қанға толған болады.
Дифференциалдық балауы. Жылқылардың африкалық обасын сібір жарасынан,
жылқылардың жұқпалы анемиясынан, вирустық артериттен, трипанозомоздан, пироплазмоздан
ажырату қажет. Аталған аурулардың барлықтарында өлекселердің көк бауыры ісінген болады,
ал жылқылардың африкалық обасында көк бауыр ұлғаймайды.
Зертханалық балауы.
Жылқылардың африкалық оба вирусын бөліп алуға және
идентификациялауға қажетті материал ретінде 50%-ды глицерин, 0,5%-ды фенол, 0,5%-ды
калий оксалатының ерітіндісімен немесе гепаринмен консервіленген ауру малдардың қаны,
өлген малдардың көк бауыры, өкпесі мен лимфа бездері алынады.
Алынған патологиялық
материалдар салқындатылған (+4
о
С) контейнерлермен зертханаларға жеткізіледі.
Вирустарды өсіру. Вирустарды бөліп алу үшін теңіз шошқасы мен ақ тышқандардың
организмін (әсіресе жас тышқандардың миында 3-4 пассаждан кейін жақсы өседі), тауық
эмбриондарын, қозы бүйрегінен алынған алғашқы жасуша өсінділерін, тауық эмбриондарының
фибробласттары мен маймыл бүйрегінен алынған жасуша өсінділерін пайдаланылады.
Биосынама. Иммунделмеген жылқыларға вирусты тері астына, тері ішіне, қан тамырына,
құрсақ қуысына, интратрахельды және интрапульмональды жолмен жұқтыруға болады.
Құрамында вирусы бар материалдың 5 мл-ін қан тамырға еккен жағдайда жылқылардың дене
қызуы көтеріліп, 10-15 тәулікте өлімге ұшырайды. 0,03-0,25 мл дозадағы материал
интрацеребральды жолмен жұқтырған 4-6 күндік ақ тышқандар 4-22 күн
аралығында өліп
қалады. Агональды жағдайдағы тышқандардың бас миын стерильді жағдайда алып, 1:10
қатынасында физиологиялық ерітіндімен араластырғаннан кейін оларды қайта жұқтыруға
пайдаланады. Вирусы бар материалды атжалмандардың жүрегіне жұқтырып, дене қызуы
көтерілгеннен кейін оларды өлтіріп, көк бауырын (құрамында вирусы бар) алады.
Вирустардың индикациясы мен идентификациясы. Вирустардың идентификациялау үшін
алынған үлгілерді комплементті
байланыстыру реакциясы, бөліп алған вирус штамдарының
типтерін анықтау үшін вирустарды бейтараптау реакциясы, патологиялық материалдар мен
жасуша өсінділерінің құрамындағы вирустың антигендерін табу үшін иммунофлюоресценция
реакциясы
мен иммунды ферменттік талдау, сонымен қатар гемагглютинацияны тежеу және
диффузиялық преципитация реакциялары қолданылады
ШОШҚАЛАРДЫҢ АФРИКАЛЫҚ ОБАСЫ
Достарыңызбен бөлісу: