Жіті ағымда шошқалардың дене қызуы көтеріледі,
мұрыны мен көзінен серозды-
кілегейлі сұйықтықтар бөлінеді, қабақтары ісінеді, қан аралас іші өтеді, құсады, өкпенің
қабынуы байқалады, жөтеледі. Құлақ, тұмсық, көкірек және қарын аумақтары көгеріп, кейіннен
сол жерлеріне қан құйылады. Өлуіне 1-2 күн қалған кейбір жануарларда паралич, кератит,
менингоэнцефалит белгілері байқалады. Буаз мегежіндер іш тастайды. Ауру 4-10 күнге
созылып, өліммен аяқталады. Үй шошқаларының өлімге ұшырауы 100%-ға жетеді.
Жітілеу ағымы 15-45 күнге созылады. ауру белгілері
жіті ағымдағыдай болып,
жануарлардың 30-70%-ы өлімге ұшырайды. Осыдан тірі қалған шошқаларда ауру созылмалы
түрге ауысады.
Аурудың созылмалы ағымы бірнеше айға созылады. Шошқалар біртіндеп арықтайды,
бойлары өспейді, перикардит, бронхопневмония, артрит байқалады.
Аяқтарының, басының,
арқасының терілері некрозға ұшырайды. Некрозға ұшыраған құлақтары түсіп қалады. Жақтың
тері асты клетчаткалары мен лимфа бездері ісінген болады. Қатты жүдеген жануарлар өліп
қалады, ал тірі қалғандары вирус тасымалдаушыларға айналады.
Латентті ағымдағы шошқаларда аурудың клиникалық белгілері байқалмай, вирус
тасымалдаушы, яғни шошқалардың африкандық оба қоздырушысын сыртқы ортаға
таратушыларға айналып, сау жануарларды ауруға шалдықтырады.
Патологоанатомиялық балауы. Шошқалардың африкалық обасыннан өлген шошқалардың
ретикулоэндотелиальды жүйесі
қатты зақымдалған, геморрагиялық диатез, түрлі органдарда
дистрофиялық және некротикалық ошақтарды байқалады. Өлексенің сіресіп қалуы тез дамиды
және анық көрінеді. Ауыздың жыныс мүшелері мен конъюнктиваның кілегейлі қабықтары,
терілерінің кейбір жерлері көкшілденіп, жаппай қанталаған. Көкірек және құрсақ қуыстарында
фибрин, кейде қан аралас серозды геморрагиялық экссудат жиналған. Лимфа бездері ұлғайып,
қанталап, оларда ұйыған қан немесе гематома кездеседі. Көк бауыр қара қошқылданып, шектен
тыс ұлғаяды. Өкпенің домбығуы байқалады. Бүйрек қанға толы, бауыр мен өт қабы ұлғайған.
Тері асты шелі, құрсақ қуысындағы органдардың және шажырқайдың қан тамырлары ұйымаған
қанға толы болады.
Дифференциалдық балауы. Шошқалардың африкалық обасын шошқаның классикалық
обасынан, шошқа тілмесінен, пастереллезден, сальмонеллезден,
сібір жарасынан және кез
келген уланудан ажырату қажет. Шошқалардың африкалық обасын классикалық обадан
ажырату үшін міндетті түрде вирус жұқтырылған шошқаның лейкоцитарлық өсінділерін
гемадсорбция
реакциясымен
зерттейді.
Себебі,
классикалық
обада
вирустар
гемадсорбцияланбайды, ал африкалық оба вирусы гемадсорбцияланады.
Зертханалық балауы.
Зерттеуге қажетті материал ретінде шошқалардың дене
қызуының алғашқы көтерілуі кезінде алынған қан үлгілері (1:10 қатынасында гепарин
қосылған),
көк бауыр, бүйрек, лимфа бездері мен ауру және сауығып келе жатқан
жануарлардың қан сарысулары алынады. Патологиялық материалдар +4
о
С-де сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: