Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет83/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   146
вирус

Зертханалық 
жануарлар 
организмінде 
вирустардың 
көбеюі 
нәтижесінде байқалатын белгілер

Клиникалық белгілері. Жануарлар организмінде вирустардың 
репродукциясы барысында сезімтал жасушалардың морфологиялық және 
функционалдық өзгеріске ұшырауы орын алып, жануарлардың мінез-құлқы мен 
күйінде тиісті ауытқулар байқалады. Бұл аурудың клиникалық белгілері. 
Олардың эксперименталды жолмен жұқтырылғаннан кейін пайда болуы 
вирустар репродукциясының жанама дәлелі болып саналады. 
Жануардың белгілі бір мерзімде өлімге ұшырауы. Жұқтырылғаннан кейін 
бастапқы 24-48 сағатта өлімге ұшырауының себебі материалды енгізу 
 
9-сурет. Қоянның құлақ 
қан тамырына жұқтыру 
 
10-сурет. Қоянның бас 
миына жұқтыру
(Р.В. Белоусова, 2006)
 


барысында жануардың жарақат алуынан немесе жұқтыратын материалдың 
бөгде микрофлоралармен ластануынан болуы мүмкін екендігін де ескерген 
жөн.
3 Патологиялық-анатомиялық өзгерістер вирус жұқтырылған жануарлар 
ағзасындағы жасушалардың өлімге ұшырауына байланысты пайда болады. 
Егер вирустық материалдармен жұқтырылғаннан кейінгі жануарлардың 
күйінің бақылау тобындағы жануарлардан ерекшеленбесе, онда мұндай 
биосынаманы «соқыр пассаж» деп атайды. Соқыр пассаждан кейін 
жануарларды эвтаназияға ұшыратып, аз инфекциялық титрдегі вирустардың 
болуы мүмкін деген болжамдар жасалып, олардың кейбір ұлпалары алынады. 
Зертханалық жануарларды эвтаназиялаудың физикалық және химиялық 
әдістері бар. Физикалық әдістерге есінен тандыру, декапитация (басын кесу), 
мойын омыртқасын сындыру және жұлынын үзу жатады. Химиялық әдістерге 
ингаляциялық құралдар (СО, СО
2
), ұшпалы ауырсынуды басатын заттар 
(
галотан, энфлуран, т.б.
), ұйықтататын препараттар (барбитураттар, т.б.) және 
есірткі заттары (эфир). Эвтаназияның ең оңтайлы әдісі – есірткі затының артық 
дозасын қолдану. 
Жануарлардан алынған материалдардан суспензия дайындап, оны сол 
жануарлардың екінші тобына жұқтырады. Бұл жағдайда жануарлардың 
организміне вирустардың үлкен дозасы түседі. Алайда, екінші пассаждың 
нәтижесінде жинақталған вирустың инфекциялық титрі вирустардың 
репродукциясының белгілері анық байқалуы үшін де жеткіліксіз болуы мүмкін. 
Бұл жағдайда екінші пассаж да «соқыр» болып саналады. Сол қағида бойынша 
жануарларға үшінші пассаж жасалады. Вирус репродукциясының белгілері 
пайда болған жағдайда ғана үшінші биоснама «оң» деп есептеледі.
Жоғарыда көрсетілген барлық белгілері (клиникалық, өлімге ұшырауы
патологиялық-анатомиялық 
өзгерістері) 
зерттеуге 
алған 
материалдың 
құрамынан тек вирусты анықтауға ғана негіз бола алады. Оң нәтиже көрсеткен 
биосынамадан алынған құрамында вирусы бар материал бөліп алған вирус 
немесе екіншілік патматериал деп аталады. Ал оларды бөліп алу процесі 
вирустардың изоляциясы делінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет