жануарларға биосынама қоюға, КБР, ДПР, БР, ИФР, ГАТР, ЖГАР, ИФТ көмегімен вирустар
мен олардың антигендерін анықтауға негізделген.
Клиникалық балауы. Аурудың жасырын кезеңі табиғи жағдайда 3 күннен 15 күнге дейін,
ал экспериментальды жағдайда 3-7 күнге созылады. Ауру ағымы –
сирек жағдайда өте жіті,
жіті, жітілеу және абортивті түрде өтеді. Обаның симптомы әртүрлі болып келеді және
вирустардың вируленттілігіне, жануарлардың түріне, тұқымы мен шалдыққан малдардың
иммундық күйіне байланысты болады.
Өте жіті ағымда жас малдар мен жаңа туылған төлдердің клиникалық белгілері
байқалмай дене қызуы 42
о
С-ге дейін көтеріледі. Тек кейбіреулерінің кілегей қабықшаларының
ісігендігін байқауға болады.
Аурудың жіті ағымында малдардың дене қызуы 40-42
о
С болады, еріні мен қызыл иегінің
кілегейлі қабықшалары зақымдалады, ұсақ түйіршіктер, эрозиялар мен жаралар пайда болады.
Ауызынан жағымсыз иісі бар кілегейлі сілекей, ал мұрынынан іріңді-кілегейлі сұйықтық ағады,
көздің мөлдір қабаты күңгірттенеді, вагинит, гастроэнтерит, нәжісі сұйық, кілегейлі қан аралас
және некрозға ұшыраған ұлпалары бар іші өтеді. Тік ішектің кілегейлі қабығы сыртына қарай
аударылып, қою қызыл түсті болып көрінеді. Буаз малдар іш тастап, тез арықтайды.
Малдар
қиналып
тыныс алады, жөтеледі, мұрын айнасы құрғайды, жалпы күйі нашарлайды,
азықтанбайды. Бұл ағымда ауырған малдардың біразы 7-9-шы тәулікте өлімге ұшырайды. Өте
сирек жағдайда аурудың 10-шы күні
клиникалық белгілері басылып, жануарлар 20-25 күннен
кейін сауығып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: