Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет49/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   146
вирус

Иммунитет. Шешекпен ауырып жазылған жануарларда іс жүзінде өмірлік берік 
иммунитет қалыптасады. Ондай жануарлардың қан сарысуында өзгеше антиденелер болады, ал 
ұлпаларда, әсірере теріде өзгеше төзімділік қалыптасады.
Шешекке қарсы бірнеше вакциналар қолданылады. Vaccina orthopoxvirus қоздыратын 
ауруға қарсы сиырды, жылқыны, түйені, шошқаны медициналық шешек детрит вакцинасымен 
егуге болады. Сиырдың күнтимесіне, құлағының ішіне немесе мойнының төменгі тұсының 
терісін скарификатормен немесе скальпельдің ұшымен тырнап адамға арналған 3-5 дозасын 
тамызады. Ал жылқымен түйенің мойының төменгі жағының терісін скальпельдің ұшының 
сырт жағымен ұзындығы 3-4 см 3-4 сызат салып, 3-5 тамшы езілген вакцинаны тамызады. 
Қойдың шешегінде қарсы КСРО-да 1944 жылы бері алюминий сутотықты формолвакцина 
қолданады. Онымен ешкіні де егуге болады. Ешкіге арналған Тәжікстанда даярлаған 
аллюминий сутотықты формолглицерин вакцина бар. Сонымен қатар қойды шешектен, 
братзодтан, энтеротоксемьядан сақтайтын поливалентті вакцина бар. 1978 ж. бастап вирустың 
әлсіретілген штаммын торша өскіндісінде өсіріліп даярланған тірі вакцина қолданылады. Бұл 
препарат залалсыз, иммуногендігі жоғары. Егілген малдың төзімділігі 3-5 күннен кейін 
қалыптасып, 9-12 айға жетеді. 
Соңғы жылдары қойды егу үшін кейбір елдерде әлсіретілген вирус штаммдарын торша 
өсіндісінде өсіріп, иммунділігі жоғары вакциналар даярлай бастайды. Иракта РМ/65 
штаммынан, Тунис пен Румынияда Перего мен Фанар штаммдарынан даярлаған вакциналар 
қолданылады.
Шошқаның табиғи өз шешегі кезінде жасанды иммунитет қалыптастыру мақсатымен ауру 
зілсіз жеңіл өткен жануарлардан детрит қабыршақтарын жинап, скарификатормен тырналған 
терісіне тамызып егеді.
Тауықтың шешеке қарсы 2 түрлі вакциналаларымен егеді: көгершін шешегінің вирусынан 
даярлаған және тауық шешегінің әлсіретілген вирусынан даярланған. Көгершін шешегінің НД 
штаммынан даярлаған вакцинаны 1-1,5 айға толған құсқа егеді. Иммунитет 3 аптада 
қалыптасып балапанда 3 ай, мекиенде 10 айға дейін сақталады. Әлсіретілген Әзірбайжандық 27 
АШ штаммынан алынған құрғақ эмбрион вакцинамен тауықты, қырғауылды егеді. Иммунитет 
15-20 күнге қалыптасып, балапанда 4 ай, ересектерде 9-10 ай сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет