.Індеттанулық балау. Жоғарыда қарастырылған ауруды балаудың жолдары
нозологиялық диагноз қоюға бағытталған. Нозологиялық балау үшін
негізінен бір
ғана ауырған жануарды немесе одан алынған материалды зерттеу жеткілікті. Ал
індеттанулық балау тұтас бір территорияда індет процесінің дамуы мен індеттік
жағдайдың қалыптасуын анықтауды қажет етеді. Ол үшін
сол территориядағы
жануарлар арасында жұқпалы аурудың таралуы, қоршаған ортадағы жұғу
факторлары мен инфекция қоздырушыларының тасымалдаушылары және тағы
басқа да індеттенуге қатысты жәйттер мұқият тексеріледі. Нозологиялық диагноз
қою үшін
індеттанулық балау әдісі қолданылады. Одан індеттанулық балаудың
айырмашылығы: біріншісі зерттеу әдісі болса, соңғысы зерттеудің қорытындысы.
Індеттанулық балау әдісі ауруға диагноз қою үшін
індеттенуге қатысты кейбір
мағлұматтарды ғана қамтыса, індеттанулық балау індет поцесі мен індет ошағы
туралы керекті мәліметгердің тұжырымдалған қорытындысы болып табылады.
Індеттанулық балау әдісі ауруға диагноз қою үшін
қызмет етсе, індеттанулық
балау іңдетке қарсы нақтылы шараларды іске асырудың жолдарын көрсетеді.
Нозологиялық диагноз қойғанда індеттанулық әдістер арқылы ауру
қоздырушысының бастауының және оның берілу тетіктерінің немесе індет
ошағының бар-жоғы анықталса, індеттанулық балау кезінде бұл
аталғандар
егжей-тегежейлі сипатталуы керек. Мысалы, инфекция қоздырушысының
бастаулары түгелдей анықталып, олар басқа жануарлардан оқшаулануы керек.
Сондай-ақ аурудың берілу тетіктері де түгелдей нақтыланып, жойылуы қажет.
Іңдет ошағы туралы да "бар" немесе "жоқ" деген мәліметпен шектелмей, оның
шекарасы нақтыланып, сол арқылы карантин немесе тежеу межесі жүргізілуі
қажет. Қорыта келгеде, індеттанулық балаусыз іңдетке қарсы шараларды дұрыс
ұйымдастыру мүмкін
болмайды. Осыған қарамастан ветеринария практикасында
індеттанулық балауға жеткілікті көңіл бөлінбейді, соның салдарынан көп
жағдайда індетке қарсы шаралар дұрыс белгіленбейді де, олар ойдағыдай нәтиже
бермейді. Айталық індет ошағының шекарасын дұрыс анықтамай ауру шыққан
шаруашылықтың барлық территориясына түгелдей карантин жариялау
шаруашылыққа орынсыз зиян келтірумен бірге індетті жою шараларының
нәтижесіне де теріс ықпал етеді.
|