Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


Зертханалық жануарларды күту және ұстау



Pdf көрінісі
бет78/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   146
вирус

Зертханалық жануарларды күту және ұстау. Сау және жұқтырылған 
зертханалық жануарлар бөлек виварийлерде орналастырылады. Тышқандар мен 
егеуқұйрықтарды ауа температурасы +20ºС болатын қара көлеңкелі бөлмеде, ал 
теңіз шошқалары, қояндар мен тауықтарды температурасы сәйкесінше 16-23ºС, 
14-18ºС және 0ºС-ден жоғары болатын, жарығы мол жерде ұстайды. Жануарлар 
үнемі толық азықтандырылып отыруы қажет. Қызмет көрсетуші жұмыскерлер 
арнайы киімдер (халат, резеңке қолғап, алжапқыш, су өтпейтін аяқ киім) киіп, 
виварийдің керек-жарақтарын күнделікті дезинфекциялайды және
жинастырады. Тәжірибе аяқталғаннан кейін өлімге ұшыраған, өлтірілген, 
сойылған жануарларды арнайы пештерде өртейді немесе автоклавта 
зиянсыздандырады, жануарлар тұрған торларды дезинфекциялайды.
Зертханалық жануарларды таңбалау (белгі салу). Экспериментте 
қолданылатын жануарларға түрлі белгілер салады. Вирусы бар материал 
жұқтырылған жануарлар тұрған торға қолданылған вирус атауы, жұқтырылған 
жануарлар саны, жұқтырылған күні, т.б. мәліметтер жазылған бирканы бекітеді.
Әртүрлі жануарлар үшін түрлі белгі салу тәсілдері пайдаланылады. 
Нөмірленген метал бирканы қояндар құлағының түбіне, ал теңіз 
шошқаларының құлақ шеміршегіне сырға тәрізді 
қыстырады, тауықтардың аяғына сақина тәрізді 
етіп кигізеді.
Аздаған топтағы жануарлардың арқасының немесе 
жамбасының жүнін қырқу арқылы таңбалауға 
болады. Теңіз шошқаларын түр түсіне қарай 
жұмыс журналына тіркеу арқылы белгілейді.
Ақ тышқандар мен егеуқұйрықтардың алдыңғы 
немесе 
артқы 
аяқтарының 
саусақтарын 
ампутациялау арқылы белгі салуға болады. 
Олардың әрқайсысы реттік нөмірге сәйкес: 
алдыңғы аяқтарының саусақтары – бірлік, ал артқы 
аяқтарының саусақтары – ондық сандарын 
құрайды. 
Сонымен 
қатар, 
белгі 
салу 
жұмыстарында 
түрлі 
бояулардың 
қаныққан 
ерітінділері (пикрин қышқылы, фуксин және 
бриллиант жасылы) де пайдаланылады. Жануарлар 
денесінің бояумен белгіленген жерлері олардың 
реттік санын білдіреді (5-сурет). Бұл жағдайда 
жануар
денесін үш бөлікке (сол жағы, арқасы және оң жақ 
бүйірі) бөліп алады да, бояумен таңбалауды сол 
жағының алдыңғы бұрышынан (жауырынынан) 
бастайды. Мұнда, сол жақ жауырыны таңбаланған 
жануардың реттік саны – 1, сол жағының ортаңғы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет