аялдайды.
Күрделі ойынның мазмұнын бірден түсіндіру дұрыс емес. Балалар, әсіресе, төменгі сынып оқушылары оны тез есте ұстап, жаттай алмайды, сондықтан түсіндіруді сатылап жүргізу қажет:
1-саты: ойынмен танысу (аты, оқиғасы, негізгі ережелері);
2-саты: мазмұны мен ережелерін ары қарай үйрету;
3-саты: ойынның мазмұны мен ережесіне қосымшалар мен өзгерістер ендіру.
Егер алғашқы екі сатыны бірінен кейін бірін жіберсе, ал соңғысын ойын соңына немесе оны келесі қайталануында қарастыруға болады.
Түсіндіруді ойнаушыларды орындарына орналастырып, рольдерін бөліп берген бастапқы орында жүргізген дұрыс.
Балаларды қозғалыс ойындарына оқыту – қажетті ойындардың бүкіл кешенін толық және сапалы меңгеруді қамтамасыз ететін бүтін процесс. Бұл процесстегі негізгі талап – үйренетін ойынның біртіндеп күрделенуі мен меңгеруі болып табылады.
Балаларды ең қарапайым, бейнелеу түріндегі командалық емес ойыннан бастап, бірте-бірте олардың оқиғасын да және қимыл әрекетінің мазмұнын да күрделендірген дұрыс. Бұдан соң балалар ұжымдық ойын элементі – ауысуы бар ойынды үйренеді. Қорытынды саты – командалық ойындар, онда қарапайым ойындар салыстырмалы түрде кезектесіп белсенді қарама-қарсылықты және командалық жарыстарға өтеді. Бұл сатыны қорытындылау үшін қарапайым-спорттық жүргізуші жаттығуларды құрайды. Оларды меңгеру спорт ойындарын жүйелеп оқуға кірісуге мүмкіндік береді.
Қарапайым ойындардан күрделі ойындарға өтуді оқушылардың үйренгеніне қызығушылығы жоғалуын күтпей-ақ кірісу қажет. Бұл жерде жинақтаған тәжірибеге сүйену қажет. Әрбір жаңа үйренген ойын алдыңғы үйренгенінен бастау алуы керек. Бұл игеруді жеңілдетеді және білім мен дағдыны мықты бекітуге көмектеседі.
Сондай-ақ белгілі ойындарды оған жаңа ережелер мен нұсқалар ендіре отырып, бірте-бірте күрделендіру қажет. Егер бұнда мұғалім топтың және жекелеген қатысушылардың дайындықтарын ескеріп, соған сәйкес ойын мазмұны мен рольдерді таңдап берсе, онда бұл қызығушылықты ұзақ сақтайды және әрбіріне өзінің жеке мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі.
Нақты меңгеру ойын тәжірибесінің байлығы тәрізді қимыл дайындығының өте маңызды бөлігі болып табылады және спорт ойындарын үйренуде баға жетпес пайда келтіреді. Бұл оқушылардың нағыз «ойын мектебін» меңгеруге мүмкіндік жасайды, оның бала мен ересек адам өміріндегі мәнін жоғары бағалаймыз.
Жеке ойынды меңгеру процесінің өзі өзара байланысты екі сатыдан тұрады: алғы шартын құру (ойынның мәнімен қажетті әрекеттерді түсіну үшін) және ойынды меңгеру (барлық рольді орындаумен ойынға көп дүркін қатысу).
Жетекші ойынды таңдап, оның сабақтағы орнын анықтап, алаң мен құрал-жабдықтарды дайындап, ойнаушыларды ұйымдастырып, ойынды түсіндіруі, оған жетекшілік жасап, ойын қорытындысын шығаруы тиіс.
Ойынды таңдау. Ойынды өткізуге дайындық оны тағдаудан басталады. Бұнда шешімін табуы тиіс міндеттерді нақты білу қажет, сондай-ақ топ құрамын, алдағы сабақтың пішіні мен өтетін өрнегін анықтайды. Ойынның барлығы кез-келген топтағы оқушылар санына сәйкес келе бермейді, әрбір ойынға белгілі ойнаушылар саны тән.
Сабақтың формасы көп жағдайда айқындаушы роль ойнайды. Сабаққа қолайлысы үзіліс үшін лайықсыз болып шығады, т.б.
Ойынды таңдауға өтетін орын да әсер етеді. Шағын залда үлкен алаң қажет ететін ойындар өткізу қауіпті. Қажетті құрал-жабдығы жоқ ойындарды да өткізуге болмайды. Сондықтан жетекші өз қорында ойындардың үлкен қорын алып жүруі тиіс, ең бастысы оларды шығармашылық пен түрін алмастырып нақты жағдайға лайықтауы қажет.
Орын мен құрал-жабдықты даярлау. Жақсы дайындық оқушылардың көңіл-күйін көтереді, ойынды тез бастауға құмартады. Бұған ғимаратты тазалау, жабдықтарды орнату, алаңды белгілеу, жабдықтарды, белгіленетін сызықтарды таңдау, т.б. жатады.
Дайындық уақытында алдын-ала және ұқыпты жүргізілуі тиіс. Оған балаларды кірістірген пайдалы.
Ойнаушыларды ұйымдастыру. Ойын барысы көбінесе осыған байланысты. Бұған түсіндіре отырып, жүргізуші капитандарды, көмекшілерін команда бойынша бөледі.
Жүргізушілер мен капитандарды жетекшінің тағайындауымен, ойнаушылардың таңдауымен, өткен ойындардың нәтижесі бойынша жеребе тастап немесе кезегімен анықтайды. Кез-келген әдісті таңдау нақты жағдаймен белгіленеді.
Ойнаушылардың күшін команда бойынша дұрыс бөлу қажет. Күшті тең бөлмеу ойынды қызықсыз етеді. Команданы жетекшінің өзі немесе есеп бойынша бөледі.
Ойын жүргізуде көмекшілер мен төрешілер көп көмек береді. Бұл рольге бөлінген балалар уақыттың немесе ұпайдың есептегіші немесе төреші, тәртіп сақтаушы, ойын өтетін орынның жағдайын қадағалаушы болуы мүмкін. Сабақтан босатылған балалар да көмекшілер бола алады. (денсаулығына байланысты), тіпті балалар арасында беделі бар бала болғаны да жақсы. Ойынды ұйымдастырушылардың арнайы дайындығы қажет; оны мектептің алғашқы жылдарынан-ақ бастау керек.
Түсірдіру. Ойынды үйрену оны түсіндіруден басталады. Оны басталатын тұста түсіндірген дұрыс.
Созылыңқы түсіндірменің қажеті шамалы. Балалар ойлынның басталуын тағатсыздана күтеді және мұғалімді зорға тыңдайды. Қызықты әрі бейнелеп айту керек. Бұл әсіресе төменгі сынып оқушыларының бейнелеу ойындарында өте маңызды. Қажетті әңгіме ойын туралы толық мәлімет берумен қатар белсенді қатысуға тілек білдіретін қызығушылығын оятуы қажет.
Мұғалім ойынды түсіндіргенде барлығы оны көріп, есте алатындай жерде тұруы қажет. Егер ойын шеңберде жүрсе, онда ол шеңбер ортасынан 1-2 м жерде тұрады; қатарда тұрса, ол сап алдында болады, т.б.
Түсірдіргеннен кейін түсінбей қалған жерлерін сұрайды. Мұғалім сұрақтарға жауап бергеннен кейін кіріспе қадамды бастауға бұйрық береді.
Ойынды басқару, талассыз, ең қиын оған қоса мұғалімнің ең жауапты сәті. Тек ойын барысын дұрыс басқару ғана жоспарланған педагогикалық нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Ойынды басқару бірнеше міндетті элементтерді қарастырады. Оқушылар мен ұжымның әрекетін бақылау; қателерді анықтап, түзету, жеке және ұжымдық әрекеттің дұрыс әдісін көрсету; жеке дербессінуді, дөрекілікті, басқа жолдастарымен кері қатынаста бөлу тәрізді кемшіліктерді жойып, жүктемені реттеу, т.б.
Дәл осы ойынға жетекшілік етуде педагогтың шеберлігі көрінеді. Ол түгелдей оның ойын барысыг көруі мен түсіне білуіне негізделеді.
Жетекші алаңның барлығы тегіс көрінетіндей жерде тұруы тиіс. Көп оқушы қатысатын күрделі ойындарда көмекші-төреші тарту қажет. Бұндай жағдайда мұғалім өзі тек ойын барысын қадағалауы қажет.
Ойынды бағыттай отырып жетекші ойын міндетін шешу әдісін таңдауға көмектесіп, ойыншылардың белсенділігін, дербестігін және бастамашылдығын арттырады. Қажет жағдайда өзі де ойынға кірісіп, ойын жағдайында қалай қимылдау қажеттігін көрсетеді.
Қателерді дер кезінде түсетіп отыру қажет. Көбінесе бұған жетекшінің араласуы да жетіп жатыр. Түзету ойын барысында және арнайы тоқтатылып та жасалуы мүмкін. Тоқтаған сәтте барлық ойыншылар өз орнында қалуы керек. Қатені қысқа түсіндіріп, түзетуді жасап көрсету керек. Бұл амал жеткіліксіз болған жағдайда, арнайы жаттығулар пайдаланылады, бұл жағдайларды жекелеп түсіндіріп, талдап, керекті қимылдарды көрсетеді.
Ойын барысында ойнаушылар мінез-құлқындағы жоғары көңіл-күй шексіз шыдамсыздыққа әкеледі, ол қимылды қате жасауға және тәртіп пен ережені бұзуға себеп болады. Мұғалім бұндай жағдайдың алдын алып, қатысушыларды өз ісін бақылау білуге жүйелі түрде тәрбиелеп, оларды ұжым мүддесіне бағындырып, командадағы жолдасына құрметпен қарауға, адал ойнауға және ережені сақтауға үйретеді.
Бұл міндеттерді атқаруда төрешілік роль ойнайды. Ол ойынға араласып, әрекетті бағалап және ережені сақтауды талап етіп төреші ойын барысын белгіленген шеңберде ұстайды. Егер шешімі шапшаң, нық және балаларға түсінікті болса, онда төрешінің беделі зор.
Ойын нәтижесі қарапайым, түсінікті, сонымен қатар толық анықталуы тиіс. Көптеген ойындарда тек ұпайлар мен секундты есептеумен ғана шектелуге болмайды, міндетті түрде ойнаушылар әрекетінің дұрыстығын да ескере кету керек. Бұл тәсілдік жағынан дұрыс қимылды бекітуге нұсқайды, ол көбінесе жарыстың көңіл-күйі мен рухынан көрінбей қалады. Амалдарды орындаудағы қателерді әдетте метрлер мен ұпайларға теңестіреді, айып ұпайы секілді жалпы нәтижеге қосады.
Ұпайды есептеу және жеңімпазды анықтау көрнекті болуы тиіс. Бұл үшін жүйелі түрде есептегі өзгерістер туралы хабарлап тұру қажет. Төрешіліктегі ысқырық өте маңызды. Оны дауыстап, шапалақ ұрып немесе жалаушамен беруге болады, негізі ысқырықпен дұрыс саналады. Әдісті таңдау ойынмен ойнаушылар құрамына қарай анықталады.
Ысқырықпен қуатты араласу үлкен жарыстық мәні бар ойындарға қажет. Негізі қатты және жиі ысқыру керек емес.
Жетекші тек жазалап қана қоймай, кешірім шараларын да пайдалануы қажет. Оған тапсырманы дұрыс орындағанға ынталандыру ұпайын қосу, үздік командаға жеңілдік жасау, ең үздіктерді капитан және көмекші-төреші роліне қою жатады.
Жетекшінің ең маңызды міндеттерінің бірі – ойындағы жүктемені дұрыс мөлшерлеу. Жоғары көңіл-күй әсерінен балалар өз жағдайын бақылай алмайды. Нәтижесінде қатты шаршап немесе шыдамсызданып кетеді. Шаршау белгілері біліне салысымен (әлсіздік, дәлдік пен әрекетті бақылаудың жоғалуы, ашулану, т.б.) жүктемені азайту қажет. Оны түрлі әдіспен реттеуге болады. Ойын уақытын қысқарту, аялдаулар мен үзілістер ендіру, ойнаушылар санын азайту, алаң көлемін қысқарту, ойнаушылардың санын өзгерту, ереже мен ойнаушылар ролін өзгерту.
Ойынды уақытында тоқтату керек. Оны созу қызығушылықты жоғалтады және ойнаушыларды шаршатады. Оның кенеттен және түсініксіз аяқталуы да қанағаттанбауды көрсетеді. Ойынның аяқталуына қарай ойынның алдына қойған мақсатына жету қажет. Сонда ол қанағаттандырады және қайтадан қайталап ойнауға қызықтырады.
Ойынды ұйымдасқан түрде аяқтау қажет. Ойынды тоқтатып, жетекші нәтижені есептеп, жеңімпаздарды жариялайды. Бұдан соң ол ойынға талдау жүргізеді. Нәтижелерді бағалай отырып, ол ойнаушылардың қателіктерін талдауы тиіс. Олардың ойындарындағы дұрыс және кері сәттерді белгілеп, ойын әрекетінің дұрыс әдісін түсіндіруі тиіс. Бұнда үздік жүргізушілерді, капитандар мен төрешілерді атап өтіп, тәртіп бұзғандарға назар аударуы қажет.
Бұндай талдауды ойнаушылар біршама демалып болған соң жүргізген дұрыс. Бұл үшін сәл жүгіру немесе жаттығу жасап жүрген пайдалы.
Ойын сабақтарында басқа жаттығулар да болуы тиіс. Сондықтан жетекші оның мазмұнын алдын ала ойластырғанда ойын сабақтың белгілі бір бөлігінің ғана емес, басқа да жаттығулардың міндетін атқаруын анықтауы қажет.
Дайықтық бөлімінде зейінді жауап беру мен бағдарлау шапшаңдығын да дамытуға бағытталған ойындарды пайдаланған дұрыс. Олар өте ұзақ және күш түсіретіндей болмауы керек, олай етпесе, бұл сабақтың негізгі бөліміндегі оқу материалын меңгеруге зиян келтіреді. Зейінге арналған ойындарды сабақтың басында немесе соңында жүргізу қажет.
Негізгі бөлім үшін өтілген материалды жетілдіріп, бекітуге жәрдемдесетін ойындарды таңдайды. Оның жүктемесі үлкен болуы мүмкін, орындау дұрыстығына қойылатын талап та артады. Бұндай ойындарды негізгі бөлімнің соңында өткізеді.
Қорытынды бөлімде ойында оқушылардың басқа әрекет түріне біртіндеп бейімделуіне арналады. Сондықтан бұл жерде зейінді шоғырландырып, белгілер мен бұйрықтарды дәл анықтауға жету қажет. Бұндай ойындар жүктемені азайтуға оқушыларда сабақ туралы жақсы пікір қалыптастырып, сақтауға және оларды келесі сабақтарға дайындауға көмектеседі.
Қозғалыс ойындарын сабақ конспектісінде жазуда барлық белгілі ережелер сақталады. Ойынның аты мен оның сипаты «Мазмұны» бөлігіне жазылады. «Мөлшерлеу» бөлігінде ойынның болжамды ұзақтығы жазылады. Сабақ конспектісінің сәйкес графасына ұйымдастыру - әдістемелік нұсқаулар беріледі.
1-3 сынып оқушыларына арналған ойындар.
«Ұшқыштар»
Ойнаушылар саны – 20-40 адам.
Орны – алаң, зал.
Дайындық. Алаң жиектеріне 4-6 үшбұрыш айлақтар сызады. Олардың әрқайсысының ішіне – «тікұшақ» шеңберлер салынады, бірақ ол ойнаушыларға қарағанда сан жағынан аз болуы керек. Барлық балалар алаң ортасына шеңбер жасап тұрады.
Ойынның сипаты. Жетекші белгі берісімен балалар қолұстасып, шеңбер бойымен айналып, бәрі бірге айтады.
Күтеді алда тікұшақтар,
Ғаламшарлар аралауға!
Қайсысын біз қаласақ,
Сонысына ұшамыз!
Ойында бар бір құпия,
Кешіккенге орын жоқ.
Осы сөздерден кейін барлығы «айлақтарға» қарай жүгіріп, «тікұшақтардан» орын алады. Орын алуға үлгермегендер алаң ортасына келеді. Содан соң ойынды қайта жалғастырады.
Ойын ережесі. «Жоқ» сөзі айтылғаннан кейін ғана жүгіреді. «Тікұшақта» бір ғана ұшқыш болады, екі бала қатар келсе, шеңбер ішіне бірінші кіргені қалады.
Әдістемелік нұсқау. Өлеңді ойын басталғанға дейін жаттайды. Жетекші бірмезгілде бірнеше шеңберді көре алатындай орында тұруы қажет.
Ойынның педагогикалық мәні. Ол бағытын өзгертіп жүгіруде бағдарлауды жетілдіріп, күрт тоқтаған кезде тепе-теңдікті сақтауға жәрдемдесіп, жауап беру шапшаңдығын, танымын, ептілігін тәрбиелейді.
«Аңшылар мен үйрекшілер»
Ойнаушылар саны – 20-40 адам.
Орны – зал, алаң.
Дайындық. Ортаға үлкен шеңбер сызады. Ойнаушыларды екі командаға бөледі: «аңшылар» мен «үйректер». «Аңшылар» шеңбер сыртында тұрып, доп алады (волейбол добы). «Үйректер» шеңбер ішіне орналасады («Көл»).
Ойын сипаты. Жетекші белгі берісімен «аңшылар» шеңберге енбестен допты «үйректерге» тигізуге тырысады. Олар жалт береді, шеңбер ішіндегі қауіпсіздеу орынға қашады. Доп тиген «үйрек» ойыннан шағыды. Барлық «үйрекке» доп тигенше ойын жалғасады. Бұдан соң ойнаушылар орын ауысады. Аз уақыт жұмсаған немесе аталған уақытта келесі командаға қарағанда «үйректі» көп дәлдеген команда жеңеді.
Ереже.
1) «Аңшылар» шеңбер ішіне кіруіне рұқсат етілмейді, онда оның добы есептелмейді.
2) «Үйректерге» шеңберден шығып кетуге болмайды, ойын ережесін бұзған ойыннан шығады.
3) Бастан басқа дене бөлігіне тиген доп есептеледі және доп еденге түспеу керек.
4) Доп тиген ойыншы команда ауысқанша ойыннан шығады.
Әдістемелік нұсқаулар. Әріптестер арасында көптеп доп беруді пайдаланып, ойнаушылар ұжымшылдығын тәрбиелеу қажет. Кей жағдайларда жетекшінің өзінің де ойынға қатысқаны дұрыс.
Ойынның әдістемелік мәні. Оны шабуылдағы доп беруге оқыту үшін допты қағып алу мен беру әдіс-дағдыларына үйрету үшін пайдаланады. Ол бағдарлау мен жауап беру шапшаңдығын, пайымдауды, ептілік пен қимыл дәлдігін жетілдіруге және ұйымшылдықты дамытуға, шабуыл мен қорғаныста дұрыс орын табуға үйретеді және жетілдіруге көмектеседі. Бұл сапалар мен білімдер тең жағдайда мақсаты доппен белгіленген нысанаға дәл тию болып табылатын кез-келген командалық ойындарға өте маңызды әрі қажетті. Ойын баскетбол мен гандболға дайындық қатарына жатады.
4-5 сынып оқушыларына арналған ойындар.
«Қораздар шекісі»
Ойыншылар саны – 20-40 адам.
Орны – зал, алаң.
Дайындық. Балаларды олардың мүмкіндіктеріне қарай жұптастырып бөледі. Әр жұптағы ойыншылар бір-бірлеріне бір аяғын бүгіп, қолдарын артқа ұстап, қарама-қарсы тұрады.
Ойын сипаты. Белгі бойынша ойнаушылар иығымен итеріп, қарсыласын тепе-теңдіктен шығаруға, яғни оны екі аяқпен тұрысқа келтіруге тырысады. Әрбір осындай әрекетке бір ұпай қосылады. Көп ұпай жинағаны жеңеді.
Ереже.
1) Қолмен итеруге болмайды.
2) Бұйрықсыз аяқты ауыстыруға болмайды.
Әдістемелік нұсқаулар. Ойынға арналған алаң тегіс, шұңқырсыз жазық болуы тиіс. Егер ойын залда өтсе, онда ойыншылардың тығыз болмауын, одан жарақат алып қалмауын қадағалау қажет.
Ойынның педагогикалық мәні. Бұл ойын қарсылыққа арналған. Ол күшті ептілік пен жауап беру шапшаңдығын дамытуға ықпал етеді. Оны сабақтың дайындық бөлімінде пайдаланады.
«Жалаушаға жүгіру»
Ойнаушылар саны – 30-40 адам.
Орны – зал, алаң.
Дайындық. Ойнаушыларды екі командаға бөледі, олардың әрқайсысы бір-біріне қарама-қарсы сызықта тұрады. Капитандар сайлайды. Алаң ортасынан бір-бірінен 2-3 м қашықтықта екі сызық жүргізеді. Осы аймаққа шахмат ретімен жалаушалар қояды.
Ойын сипаты. Капитандардың бірі белгі берген соң екі команданың да ойыншылары алаң ортасына тез жүгіріп барып, жалаушаны көп жинауға тырысады. Сосын олар өз орындарына келіп, сапқа тұрады, жинаған жалаушаларын капитанға береді. Әрбір жалаушаға бір ұпай беріледі. Бұдан соң жалаушаларды қайта орнатып, ойын қайтадан ойналады. Көп ұпай жинаған команда жеңеді.
Ереже.
1) Әрбір ойыншы қанша жалау жинаса да ерікті.
2) Жалаушаны тартып алуға болмайды. Ереже бұзғаны үшін командадан ұпай алынады.
3) Ортаңғы аймақтың ішіне жалау үшін жүгіріп баруға болмайды.
Әдістемелік нұсқаулар. Жүгіру арасындағы үзілісті біршама қысқарту қажет, ол үшін ойнаушыларды, тез қатарға тұрып, санау үшін жалаушаны жоғары көтеріп, оны қайтадан орнатуға үйрету қажет. Сөреден орталыққа дейінгі арасы 30-40 м болатын үлкен алаңда жүгіруді үш рет қайталауға болады.
Ойынның педагогикалық мазмұны. Ойын шапшаң жүгіру қағидасын жетілдіруге көмектесіп, шапшаңдық пен ептілікті дамытады, ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелейді.
«Допқа талас»
Ойыншылар саны – 20 адамға жуық.
Орны мен жабдығы – зал, алаң, үлкен доп.
Дайындық. Ойынға баскетбол алаңының белгі сызықтарын жиі қолданады. Ойнаушыларды екі командаға бөледі. Капитандарын таңдайды. Әр команда бір түсті майка киеді немесе бір түсті белгі байлайды.
Ойын сипаты. Жетекші белгісі бойынша команда капитандары допты ойынға қосады. Допты иеленген команда оны өздеріне сақтап және бір-біріне көп доп беруге тырысады. Келесі команда керісінше допты алып қоюға және допты көп бергізбеуге күш салады. Допты алған соң бұл команда өз кезегінде оны өзінде сақтауға тырысады. Ойын ұзақтығы белгілі бір уақытпен немесе ұпай санымен белгіленеді. Көп ұпай жинаған команда жеңеді.
Ереже.
1) Доппен жүгіруге (үш қадамнан көп) және алаң сызығынан шығып кетуге болмайды)
2) Ойнаушыларды қолмен ұстауға немесе итеруге болмайды, т.б.
3) Ұсталған допты ойынға сызықтан ендіреді.
4) Бір ойыншы допты 2 рет қатар беруге болмайды.
5) Әрбір доп бергенде капитан есепті айту керек (әр доп беруге бір ұпай қосылады)
Әдістемелік нұсқаулар. Ойнаушылар саны көп болса, төрт команда құруға болады. Олар алаңның өзіне тиесілі жартысында ойнайды. Ойынға көмекшілер төрешілік етеді, ал жетекші ойын уақыты мен есебін бақылауы тиіс. Ойнаушылар әрекетін ұйымдастыра отырып, белгілі бір ойыншыны ұстауға, дұрыс ойнауға көңіл бөлу қажет.
Ойынның педагогикалық мазмұны. Ойын баскетбол мен гандболға дайындық ретінде жүргізіледі. Ойнаушылар осы спорт ойындарының тактикалық және тәсілдік элеменеттерін меңгереді.
6-8 сынып оқушыларына арналған ойындар.
Кедергіні бағындырумен қарсы кездесу эстафетасы
Ойнаушылар саны – 20-30 адам.
Орны – зал.
Достарыңызбен бөлісу: |