алған суспензияны 0,1-0,15 мл мөлшерінде егіп, 10 күн бойы бақылайды. Оң нәтиже болған
жағдайда инъекция жасалған орындарында шешекке тән белгілер (розеола, папула, везикула,
пустула, некроз) пайда болады. Олардың телімділігі шешекке тән ошақтардың кесінділерінен
дайындалған жағындыларды вирусосокопиялау арқылы элементтарлық
денешіктерді көру
арқылы айқындалады.
Вирустардың индикациясы мен серологиялық идентификациясында комплементті
байланыстыру, иммунофлюоресценция, вирустарды бейтараптау, диффузиялық преципитация
реакциялары және иммунды ферменттік талдау тәсілдері қолданылады.
ЖЫЛҚЫЛАРДЫҢ АФРИКАЛЫҚ ОБАСЫ
(Pestis africana equorum)
Жылқылардың африкалық обасы –
жіті ағымда өтетін, қызбамен, тері асты
клетчаткаларының ісінуімен, ішкі органдарының қанталауымен, тыныс мүшелері мен қан
айналымының зақымдануымен және малдардың көпшілігінің өлімге ұшырауымен
сипатталатын, қан сорғыш насекомдар арқылы трансмиссивті жолмен тарайтын вирустық індет.
Табиғи жағдайда тақ тұяқтылар: жылқы, қашыр, есек пен зебралар жиі шалдығады.
Ауру қоздырушысы РНҚ-лы бар вирустар тобына,
Reoviridae тұқымдастығына,
Orbivirus
туыстығына жатады. Жылқылардың африкалық оба вирусының ортақ комплементті
байланыстырушы антигені бар 9 түрлі серологиялық типі бар. Бұл вирусты 1934 жылы алғаш
рет анықтаған ғалымдар Александер мен Ди-Туа. Вирионның пішіні икосаэдр тәрізді, диаметрі
70-80 нм болады.
Жылқылардың африкалық оба вирусы сыртқы ортаның түрлі әсерлеріне төзімді келеді.
Вирус +50
о
С-де 3 сағаттан соң, +60
о
С-де 15 минуттан кейін ғана белсенділігін жояды. Ауру мал
қанын +70
о
С-ге қыздырғанда 5 минутта, ал +45
о
С-де 6 тәулікке дейін шыдайды. рН-ы 6,0 мен
12,0
аралығында
тіршілігін
жоймаса,
қышқылдық
орталарға
сезімтал
келеді.
Лиофилизацияланған вирустар бірнеше жыл бойы сақталады. Сілтілердің, формалиннің,
тотықтырғыштар мен бірхлорлы йодтың әсерінен вирустар инактивацияланады.
Жылқылардың африкалық обасын балау эпизоотологиялық деректерге (жаз
айларында
көп тіркелуі, тек тақ тұяқтылардың шалдығуы, т.б.), клиникалық белгілеріне (лихорадка, ісік,
жөтел, танауынан сұйықтықтар ағуы, жүрек қызметінің нашарлауы), патологоанатомиялық
өзгерістеріне (тері асты клетчаткалары
мен өкпесінің ісінуі, дене қуыстарында экссудат
жиналуы, қанталаулардың болуы, т.б.), биосынама нәтижелері (ауру мал қанын жылқылардың
қан тамырларына немесе тышқандардың миына жұқтыру) серологиялық реакциялар (АР, ГАТР,
ДПР, БР, КБР, ИФТ), сонымен қатар вирустарды бөліп алу мен олардың антигендік туыстығын
анықтауға негізделген.
Клиникалық балауы. Табиғи жағдайда аурудың жасырын кезеңі 7-14 күн, ал кейбір
жағдайларда 2 күнге дейін созылуы мүмкін. Ауру өте жіті (симптомсыз), жіті (өкпелі) және
жітілеу (жүректі) және аралас (жүректі-өкпелі) ағымда өтеді. Бұл ауруға шалдыққан
жылқылардың 70-95%-ы, қашырлардың 50%-ы, ал есектердің 10%-ға жуығы өлімге ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: