1- ші дәріс тезисі
Дәріс тақырыбы: ВИРУСОЛОГИЯ ПӘНІНЕ КІРІСПЕ.
Дәріс жоспары:
1.Кіріспе.
2.Ветеринарлық вирусологияның пәні мен міндеттері.
3.Вирустардың қысқаша сипаттамасы, табиғатта таралуы, жануарлардың инфекциялық
патологиясындағы рөлі.
4.Вирусологияның дамуының негізгі кезеңдері. Д. И. Ивановский, Э. Дженнер және басқа
зерттеушілердің еңбегі.
Кіріспе
.
Вирустар – тірі табиғат пен өлі табиғат арасында тұрған клеткалық құрылымы
жоқ, ұсақ организмдердің үлкен тобы немесе вирустар ұсақ ауру тудырушы инфекциялық
агенттер. Вирустар – сезімтал клеткаларда репродукциялануға қабілетті автономды
генетикалық құрылым болып табылады.
Вирустардың құрамы, мөлшері мен формасы әртүрлі.
Ең бастысы, вирустарда
генетикалық ақпаратты сақтау және беру тәсілдері бар, оларды
табиғатта басқа жерден таба алмайсыз. Вирустардың генетикалық жүйелері қандай да бір
мағынада басқа организмдердің генетикалық жүйелеріне қарағанда бай деп айтуға болады.
Сондықтан вирустар молекулалық биологияның сүйікті нысандарының бірі болып табылады,
ол тіршілікті ұйымдастырудың негізгі принциптерін зерттейді. Вирустық аурулардың алдын-
алу және емдеу сонымен қатар вирустардың алуантүрлілігі мен қасиеттерін ескеруді қажет
етеді Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны
ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары
бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан
жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен.
Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған.
Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған.
Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У. Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі
вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты.
Вирус (лат.
vīrus — «у») – тірі организмдердің ішіндегі клеткасыз тіршілік иесі.
Олар рибонуклеин қышқылынан
немесе
дезоксирибонуклеин
қышқылынан
құралған
нуклеопротеидтерден,
сондай-ақ
ферментті
нәруызбен
қапталған
қабықшадан
–
кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы
нуклеин қышқылдарын сыртқы
ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин
қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс
молекулалары кездеседі.Вирустардың ашылуы темекі өсімдіктері ауруын зерттеумен тығыз
байланысты. А.Мейер 1879-1882 жылдары аралығында темекі дақылының ауруын зерттеп, ол
өсімдіктермен қоректенуінуіне байланысты емес екенін және ауру өсімдік шырындары арқылы
берілетінін анықтады. Шырында ешбір бактерияларды таппаған соң,и ауру ферменттеріне
байланыстыболы мүмкін деп ойлады. Ал 1887 жылы орыс ғалымы Д.И.Ивоновский мен
В.В.Половцев, А.Мейер зерттеген темекі теңбілі ауруының екі түрін – рубуха мн темекі
теңбілін тапты. Кейініен Д.И.Ивоновский тек темекі теңбілімен айланысты. Ол
ауру
жапырақтардың шырындарын Шеңбнрлен фильтрінен (бактерияларды ұстап қалатын) өтккізіп,
алынған фильтратты сау жапырақтардың бетіне уйкеп жақты. Ауру қоздырғыштарға
байланысты болмаса, өсімдік сау қалуға тиіс еді. Бірақ шырын сіңгеннен кейін сау өсімдік
ауруға ұшырады, яғни теңбіл ауруының белгілері пайда болады. Сау жапыраққа ауру жұқты
деген божамға келді. Жүргізілген бүкіл тәжірибелердің нәтижелері мен алынған деректі
мәліметтердің бәрі бірдей болып шықты. Сонымен зерттелген фильтратта бактериялардың
өзгеше бір ауру қоздырғышы бар деген қорыиындығы келді. Бырақ, оларды белгілі қоректік
орталара өсіре алмады. 1892 жылы Д.И.Ивоновский жоғарыда айтылған жұмыстарды Санкт-
Петербург ғылым академиясының бюллетенінде басылып шықты.И.Ивоновскийдан басқа,
М.Бейернек (1851-1931жж.) Голландия да темекі теңбіл ауруын зерттеді. Д.И.Ивоновский
сиякты ол да 1898жылы белгісіз бір ауру қоздырғыш бар екенін дәлелдеді. Сонымен қатар жаңа
қасиеттерін анықтады-шырынды кептіргенде және спиртпен өңдеп тұнбаға түсіргенде,
инфекциялық қасиетін жоғатпайтындығын байқады. Мұндай ауру қоздырғышты Бейернек
латынша « contagium vivum fiuidum» (сұйық аууру қоздырғышы) деп атады.
\
Ф.Лефлер мен
П.Фроски (1892) аусылмен ауыратын ірі қара малдардың ұлпаларында сүзгіден өтетін және
көбейе алатын қоздырғышты тапты. Гаванада 1900 жылы сары безгектің індеті пайда болды.
Бұл аурудың қоздырғышы бөлініп алынды. Бірақ, У.Рид
ауру массалар аоқвылы
таралатындығын, Д.Керфол ауру адамның қанында сүзгіден өтетін қоздырғыш
болвһытындығын дәлелдеді. Осындай сүзгіден өтетін ауру қоздырғыштарын вирус (лат.virus –
«у») деп атады.1892 жылы В.Бабеш және 1903 жылы А.Негри құтырған иттердің бас ми
клеткаларынан сау клеткаларда болмайтын қосындыларды тапты. Әлі күнге дейін Бабеш-Негри
дәнешіктері деп атайды.А.Боррель (1903) ісік аурулары вирустарымен байланысты болуы
мүмкін деген ойға келді. Оны 1911 жылы П.Роус тауық ісігінен және Р.Шауп (1932-1934 жж.)
қоян
фибромасынан
және
попиллома
(бөртпесі)
ісіктерінен
вирусты
бөліп
аалды.Полиомиелиттің вирусты табиғатынан К.Ландштейнер мен Э.Попперс (1909) ашты.
1933-11199947 жылдары аралығында адамда, жануарларда, құстарда тұмау ауруын тудыратын
грипп вирустарының А,В,С типтері ашылды. У.Смит, К.Эндрюс, П.Лэйдлау гриптің А-типін ,
Т.Фрэнс пен ТМеджилл В-типін, Т.Тэлор С-типін ашты. Вирус қоздыратын аурулардың басым
көпшілігі 20ғ, бірінші жартысында ашылды. 20ғ. Ортасында іштен не сыртқы ортаның зиянды
әсерінен адамның иммунды жүйесі бұзылып, ауру пайда болатындығыанықталды. Оларды
иммунды тапшылық ауруларға жатқызды. Бұл ауру жаңа түрі, пневмоцитті пневмония, 1981
жылы АҚШ-та жас ер адамдардың арасында табылды. Кейін бұл ауруды AIDS ( Acquirea
Immune Defiency Syndrome ), орысша СПИД (Синдром приобретенного иммунодефицита),
қазақша ЖИТС ( Жүре пайда болған иммундық тапшылық) деп аталатын болды.Бактерияларды
зақымдайтын агентті алғашқы рет Ф.Туорт (1915) стафилококтарды зеттеу барысында ашты.
Одан тәуелсіз Ф. Де Эрель (1917) дизентерияны қоздыратын бактериялардың сүзгден
өтетін
және бактерия клеткаларын ыдырататын агентті бөліп алып,оны бактериофаг деп атады. Содан
бері фагтар жан-жакты зерттейді. Олар медицинада диагностикалық мақсатта қолданылады, ал
молекулярлы биология мен гендік инженерияда прокарит пен эукариоттардың гендерін клондау
үшін вектор ретінде пайдаланылады.Вирустардың химиялық қасиеттерін анықтауда Ф.Стенли
үлкен үлес қосты. Ол 1935 жылыы темекі теңбіл вирусты таза кристалл күйінде бөліп алып,
вирус құрамындағы белоктың белсенділігінін анықтады және оның белсенділігі тікелей белок
мөлшерімен байланысты екенін дәлелдеді. А.Херши мен М.Чейз (1952) фагтардың генетикалық
информациясын ДНҚ-да сақталатындығы және клетка фагпен зақымданғанда оған тек ДНҚ-сы
енетіндігі дәлелденді. Кейін Френкель – Конрад (1955) вирустардың РНҚ-сы да генетикалық
информацияны сақтайтындығын көрсетті, ал А.Гиеред пен Г.Шрамм (1956) темекі теңбіл
вирустың РНҚ-сы ауру қоздырғыш қасиетіне ие екендегін ашты.Биохимиялық әдістерің
қолдануы вирустардың ферменттерін, нейроминидаза мен РНҚ-полимеразаны ашуға мүмкіндік
туғызды. Тіпті, 1970 жылы Г.Темин мен Д. Балтимор саркома мен лейкоз
қоздыратынвирустарды транскриптаза ферментінің өзгеше түрін, кері транскриптазаны ашты.
Сонымен, транскриптациятікелей ДНҚ- иРНҚ жолымен емес, кері де иРНҚ-ДНҚ жолымен
жүретіндігі дәлелденді. Бұл жұмыс үшін 1975 жылы Г.Темин мен Д.
Балтимор Нобель
сыйлығына ие болды.Практикалық маңызды мәселелердің біріуі – жұқпалы аурудың белгілі бір
қоздырғышпен байланысты екенін дәлелдеу. Р.Кох -(1876) бактериялды аурулардың
қоздырғыштырын анықтауға арналған постулаттарды (міндетті ережелерді) ұсынды:
патоген (қоздырғыш) ауру белгілері бірдей адамдардың бәрінде болуы керек;
патогенді адамнан бөліп алып таза күйінде алу қажет;
патогеннің таза дақылынаналынған үлгісі сезімтал жануарларға енгізгенде ауру қоздыру
қажет;
ауру жануарлардан бөлініп алынған патоген ауру адамнан бөлініп алынған патогенмен
бірдей болуы керек;
Вирустар тіршіліктің ерекше түріне жатады.Олар тек сезімтал
организмдардың клетка ішінде тіршідігін бітіреді. Ал сыртқы ортада ешбір тіршілік
белсенділігін білдірмейді. Басқа тірі организмдерден өзгеше, тек өздеріне тән қасиеттері бар:
Барлық вирустар сүзілгіш келеді;
жасанды қоректік ортада өспейді;
тірі клетка ішінде
тіршілік
ететін облигатты паразиттер;
нуклеин қышқылдарының бір түрі ғана болады:РНҚ
немесе ДНҚ;
Нәруыз түзетін жүйесі болмайды;
Өсіп- өнуі өзгеше- вирустың жеке
компоненттері («мүшелер») сезімтал клеткалардың әр жерінде түзіліп құрастырылады,
дисъюнктивті өну деп атайды. Осыған орай вирустарды жеке «viva» патшалығына жатқызатын
болды.
Вирустардың микробтардан өте ұсақтығы;
Кейбір вирустарың кристалл түзетіндігі;
300
мың есе ұлғайтып көрсететін электрондық микроскоппен қарағанда вирустардың өзіндік
ерекшеліктері байқалды оны полиморфтық қасиет деп атады. Соның нәтижесінде табиғаттағы
шар тәрізді, эллипс пішінді, таяқша немесе жіп тәрізді түрлері анықталды. Вирустар тіршілік
жағдайларына сәйкес езгергіш келеді. Олардың осы қасиетін ескере отырып, қазіргі кезде аса
тиімді шипалық қасиеті бар вакциналарды жасайды.Төменгі температурада вирустар тіршілігін
жоймайды. Ал температура +55—60°-қа кетерілгенде олардың
кейбіреулері бір сағаттың
ішінде, ал кепшілігі Ң-90о-та қырылып бітеді. Вирустар қүрғатуға да төзімді, олардың тіршілігі
жойылмайды. Ультракүлгін сәулелер де бүларға күшті әсер етеді. Көптеген химиялық заттар:
этил, метил спирттері, эфир және хлороформ, вирустарды қырып жібереді. Мәселен, құтырма
вирусына формалин, сулема және карбол қыиғқылымен әсер еткенде олар тез өледі. Вирустар
иесіне қарай жануарлар, өсімдіктер және бактериялар вирустары болып бөлінеді. Вирустар
тіршіліктің ерекше түріне жатады. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген.
Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп
тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің
барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын
500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. Қазіргі кезде
ғылым вирустарды одан әрі зерттеуде
Достарыңызбен бөлісу: