Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК


-сурет. Тері ішіне жұқтыру



Pdf көрінісі
бет82/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   146
вирус

6-сурет. Тері ішіне жұқтыру 
 
 
7-сурет. Теңіз шошқасының 
тері астына жұқтыру 
 
8-сурет. Тышқанның құрсақ 
қуысына жұқтыру
 


Интраназальды 
жолмен 
жұқтыру. 
Зертханалық 
жануарлардың 
көпшілігі 
(қояндарды қоспағанда) зерттеуге алынған 
материалды интраназальды жолмен енгізген 
жағдайда түшкіріп, оларды қоршаған ортаға 
шашыратады. 
Сондықтан, 
алдымен 
жануарларға аздаған дозада наркоз жасап, 
тұмсығын жоғары қаратып тігінен бекітеді де, 
мұрынына материалды тамшылату арқылы 
енгізеді. Жануар ауамен бірге материалды ішке 
тартып алады. Қояндардың басын артқа 
шалқайтып, тікелей мұрынына тамшылату арқылы енгізеді.
Интрацеребральды жолмен жұқтыру. 
Жануардың (мысалы тышқанның) бас 
терісін бармақ пен сұқ саусақпен ұстап, теріні желкесіне қарай тартып бекітеді. 
Шектегіші бар инемен (шприцсіз) көздің сыртқы бұрышынан өтетін ортаңғы 
сагиттальды сызық пен оған перпендикуляр қиылысу нүктесінде бас сүйегінің 
терісі мен сүйек пластинасын 1,0–2,0 мм тереңдікке теседі. Инеге шприцті 
жалғап жұқтыратын материалды енгізеді. Ақ егеуқұйрықтарға материалды 
трепанация саңылауы арқылы интрацеребральды жолмен енгізеді. Жас қояндар 
мен теңіз шошқаларына материалды бас сүйегінің ұлпаларының жұқа болып 
келген аймағын тесу арқылы енгізеді (10-сурет). Бұл жұмыста енуі 3,0-4,0 мм-
ден аспайтындай
шектегіші 
бар 
инені 
қолданады. 
Кәрі 
жануарларға 
материалды 
трепанацияланған тесік арқылы енгізеді. 
Жұқтырылған жануарларды қақпағы 
жақсы жабылатын торға немесе контейнерге 
орналастырады. Оларға сараптама нөмірі, 
жұқтыру күні, материалдың атауы және 
жұқтырған жануарлардың саны көрсетілген 
жапсырмалар 
бекітіледі. 
Вирустардың 
репродукциялану 
белгілерін 
анықтау 
мақсатында күнделікті бақылап отырады. 
Биосынама 
қойылған 
жануарлармен 
қатар 
бақылау 
топтағы 
жануарларда 
(вирустық материалмен жұқтырылмаған) 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет