Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет70/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   146
вирус

Асептика қоршаған ортадан микроорганизмдер мен вирустардың адам 
ағзасына, сондай-ақ зерттелетін материалға түсуіне жол бермейтін шаралар мен 
жұмыс әдістерінің жүйесі. Ол стерильді құралдар мен материалдарды 
пайдалануды, қызметкерлердің қолдарын қорғауды қарастырады. 
Антисептика – терінің және шырышты қабаттардың зақымдалған немесе 
зақымданбаған жерлеріне енген жағдайда инфекциялық процесті тудыруы 
мүмкін микроорганизмдер мен вирустарды жоюға бағытталған шаралар кешені. 
Осы мақсатта антисептикалық препараттар қолданылады. 
Дезинфекция – физикалық (УК-сәулелену, жер бетін жалындату және т.б.) 


және химиялық (дезинфекциялағыш заттар) әдістермен адам мен жануарларға 
патогенді микроорганизмдер мен вирустарды жою арқылы қоршаған орта 
объектілерін залалсыздандыру. Дезинфекциялау құралдарын таңдау және 
олардың концентрациясы дезинфекцияланатын материалға байланысты. 
Стерилизация – әртүрлі материалдардағы микроорганизмдер мен 
вирустарды жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Стерилизация физикалық және 
химиялық әдістермен жүзеге асырылады. 
Құрамында вирусы бар материалмен жұмыс істеу ережелері. Білім 
алушы зертханалық сабақтарда жұмыстарды орындау барысында келесі 
ережелерді сақтауы шарт. 
1. Зертханаға тек арнайы киіммен (зертханалық халат, бахилалар) кіруі 
және шығуы қажет. 
2. Зертханада тамақ ішуге тыйым салынады. Жұмыс үстелінде бөтен 
заттар, соның ішінде ұялы телефондар мен басқа электрондық құрылғылар 
болмауы керек. 
3. Вирустармен жұмысты арнайы бөлінген жабық орындарда – бокстарда 
(ламинарлық бокс) жүргізу керек. 
Ламинарлық бокс – стерильді жағдайда биологиялық объектілермен 
жұмыс істеуге арналған зертханалық құрылғы. Бұл жарықтандырғыштармен, 
ультракүлгін шамдармен және стерильді ауа беру жүйесімен жабдықталған 
шкаф. 
4. Бакста вирустармен жүргізілетін жұмыстардың барлығы жеңі ұзын және 
түймелі манжеттері бар зертханалық халат, қалпақ, дәкеден жасалған 
медициналық маска және қолғаптарды киіп орындау керек. 
5. Бокстағы жұмыстардың барлық түрі жалынның жанында жүргізілуі 
керек. 
6. Вирустармен жұмыс істегенде тек стерильді шығын материалдарын: 
құралдарды, зертханалық ыдыстарды, ерітінділерді және т.б. қолданады. 
7. Ұсақ дисперсиялы аэрозольдердің пайда болуына жол берілмеуі қажет. 
8. Жұмыс аяқталғаннан кейін барлық сұйық қалдықтарды дезинфекциялық 
ерітіндіге салады; қатты тұрмыстық қалдықтар автоклавтауға немесе 
стерилизациялауға арналған контейнерлерге (бикстерге) салынады; құралдар – 
қайнатуға арналған стерилизаторларға салады; шыны және бір рет 
қолданылатын пластикті ыдыстарды және басқа шығын материалдарын 
дезинфекциялық ерітіндіге батырады.
Жұмыс үстелінің бетін дезинфекциялық ерітінділермен өңдейді. Бокс 
бөлмесіндегі ауаны бактерицидтік шаммен залалсыздандырады. Жұмыс 
аяқталған соң қолды арнайы антисептиктермен өңдейді немесе сілтілі 
сабынмен жуады. 
9. Алдын ала дезинфекцияланбаған қалдықтарды жалпы пайдаланудағы 
канализацияға төгуге немесе тастауға тыйым салынады (8-тармақты қараңыз). 
10. Күтпеген жағдай туындаған уақытта, мысалы, білім алушы вирусы бар 
материалды төгіп алғанда, бұл туралы тез арада оқытушыға хабарлау және 
дезинфекциялау шараларын жүргізу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет