Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет67/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   146
вирус

Вирустарды өсіру. Құс тұмауының вирусы тауық эмбриондарында жақсы өседі. 
Вирустардың көп мөлшерде жиналуы олардың вируленттілігіне және онда адаптациялануына 
байланысты болып келеді. Тұмау вирусының барлық штамдары бірінші пассаждан кейін 26-36 
сағаттан соң эмбриондарды өлімге ұшыратып, олардың вируленттілігі арта түседі. Вирустың 
кейбір штамдарын тауық эмбрионы фибробласттарынан алынған жасуша өсінділерінде, 
маймыл бүрегінен алынған алғашқы-трипсинделген жасуша өсінділерінде, басқаларын 
диплоидты және тұрақты жасуша өсінділерінде де өсіруге болады.
Біз құс тұмауы вирусының А типінің H5N1 штамынан белокты антиген алу үшін ауру 
құстардың трахеальдық және клоака жағындыларынан дайындалған 10%-ды суспензияға 
антибиотик қосып 9-11 күндік тауық эмбриондарының аллантоис қуысына енгізгеннен кейін 
+35-37
о
С-ге реттелген, ылғалдылығы 56-57%-ды құрайтын термостатта 4-7 тәулік бойы өсірдік. 
Инкубациялау уақыты аяқталғаннан кейін тауық эмбриондарын салқындатып (+4
о
С), аллантоис 
сұйықтығының гемагглютинирлеуші белсенділігін гемагглютинация реакциясымен анықтадық. 
Белсенділік көрсеткен вирустарды инактивациялау үшін эмбриондардың аллантоис 
сұйықтығына β-пропилактон қостық. Зерттеуге алынған материалдың құрамындағы белоктың 
концентрациялары 8 мг/мл-ді құрады (2007).
Биосынама. Зерттеуге алынған суспензияны 4-8 апталық тауық балапандарының тері 
астына, бұлшық етіне, миына немесе конъюнктивасына жұқтырады. Әдетте жұқтырылған 
балапандар, қоздырушының дозасына және вируленттілігіне байланысты 36-72 сағаттан кейін 
өлімге ұшырайды.
Цитоскопия. Бұл әдіспен тексеру үшін құстардың жоғарғы тыныс жолдарының кілегейлі 
қабықшалары және органдарының ұлпаларынан дайындалған жағындыларды пайдаланады. 
Препараттарды кептіргеннен кейін Романовский, Пигаревский, Быковский әдістерімен бояйды. 
Тұмауға шалдыққан құстардың ұлпаларынан дайындалып, Быковский және Пигаревский 


тәсілдерімен боялған жағындыларында жасуша цитоплазмасынан ашық-қызыл түсті денешіктер 
байқалады. Ал Романовский әдісімен боялған препаратта денешіктер күлгін түсті болып 
көрінеді. Жасуша ішілік денешіктер тек цилиндірлі эпителилерде ғана емес, сонымен қатар 
макрофагтардың, лейкоциттер мен жалпақ эпителидің цитоплазмаларында да байқалады. 
Кейінгі кезде мұндай зерттеулер люминесцентті микроскоптың көмегімен жүргізілуде.
Вирустардың 
индикациясы 
мен 
идентификациясында 
гемагглютинация, 
гемагглютинацияны тежеу, жанама иммунофлуоресценция, комплементті байланыстыру
вирустарды бейтараптау реакциялары, иммунды ферменттік талдау мен полимеразалы-тізбекті 
реакция қолданылады.
НЬЮКАСЛ АУРУЫ 
(Newcastle disease) 
Ньюкасл ауруы (жалған оба, пневмоэнцефалит) – тауықтардың тыныс алу (пневмония), ас 
қорыту мүшелерінің және орталық жүйке жүйелерінің (энцефалит) зақымдалуымен, ішкі 
мүшелерде көптеген нүктелі қан құйылулармен сипатталатын, аса жұғымтал вирустық індет.
Ауру қоздырушысы РНҚ-лы бар вирустар тобына, Paramyxoviridae тұқымдастығына, 
Rubulavirus туысына жатады. Ньюкасл ауруын ең алғаш Кранвельд 1927 жылы Ява аралында 
анықтап, ол туралы жазған.
Вирион күрделі, пішіні полиморфты – көбінесе сфера тәрізді, 
көлемі 120-180 нм болып келеді. Ньюкасл ауруы вирусының патогенді және апатогенді 
штамдарының барлықтарының құрамында 6 түрлі белоктар болады және иммунологиялық 
қасиеттері жағынан біртекті болып келеді. Ньюкасл вирусы көгершін, тауық, күрке тауық, теңіз 
шошқаларының, ал кейбір штамдары ірі қара, қой ешкі шошқа мен жылқы эритроциттерін 
гемагглютинирлеуші қасиетке иемденген. 
Ньюкасл вирусының төзімділігі сыртқы орта жағдайларына байланысты болады. Күн 
сәулесі коздырушының жұқпалылығы 3-4 сағатта жойылғанымен, олардың гемагглютининдік 
қасиеті ұзақ сақталады. Төменгі температурада және мұздатылған жағдайда вирустың 
белсенділігі екі жыл бойы, ал қоршаған ортада күз және қыс айларында 140 күнге дейін 
сақталады. +56
о
С-де вирустың патогендік, гемагглютиндеу мен иммуногендік қасиеттері 
бұзылады.
Дезинфекциялаушы заттардың ішінен күйдіргіш натрийдің 2-3%-ды ыстық ерітіндісі, 1-
2%-ды формальдегид, 3%-ды хлорлы әк, 4-5%-ды ксилонафт ерітінділері вирусты бірнеше 
минутта өлтіреді.
Тауықтардың Ньюкасл ауруын балау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық 
белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, зертхана жағдайында вирустарды бөліп алуға, 
оларды индикациялау мен идентификациялауға, организмде түзілген антиденелердің деңгейін 
анықтауға негізделген. 
Клиникалық балауы. Вирустың организмге ену жолына, құстардың жасы мен күтіміне 
байланысты ауру ағымы инкубациялық кезеңі 2 күннен 15 күнге дейін созылады. Вирус 
организмге алғаш енгенде жіті (кей жағдайда жітілеу және созылмалы), типтік және атиптік 
формада өтеді. Аурудың ошағы жылдың кез келген мерзімінде шығуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет