Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет32/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   146
вирус

Өтуі және симптомдары. Жасырын кезеңі 36 сағаттан 7 тәулікке, кейде 23 күнге дейін 
созылады. Клиникалық белгілерінің білінуі жануардың аусыл вирусына сезімталдығына және 
физиологиялық қалпына, ауру қоздырушысының уыттылығына байланысты. Аурудың өзіне тән 
белгілері ересек ірі қара малда айқын байқалады да, басқа бейім жануарларда, әсіресе бұзауда, 
қозыда, торайда аурудың белгілері өзіне тән болмайды. Аусылдың қатерлі және қатерсіз өтуі 
мүмкін. 
Аурудың бірінші белгісі жануардың денесінің ыстығының 41ºс-қа дейін және одан да 
жоғары көтерілуі болып табылады. Ауырған мал қатты қиналып, тамырының соғуы жиілеп
аузының кілігей қабығы мен коньюнктивасы қызарады, күйіс қайтаруы тоқтап, сүті қайтады, 
қаңсары құрғап, тұяқ көбесі домбыға бастайды. Мал басын төмен созып, көбінде ыңырсиды. 
Содан кейін шұбатылып аузынан сілекей аға бастайды да, тісін шықырлатып, оқтын-оқтын 
сілекейін жұтынады. Мал шөпті аса сақтықпен шайнайды да, ауырсынып жұтынады, қатты 
шөлдейді. Тұяқ көбесінің терісі домбығып, сезімталдығы артады. Мал зақымданған аяғын 
баспауға тырысып, аяқтарын кезек-кезек алмастырып басып тұрады. 
Ауру басталғаннан кейін 3 күндей өткеннен соң терінің жұқа жерлерінде қызарған 
бөріткендер пайда болады. Ауызды ашып қарағанда, кілегейлі қабықтарында күлдіреуіктер 
(афта) көрінеді, олар дөңгелек не сопақша болып, сұйыққа толып, сызданып тұрады да, 
саусақпен басқанда жарылады. Күлдіреуіктің жарылған жерінде кілегейлі қабық астындағы 
ұлпадан оңай сыдырылады. Күлдіреуіктер әсіресе тілдің үстіне жиі шығып, мөлшері тауықтың 


жұмыртқасындай, баланың жұдырығындай болады. Күлдіруіктің сөлі басында түссіз, кейіннен 
бактериялардың өсіп-өнуі нәтижесінде лайланып күңгірт түске ауысады. Кейде күлдіреуік онша 
томпаймайды да, оны сипап қана табуға болады. Ұсақ күлдіреуіктер езуде, ерін мен жақтың 
ішкі бетінде, қызыл иекте, таңдайда болады. Грек жаңғағындай үлкен күлдіреуіктер қаңсарда 
кездеседі. Кей жағдайда коньюнктива, мүйіздің түбі, дененің басқа да бөліктері зақымдануы 
мүмкін. Тұяқтың көбесі мен ашасында бұршақтай қолдырауықтар (папула) пайда болады да, 
өсе келе көгершіннің жұмыртқасындай болады. Мал ақсап, белін бүгіп, аяқтарын бауырына 
қарай жинап тұрады. Ұсақ афталар емшектің терісінде ғана болады. Кейде емшектер жіті 
домбығуға шалдығады. Желіні ісініп, мал қатты ауырсынады. 
Механикалық әсерден (шөп жегенде, сауғанда, сирағына әртүрлі заттар тигенде) афталар 
пайда болғанынан 1-3 күннен кейін жазылады. Олардың орнындағы қызылшақа эрозиялардың 
формалары мен мөлшері әртүрлі, шеттері жырым-жырым болады. Мұндай эрозиялар тілдің 
бүкіл кілегейлі қабығында болады да ауыздан сыдырылған эпителий қабықтары мен қанның 
сілемдері араласқан созылмалы сілекей ағады. Аңқаның және кеңірдектің зақымдануы жұтыну 
мен тыныс алуды қиындатады. Жүректің қызметінің бұзылуының нәтижесінде тахикардия
аритмия байқалады. Кейде ауырған малдың орталық жүйке жүйесі зақымданып, парез, паралич, 
атаксия, бұлшық еттерінің дірілі сияқты құбылыстар байқалады. Аусылдың вирусы буаз малды 
іш тастауға, төлді өлі немесе жетілмеген әлсіз күйінде табуға әкеліп соқтырады. Ауырған малды 
жақсылап бағып күткенде аурудың ақыры оңды болады. Ірі қарада өлім көрсеткіші 0,2-0,5 % 
деңгейінде. Ауру жұққаннан соң мал 3-4 апта өткеннен соң жазылады. 
Ауырған мал дұрыс бағылып күтілмесе, немесе уақытында емделмесе ауру асқынып 
кетеді. Мұндай жағдайда ауыз қуысындағы ұлпалар өліеттеніп абцессалар пайда болады. Тұяқ 
күбірткеленіп, түсіп қалуы мүмкін. Терең орналасқан ұлпалар зақымданып, дерт буын мен 
тарамысқа шабады. Желін қабынуы да жиі байқалады. Әсіресе ірің бактериялары
стрептококтар мен стафилококтар тудырған қосалқы мастит аса қауіпті болып табылады. 
Мұндай жағдай сауын сиырды мерзімінен бұрын жарамсыздыққа шығаруға себеп болады. 
Кәдімгідей қатерсіз өрбуімен бірге аусылдың қатерлі түрі де кездеседі. Ол жағдайда жүрек 
қызметі мен қан айналымының бұзылуы басым болады да, мал қатты күйзелген жағдайда 
болады. Әсіресе маститтің жіті түрі жиі байқалып, сүт беруін тоқтатып, мал жатып қалады. 
Аусыл қатерлі өрбігенде 7-14-ші күндерінде мал кенеттен өліп қалады, өлім 70-100 %-ға жетеді. 
Аусылдың қатерлі өрбуі әсіресе жас төлде жиі кездеседі. Бұзаудың денесінің ыстығы көтеріліп, 
қатты әлсіреп, күйзеледі, кейде гастроэнтерит, тахикардия, жүрек параличі байқалады. Ауырған 
бұзау әдетте 12-36 сағат ішінде миокардиттің әсерінен өліп кетеді. 
Қойда аусыл сиырға қарағанда бішама бәсең өтеді. Негізгі белгісі – дененің ыстығының 
көтерілуі. Ауызда пайда болатын тез басылып қалатын тарыдай ұсақ афталар (күлдіреуік жара) 
әдетте байқалмай қалуы мүмкін. Тұяқтың өкшесінің жоғарғы жағында, тұяқ көбесі мен тұяқ 
аралығында аурудың бесінші күнінде афта пайда болады. Мұндай жағдайда мал ақсайды. 
Аусыл сақман кезінде байқалса қозылар жүрек еті мен орталық жүйке жүйесінің 
зақымдануынан өлімге ұшырайды. Ересек қойлардың аусылдың вирусына сезімталдығының 
төмен болуынан ортадағы барлық малдардың ауру болуы ұзақ уақытқа созылады. 
Шошқа аусыл болғанда талпақ танауында, желінінде, тұяқ көбесінде афта пайда болады. 
Ауырған хайуан ұзақ уақыт жатып алады, жорғалап қана, тізерлеп қозғалады. Эксудативтік 
процестер өрбігенде, ауру сирағына аз-маз зақым келсе тұяғы сыдырылып түсіп қалады. 
Торайларда аусыл сепсис түрінде өтеді де, ауру шыққан фермадағы барлық еметін торайлар 
қырылып қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет