Сұраншиев Ж.Ә. «Ветеринарлық вирусология» пэоәК



Pdf көрінісі
бет8/146
Дата10.09.2024
өлшемі4.8 Mb.
#503528
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   146
вирус

Бақылау сұрақтары
1. 
Вирус туралы өз түссінігіңіз ?
2. 
Вирустың қысқыша ашылу тарихы?
3. 
Вирустардың клеткалы организмдерде айырмашылығы ?
4. 
Вирустардың әр түрлігі немен байланысты?
5. 
Ашылу тарихында үлес қосқан ғалымдар
?
 
2-ші дәріс тезисі 
Дәріс тақырыбы:
Вирустардың систематикасы мен морфологиясы. 
Вирустардың жүйеленуі және оның принциптері. ДНҚ мен РНҚ бар 
вирустардың жіктелуі. 
 
Дәріс жоспары: 1. Вирустардың систематикасы мен морфологиясы. 
2.
Вирустардың жүйеленуі және оның принциптері 
3.
ДНҚ мен РНҚ бар 
вирустардың жіктелуі 
4. Вирустардың химиялық құрамы 
 
Вирусология ғылымдарының даму жолында әр түрлі кезеңдерде вирустарды 
реттеп, бір жүйеге келтіру классификация жөнінде ұмтылыстар болды. 
Вирустардың тұқымдастығы. Вирустар тұқымдастығының аты viridae деп 
аяқталады. Тұқымдастың өзі туыстан тұрады және оның мүшелерінің антигендік 
қаситеті, морфологиясы, сондай-ақ нуклеин қышқылының түрі бірдей болып 
келеді. Вирустардың тұқымдас тармағы. Вирустардың тұқымдас тармағының 
аттары virinae деген жалғаумен аяқталады. Вирустардың туыстары. Вирустар 
туыстарының аты virus деп аяқталады. “Туыс”- дегеніміз физикалық, химиялық 
және серологиялық қасиеттері бірдей топ вирустар. Туысқа кіретін вирустардың 
эволюциялық жетілуіде бірдей. Қазіргі кезде вирус тұқымдастарының саны 55-тен 
артық. Вирустардың көпшілігі әлі бір жүйеге келген жоқ. Адамдар мен жануарлар 
вирустары 19 топшаға тұқымдасқа бөлінеді. Олардың 7-і ДНҚ-ды, 12-сі РНҚ-ды 
вирустар. 
ВИРУСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ВИРУСТАР МОРФОЛОГИЯСЫ
Вирустар 
дүниесі өздерінің құрылымына, көлеміне, пішініне және химиялық құрамына 
сәйкес әр түрлі болады. Могрһе — грек тілінен алынған пішін, бейне, түрі деген 
сөз. Вирустардың мынандай түрлері бар: Икосаэдралық (икосаэдр — 20 қырлы 
көпбұрыш), немесе куб сиякты. Мал мен адамның жұқпалы ауруын тарататын 
вирустардың негізгі көпшілігінің түрі осындай болады (олар— реовирустар, 


пикорнавирустар, аденовирустар т. б.). Вирустардың таяқша немесе цилиндр 
тәрізді түрлері (оларға рабдовирустар, өсімдік вирустары жатады). Сферикалық 
немесе 
дөңгелек 
шар 
тәрізді 
түрлері 
(оларға 
парамиксовирустар, 
ортомиксовирустар, ретро вирустар т. б. жатады). Сперматозойдқа ұқсас түрлері 
— олар бактериофагтар (бактериялардың вирустары). Жіп тәрізді оралған түрлері 
кейбір бактериофагтарда кездеседі. Сопақша түрлері кейбір өсімдіктер 
вирустарында кездеседі. 
Вирустардың мөлшері де әр түрлі болады. Соған байланысты бірнеше топқа 
бөлінеді. Өте ұсақ вирустар: олардың мөлшері 20—50 нм (парвовирустар, 
пикорнавирустар). Үлкендігі орташа вирустар: мөлшері 50—150 нм 
(тогавирустар, ортомиксовирустар, ретровирустар, аденовирустар). Ірі вирустар: 
олардың мөлшері майда бактерияларға жетіп калады (поксвирустар). Жануарлар 
вирустары өздерінің құрамына сәйкес жай қарапайым (қабыбықшасыз) немесе 
күрделі (қабықшалы) болып екіге бөлінеді Жай вирустардың құрамында тек 
нуклеин қышқылы мен ақуыз ғана болады, ал күрделі вирустардың қосымша 
қабықшалары бар. Қабықшаның құрамында көмірсулар, липидтер, ақуыздар 
болады. Вирустардың қандай түрі болмасын (жай немесе күрделі), олардың 
генетикалық материалы вирустың тек ортасында ғана болады, ол жерді 
«нуклеоид» деп атайды. Жоғарыда айтылғандай вирустардың торшалардан 
ерекшелігі — вирустарда нуклеин қышқылының тек бір түрі ғана болады: РНҚ 
немесе ДНҚ. Нуклеин қышқылы сыртынан қабықпен қоршалған, ол қабат 
«капсид» (латын тілі-нің capsa — қап, тыс деген сөзінен алынған) деп аталады 
Капсид ақуыздан тұрады. Нуклеин қышқылын сол тысқы қабатымен қосылып 
«нуклеокапсид» деп атайды. Жай вирустарда «нуклеокапсид» «вирион» деген 
ұғыммен бірдей. Капсидтің өзі капсомерден тұрады. Капсомердін вирустар 
құрамындағы саны мен орналасу ерекшеліктері әр түрлі. Соған сәйкес вирустар 
бірнеше топқа бөлінеді. Ал капсомердің өзі белгілі бір құрылымдардан тұрады, 
оны «құрылымды бөліктер» деп атайды. Олар ақуыздың химиялық жетілген бір 
бөлігі. Құрылымды бөліктер «ақуызды суббөліктерден» тұрады. Ал ақуызды 
суббөлік 
полипептид 
тізбектерінен 
құралады. 
Полипептид 
тізбегі 
аминкышқылдарынан тұрады да әр түрлі вирустарда түрліше болады. Демек, 
капсомер дегеніміз ақуыз суббөліктерінен туратын үлкен агрегат. Мысалы: 
капсид — капсомер — құрылымды бөлік — ақуызды суббөлік — полипептид 
тізбегі — аминқышқылы. Қүрделі вирустардың құрамында нуклеокапсидке қоса 
липопротеидтен тұратын сырткы кабыкша және бар. Оны «суперкапсид» немесе 
«пеплос» (гректің peplos — жапқыш, жамылғыш деген сөзінен) деп атайды. 
Кейбір вирустардыц суперкапсидінің сырткы жағында шығып тұратын өскіндері 
—«пепломерлері» бар. Күрделі вирустардың нуклеокапсиді вирионның 
ортасында орналасады. Сондыктан да оны «жүрекше» деп атайды. 
Вирустың қабықты екіжіпті генетикалық материалы. ДНҚ немесе РНҚ 
ақуызды қабықпен қоршалған. Вирустардың құрылысы қандай? Вирустардың 
бірнеше түрін электрондық, микроскоп арқылы қарап көргенде олардың 
капсомерлерінің орналасу ерекшеліктері белгілі болды және капсомерлердің 
симметриялық жағдайда ғана орналасатыны анықталды. Осыған байланысты 
капсид симметриясының мынандай түрлері болады: Куб тәрізді немесе 
икосаэдралық симметрия. Бұл симметрияның құрамы 20 қырлы көпбұрышқа 
ұқсайды, яғни өзара бірдей 20 үшбұрыштан тұрады. Әрбір үшбұрыштың 
қабырғасы, төбесі және қыры бар. Капсомер-лер екіден (димер), үштен (тример), 


төрттен (квадример), бестен (иентамер), алтыдан (гексомер) өзара бірігіп вирусқа 
белгілі бір пішін береді, вирустар осыған сәйкес әр түрлі болады. Куб тәрізді 
симметриядан туратын вирустардың көбінің сыртқы қабықшасы жоқ (оларға 
иридовирустар, аденовирустар, паповавирустар, реовирустар, калицивирустар, 
пикорнавирустар, парвовирустар жатады). Симметрияның спираль тәрізді немесе 
бұрама түрі. Мүндай жағдайда ақуыз молекулалары нуклеин қышқылының ұзын 
бойына оралып спираль сияқты орналасады. Айтылған симметрия вирустарға 
түтікшеге ұқсас пішін береді. Айта кететін бір жағдай, мұндай вирустардың 
ақуыздарының өзара белгілі бір қалыппен жиналу ерекшелігі бар, соның 
арқасында біркелкі полипептид тізбегінен дұрыс орналасқан капсид пайда 
болады. Бұл жаналықты бірінші рет 50-ші жылдары темекі ауруының вирусын 
зерттеген ғалымдар Шрамм мен Френкель-Конрат ашты. Осындай орналасу 
ерекшеліктері генетикалық материалдың аса үнеміді жұмсалуына мүмкіндік 
береді Ақуыз молекулаларының спираль тәрізді орналасуы мына жағдайларға 
байланысты: а) спираль айналымына, демек 1 толық айналымға сәйкес; б) бір 
айналымға келетін бөліктер санына сәйкес; в) екі бөліктің ара қашықтығына 
сәйкес. Спиральді симметрия темекі ауруының вирусында терең зерттелген. Онда 
2150 ақуыз молекуласының, 6000 нуклеоидтың бар екені анықталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   146




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет