Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


Дауалау және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет50/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   146
вирус

Дауалау және күресу шаралары. Шешектің алдын алу үшін ветеринарлық-санитарлық 
шарларды қатаң сақтау керек. Жаңадан әкелінген малды карантинге ұстап, алысқа айдаған 
жолында басқа малмен жанасуына жол бермеу керек, шешек егілген малдың 14 күнге дейін 
малды күтіп, жанасуына болмайды. Сау емес шаруашылықтағы барлық мал егілуі керек. 
Құс өсіретін шаруашылықтарда жаңадан әкелінген құс 30 күн карантинде болады. Құс 
әкелінгенде босаған қора жай мұқият санитариялық тазалаудан өткізіліп, дезинфекцияланады.
Шешек байқалған қой, ешкі, түйе, құс өсірілетін шаруашылықтарға карантин, ал сиыр, 
шошқа, жылқы және басқа мал түліктерін өсіретін шаруашылықтарға шектеу қойылады.
Ауырған және күдікті жануарларды бөліп алып емдейді. Клиникалық тұрғыдан сау қой 
мен ешкіні басқа қораға әкетеді, егер жайылымда болса жайылымын ауыстырады да, шешекке 
қарсы вакцинамен егеді. Қораны 3 % күйдіргіш натрии ертіндісімен немесе 20 % жаңадан 
сөдірілген әк тұнбасымен дезинфекциялайды. Шешектен өлген қой, ешкі, түйенің өлексесімен 
терісімен, жүнімен бірге өртейді. Сау емес отардан алынған сүтті 80°С кезінде 30 мин 
пастерлеп немесе 5 мин қайнатып шаруашылықтың өзінде ғана пайдаланады. Аталған 
түліктердің шешегі байқалған шаруашылықтың төңірегі қатер төнген аймақ деп есептеліп, індет 


ошағы жойылғаннан кейін де 3 жыл бойы сақтық вакциналау жүргізіледі. Сиыр, шошқа, 
жылқыда шешек байқалған індеттің кең таралу сыңайы болғанда ғана вакцина егеді.
Карантин шешекпен ауырған соңғы қой, ешкі немесе түйе толық жазылған соң, болмаса 
өлген немесе сойылған соң 20 күн өткенде алынады. Карантин алғанда қорытынды 
дезинфекция жасалып, жануарлардың үстері зарарсыздандырылады. Шектеу сиырдың шешегі 
кезінде 20 күн өткен соң, ал шошқаның шешегі кезінде 14 күн өткенде, карантинді 
тоқтатардағы шарттарды орындап барып, алынады.
Құс шаруашылықтарында шешекке диагноз қойылған жағдайда ауырған құстарды сойып, 
етін қайнатып содан соң пайдаланады. Барлық жастағы құстарды әкетуге тиым салынады. Сау 
емес шаруашылықтың жұмыртқасын тек қана азық-түлікке жаратуға рұқсат етіледі. Егер шешек 
жаппай етек алатындай болса, барлық құсты сойған жөн. Ауру шықпаған шаруашылықта құс 
қораларында шартты түрде сау құстарды түгелдей вакцинамен егеді. Сонымен қатар қатер 
төнген аймақтағы барлық құстарды жеке меншіктегісімен қоса вакцинамен егеді. Құс 
қораларды 4% күйдіргіш натрийдің ыстық ертіндісімен, формальдегиттің аэрозольді 
шашырандысымен, 20 % жаңа сөндірілген әкпен дезинфекциялайды. Мамық пен қауырсынды 
1% күйдіргіш натрийге 3% формальдегидпен зарарсыздандырады. Құстың саңғырығын жинап, 
көң қоймасында биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады. Карантинді ауру жойылған соң 2 
айдан кейін алады. Оның алдында құс қораларын мұқият тазартып, дезинфекциялайды. Ересек 
құс пен балапандарды басқа шаруашылықтарға апаруға карантин алынған соң 6 ай өткеннен 
кейін ғана рұқсат етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет