Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет60/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   146
вирус

Биосынама. Қойларға вирусы бар материалды интраназальды, интрацеребральды жолмен, 
қан тамырға, құрсақ қуысына, тері астына, тері ішіне, бұлшық етіне егу арқылы жұқтыруға 
болады. Қан тамырына вирулентті вирусы бар қанның 0,01 мл-ін егеді. Летальды 
инфекцияларды болдыру үшін қоздырушыны жаңа туылған тышқандар мен қалтаауыздарға 
интрацеребральды жолмен жұқтырады. Тақ тұяқтылар, ит, мысық, сасық күзен мен теңіз 
шошқалары бұл вирусқа сезімтал емес. 
Вирустардың индикациясы мен идентификациясы. Тауық эмбриондарында, зертханалық 
жануарлар организмінде және жасуша өсінділерінде өсірілген вирустардың типтерін анықтау 
үшін олардың типтеріне телімді қан сарысуларының көмегімен бейтараптау, комплементті 
байланыстыру мен диффузиялық преципитация реакциялары, жасуша өсінділеріндегі 
вирустарды тез арада анықтау үшін иммунофлуоресценция реакциясы және иммунды 
ферменттік 
талдау 
қолданылады. 
Вирус 
антигендерінің 
идентификациясында 
иммунофлуоресценция, бейтараптау реакциялары, моноклоналды антиденелер негізінде 
жүргізілетін иммунды электронды микроскопия мен иммунды ферменттік талдау әдістерін, ал 
вирустың нуклеин қышқылдарын анықтау үшін гибридизациялық талдау мен полимеразалы-
тізбекті реакция пайдаланылады. Жануарлардың қан сарысуларының құрамындағы 
антиденелерді анықтау жұмыстары комплементті байланыстыру, диффузиялық преципитация 
реакциялары мен иммунды ферменттік талдау көмегімен жүргізіледі 
ҰСАҚ МҮЙІЗДІ МАЛДАР ШЕШЕГІ 
(Variola ovium et caprarum) 
Ұсақ мүйізді малдардың шешегі жіті ағымда өтетін, қызбамен, тері мен кілегейлі 
қабықшаларында іріңді түйіндердің пайда болуымен, уланумен және өліммен сипатталатын аса 
жұғымтал жұқпалы вирустық індет. 
Табиғи жағдайда қойлар қойлар мен ешкілер (әсіресе будандастырылған тұқымдары) 
шалдығады.
Ауру қоздырушысы ДНҚ-лы бар вирустар тобына, Poxviridae тұқымдастығына, 
Capropoxvirus туыстығына жатады. Қой шешегі вирусы антигенділігі жағынан жұқпалы түйінді 
дерматитке ұқсас келеді. Қоздырушының эпителиотропты қасиеті бар, жасушаларда қарапайым 
микроскоппен көрінетін Пашен денешігін түзеді. Қазіргі кезде шешек вирусының 100-ден астам 
түрі белгілі. Бұл вирусты 1903 жылы француз ғалымы А. Боррел анықтаған. Вирион ірі, пішіні 
сопақша келген, нуклеоидында ішкі және сыртқы мембранадан тұратын қабығы, беткейінде 
талшықтары бар, диаметрі 200-400 нм болады.
Шешек вирусы сыртқы орта әсерлеріне төзімді келеді. Құрғақшылықта 1,5 жылға дейін, 
қораларда 6 ай, жүнде 2 ай, лиофильденген жағдайда 20 жылға дейін сақталады. 
Дезинфекциялаушы заттар ретінде карбол, күкірт және тұз қышқылдарының 2-5%-ды 
ерітінділерін, хлорамин, 3%-ды күйдіргіш натрий, қолданылады.
Ұсақ мүйізді малдардың шешегін балау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық 
белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне және зертхана жағдайында микроскопиялық 
зерттеуге, вирустарды бөліп алуға, гистологиялық зерттеулерге және ауруды анықтаудың 
қосымша әдістері ретінде иммунофлюоресценция, вирустарды бейтараптау, диффузиялық 


преципитация реакциялары мен иммунды ферменттік талдау пайдалануға негізделген. 
Клиникалық балауы. Аурудың жасырын кезеңі 8 күннен 21 күнге (орта есеппен 12 күн) 
дейін созылады. Ауру субклиникалық (тасты және абортивті), папулезді-везикулярлы 
(жарақаттарының бір-біріне қосылған) және нодулярлы (геморрагиялық немесе қара шешек) 
түрде өтеді. Бұл жағдайда малдар жүдейді, анарексия болады, дене қызуы 41-42
о
С-ге дейін 
көтеріледі. Қабақтары ісінеді, конъюнктивит, жарықтан қорқады, көздерінен жас ағады, 
танауларынан серозды-кілегейлі сұйықтық ағады, дыныс алуы қиындайды. Шешекке тән 
бөртпе ошақтары қызарып, 1-4 күннен кейін жүні аз жерлерінің терісінде (енінде, желінінде, 
ерінінде, тұмсығында, көз айналасында, құрсағы мен аяқтарының ішкі беткейлерінде) жақсы 
байқала бастайды. 1-2 күннен соң қызарған бөртпелер дөңгеленген, тығыз папулаларға 
айналады. Кейбір жануарларда папулалар некрозға ұшырап, құрғап, қабыршаққа айналып, 3-6 
күннен кейін түсіп қалады. Түсіп қалған қабыршақтарының орындары ашық қызыл немесе 
қызғылт түсті болып тыртықтанады. Шешекке шалдыққан жануарлардың шамамен 15-25%-
ында патологиялық процесс созылып, 3-5 тәуліктен кейін папулалар везикулаларға айналады. 
Шешек бөртпелері қатты қышып, патологиялық процесс терінің басқа жеріне жайыла бастайды. 
Везикулалар мен пустулалар бір-бірімен қосылып, үлкен іріңді жарақатқа айналады. Аурудың 
бұл ағымдарында дене қызуы қатты көтеріледі, жағдайы қиындап, малдардың көпшілігі өлімге 
ұшырайды. Терілерінде терең жарақаттанған жағдайда қан тамырлары зақымдалып, сау 
терілері, кілегей қабықшалары, папулалар, везикулалар мен пустулалар қанталайды. Бөртпелер 
беттері қабынып, іріңді экссудат жиналып, беттері қараяды (геморрагиялық түрі). Бұл жағлайда 
мұрындарынан, тістің қызыл иегінен қан ағады, қан аралас іші өтеді. Малдар тез әлсірейді, дене 
қызуы қатты көтеріледі, организм уланады, жұдеп, өледі. Аурудың абортивті түрінде 
малдардың өлімге ұшырауы 2-5%-дан аспайды, ал геморрагиялық немесе қара шешек түрінде 
жануарлардың өлімі 70-100%-ға дейін жетеді. Ешкілерде бөртпелер негізінен желін терісінде 
болады, ал лақтарда ауыз және мұрын қуыстарының кілегейлі қабықтары зақымдалады.
Патологоанатомиялық балауы. Патологоанатомиялық өзгерістер клиникалық белгілерінің 
пайда болуына, аурудың ағымы мен ұзақтығына, сонымен қатар аурудың асқынуына немесе 
аралас инфекцияның болуына байланысты болады. Өлексе жүдеу, сусызданған, жүндері 
тікірейген, терісі әр түрлі сатыдағы экзантемаға ұшыраған. Ауыз, мұрын, трахея, үлкен қарын, 
ұлтабар кілегей қабықтарында, қынабы мен ұрық бездерінде, желін үрпілерінде 
эрозия мен 
жаралар байқалады. Өкпесінің беткейінде лимфа бездеріне ұқсас көптеген сұрғылт-ақ түсті 
ошақтар, жиі жағдайда крупозды пневмония мен гангренаға ұшыраған бөліктері байқалады. 
Лимфа бездері ұлғайған, гипрермияланған, серозды қабықшалары ісініп, қанталаған. Бауыры, 
жүрегі мен бүйректерінің паренхиматозды дегенерацияланғандығын көруге болады.
Дифференциалдық балауы. Ұсақ мүйізді малдардың шешегін аусылдан, везикулярлы 
стоматиттен, қой мен ешкілердің контагиозды эктимасынан, қойлардың катаральды 
қызбасынан, ұсақ малдар обасы мен жұқпалы есес экзема этиологиясынан ажырату қажет. 
Зертханалық балауы. Шешек вирусын бөліп алуға және идентификациялауға қажетті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет