“плюс” типке жатады. РНҚ-ның жіптері: 1.
Бір жіпті, үзілмелі РНҚ. РНҚ-ның
үзілген фрагменттері әртүрлі ақпаратты сақтайды. Ортомиксо, ареновирустарда
кездеседі. 2. Бір жіпті үзілмелі сақиналы РНҚ-ның түрі.
Мұндай сақиналы
молекулалар соныңдағы сутегі арқылы байланысып тұрады. Бұларға
буньянвирустары жатады. 3. Екі жіпті үзілмелі РНҚ. Бұл РНҚ-ның ерекше түрі.
Оған реовирустар жатады. Үзілімдер 10-12-ге жетеді. 4. Бір жіпті РНҚ 2
малекуладан тұрады өзара бірдей РНҚ-ның мұндай түрі ретровирустарда
кездеседі.
Вирустар- адам,жануар, құс, өсімдік және бактериялардың вирус ауруларын
қоздырушылар. Вирустар- тек жасушаның ғана ішінде тіршілік ететін тоғышарлар
немесе ағзанаң ішінде ғана өсіп жетіледі. Вирустар жоғары сатыдағы азғалар
сияқты
жыныстық жолменде, бактериялар сияқты бөліну жолымен көбеймейді.
Сондықтан да көбею деген сөздің “репродукция” латынның re-қайталану, pro-
ducere- өндіру, пайда болу деген сөздерінен шыққан деген термин қолданылады.
Әлгіеде айтып өткендей, вирустарда ерекше дисьюктивтік көбею жолы
кездеседі. Бұл ерекшелікті мынадай жағдайдан байқауға болады:
зақымданған
жасушада вирус жоғалып кетеді де,олардың компоненттерінің құралуы біраз
уақытқа созылады. Вирус белгілі бір мерзімде және кеңістікте өсіп жетіледі.
Мысалы, вирустардың нуклеин қышқылы жасушаның ядросында пайда болады,
ақуыздары цитоплазмада, ал вирусцитоплазма
мембранасының ішкі жағында
жиналады да, қабықшасы вирус жасушадан шыққан кезде бүршіктену жолымен
пайда болады. Вирустардың көбею сатылары: 1. Адсорбция- вирустың жасушаға
жабысуы; 2. Вирустың жасушаға енуі; 3. Депротенизация- вирустың жасуша
ішіндегі бөліну.
Достарыңызбен бөлісу: