Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


Зертханалық жануарларды эксперименттік жұқтыру әдістері



Pdf көрінісі
бет80/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   146
вирус

Зертханалық жануарларды эксперименттік жұқтыру әдістері. 
Зертханалық жануарларға вирусы бар материалды енгізу немесе егу 
биологиялық сынама (биосынама) немесе пассаж деп аталады. Вирустарды 
енгізудің әртүрлі әдістері бар (1-кесте).
Аталмыш әдістерді таңдау вирустың тропизміне, яғни оның белгілі бір 
ұлпа жасушаларында репродукциялану қабілетіне байланысты болып келеді. 
Кейбір жағдайларда бір вирусы бар материал жануарларға әртүрлі тәсілдермен 
енгізіледі. 


1-кесте. Тропизмі бойынша вирустардың топтары және оларды 
зертханалық жануарларға жұқтыру әдістері 
Вирустардың 
тобы 
Жұқтыру әдісі 
Вирустың түрлері 
Дерматропты 
Тері беткейіне (скарификация) 
Шешек вирусы 
Эпителиотропты 
Тері ішіне, тері астына 
Аусыл вирусы 
Пневмотропты 
Интраназальды  
Ларинготрахеит вирусы 
Энтеротропты 
Құрсақ қуысына 
ІҚМ диарея вирусы 
Нейротропты 
интрацеребральды 
Құтырық вирусы 
Пантропты 
Қан тамырға немесе бұлшық 
етке 
Ет қоректілердің оба 
вирусы 
Егілетін вирус дозасының мөлшері жануардың түріне және енгізу әдісіне 
байланысты (2-кесте).
2-кесте. Зертханалық жануарларды жұқтыруға арналған материалдардың 
максималды дозалары (мл) 
Жұқтыру әдістері Қояндарға 
Теңіз 
шошқаларына 
Ақ 
егеуқұйрықтарға 
Ақ 
тышқандарға 
Тері ішіне 
0,1 
0,1 
0,05 
0,02 
Тері астына 
5,0 
3,0 
3,0 
0,5 
Бұлшық етке 
5,0 
2,0 
1,0 
0,3 
Құрсақ қуысына 
10,0 
5,0 
2,0 
1,0 
Қан тамырға 
5,0 
2,0 
2,0 
1,0 
Интраназальды 
1,0 
0,3 
0,1 
0,03 
Интрацеребральды 
0,3 
0,05 
0,03 
0,02 
Жануарларды бекіту мен жұқтыру техникасы олардың түрлеріне 
байланысты болады. 
Тышқандарды (егеуқұйрықтарды) құйрығынан ұстап, алдыңғы аяқтарымен 
қозғалмайтын затқа бекінуіне мүмкіндік береді. Сосын екі саусақпен желкенің 
терісін ұстап жануарды сәл созады. 
Қояндарды бір қолмен арқасының терісін жауырынға жақын ұстайды, ал 
екінші қолмен дененің артқы жағын ұстайды. Бұл жануарлардың тырнау тәрізді 
жарақаттауына жол бермейді. 
Теңіз шошқаларын бір қолмен кеудесінен, екінші қолмен артқы аяқтарын 
ұстау арқылы бекітеді. 
Биологиялық сынама қояр алдында материал енгізілетін орынды 
дезинфекциялаушы ерітіндімен (
70°-ды этил спирті, 3%-ды йодтың спирттегі 
ерітіндісі
) өңдейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет