мен алақоржындарда (ірі жануарлар) қолданылады. Сол қолдың саусақтарымен
дененің бүйір жағының немесе құрсақ жағының терісін тартқан кезде пайда
болған қатпарға иненің ұшын 1-2 мм кіргізіп, материалды енгізеді (6-сурет).
Ұсақ жануарлар үшін (тышқандар, егеуқұйрықтар)
бұл әдіс сирек қолданылады,
өйткені олардың терісі әлдеқайда жұқа болып келеді.
Тері астына жұқтыру. Жануардың арқа
бөлігінің тері қатпарын көтеріп,
пайда болған
«қалташаға»
инені
енгізіп,
шприцтегі
материалды
жібереді
(7-сурет).
Кейбір
жануарларда тері
астына енгізу орны болып
тізе қатпарлары (теңіз шошқасы), мойын
(тауық), кеуде қуысының бүйір беткейі (ит)
және т.б. саналады.
Бұлшық етке жұқтыру. Материалды
жануарлардың
жамбас, ал кұстардың көкірек
бұлшық етіне
инені дененің беткейіне
перпендикуляр бағыттау арқылы енгізеді.
Құрсақ қуысына енгізу. Жануарлардың
басын төмен қаратып тігінен бекітеді
(8-сурет)
.
Бұл жағдайда құрсақ қуысындағы ағзалар
диафрагмаға қарай жылжып,
шприцтің инесі
ішекке зақым келтірмейді.
Шприц инесін құрсақ қабырғасының тері
астына бірнеше миллиметрге енгізу арқылы материалды жұқтырады.
Қан тамырға жұқтыру. Тышқандар
мен егеуқұйрықтардың құйрықтарының бүйір
көк тамырына материалды енгізеді. Ол жерді
алдымен жылы суға малынған тампонмен
ысқылайды.
Көмекші
бір
қолымен
құйрықтың түбін
қысып ұстайды, екінші
қолымен желке аумағының терісінен ұстау
арқылы
бекітеді.
Құйрық
түбіріндегі
тамырды босатып, материалды құйрық түбіне
қарай тамырдың төменгі үштен бір бөлігіне қиғаш инемен баяу енгізеді. Егер
ине көк тамырға түссе, онда жұқтыратын материал шприцтен тамырға оңай
еніп, тамырдың бозарғаны байқалады.
Теңіз шошқаларына материалды тікелей жүрекке енгізеді. Ол үшін жүрек
соғу
орны айқындалады, сол жақ қабырға арасына және семсер тәрізді
өсіндіден 1,0 см жоғары шприці жоқ инені енгізеді, инеде қан болған жағдайда
шприцті жалғайды.
Қояндарға вирусы бар материалды құлақтың шеткі тамырына енгізеді (9-
сурет). Алдымен инъекция орнын жүннен тазартып, енгізу орнынан төмен
қарай тамырды қысады. Иненің бағыты
қан ағымының бағытына қарай
(басына) болуы керек.
Құстарға вирустық материалды
қанатының астыңғы көк тамырына
енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: