6-7-ші дәріс тезисі
Дәріс тақырыбы: Жануарлардың вирустық ауруларының өзіндік профилактикасы.
Тірі, инактивирленген - белсенді емес, химиялық вакциналар. Вирустық аурулардың
химиотерапиясы. Жануарлардың вирустық ауруларының алдын-алудың адам
денсаулығы үшін маңызы
1.
Жануарлардың вирустық ауруларының өзіндік профилактикасы.
2.
Тірі, инактивирленген - белсенді емес, химиялық вакциналар.
3.
Вирустық аурулардың химиотерапиясы.
4.
Жануарлардың вирустық ауруларының алдын-алудың адам денсаулығы үшін маңызы
Індетке қарсы шаралар кешенінде ұйымдастыру-шаруашылық
мәселелері
маңызды орын алады. Өйткені, малды дұрыс бағып-күткенде, оның жайылым
өрісін, азықтандыру мен су ішуін, қора-жайын
тиісті талаптарға сай жолға
қойғанда ғана аурудың шығуына және таралуына жол бермеуге болады. Малды өз
төлінен өсіру, мал басын толықтыру ветеринариялық талаптарға сай жүргізілуі
керек. Аталған шаралар – мал шаруашылығын дұрыс жургізудің міндетті
шарттары болып табылады.
Ветеринариялық-санитариялық шаралар, мысалы, қораны мал қиынан
тазарту, мал шаруашылығының қалдықтарын
зарарсыздандыру және арнайы
шаралар – малды ауруға тексеру мен иммундеу – барлығы да ұйымдық-
шаруашылық мәселелерімен тығыз байланысты. Ауру малды бөліп алып,
оқшаулау, күту, ол үшін
еңбек
ақы төлеу, карантин мен шектеу шараларын
орындау, мал өнімдерін зарарсыздандыру, т.б.
аурудың шығуынан туындайтын
мәселелер де шаруашылық және ұйымдастыру тұрғысынан шешімін табуы керек.
Жұқпалы ауруға шалдыққан малды күту үшін
18 жасқа толмаған
жасөспірімдер, екі қабат және емшекте баласы бар әйелдер жіберілмейді. Ауру
малды бағып-күткендегі еңбек ақы да тиісінше жоғары болады. Ұйымдық-
шаруашылық мәселелеріне мал бағатын
адамдарды арнаулы жұмыс
киімімен
жабдықтау, жеке басының гигиеналық талаптарын өтеу, т.б. еңбекті қорғау
шаралары жатады.
Ұйымдық шаралардың тағы бір міндетті бөлігі
ветеринариялық білімді
насихаттау. Тұрғындарға, малшыларға,
мал иелері мен шаруашылық
басшыларына олардың ұғымына сай мал аурулары және олармен күресу жолдары
туралы түсіндіріп отыру қажет. Бұл жұмысты
ветеринария органдары жүйелі
түрде көпшілік ақпарат құралдарын пайдаланып, әңгіме,
дәрістер өткізу арқылы
жүргізеді.
Мал шаруашылығындағы ұйымдастыру және оның экономикалық тетіктері
арнаулы пәндерде (ауыл шаруашылығының экономикасы,
ауыл шаруашылығын
ұйымдастыру) қарастырылады. Ал ветеринария ісін ұйымдастыру жеке пән
ретінде оқытылады.
Достарыңызбен бөлісу: