алғаш рет Монтгомери анықтаған.Вирус пішіні икосаэдрге ұқсас, көлемі 175-
215 нм болады.
Шошқалардың африкалық оба вирусы кептіруге, мұздатуға және қоршаған
ортаның түрлі әсерлеріне төзімді келеді. Вирус нәжісте, топырақта және етте 5-
6 ай, өлекседе 2,5 ай, +37ºС-де 15-30 күн, +5ºС-де 5-7 жыл бойы сақталады.
+56ºС-де қыздырғанда 1 сағатқа дейін шыдайды. Вирус қышқылды және сілтілі
орталарға төзімді келеді. Құрамында хлоры бар дезинфекциялаушы заттардың
әсерінен вирустар 4 сағаттан кейін инактивацияланады.
Шошқалардың африкалық обасын балау эпизоотологиялық деректерге,
клиникалық белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, вирустарды бөліп
алуға, шошқалардың классикалық обасына
қарсы иммунделген және
иммунделмеген
жануарларға
жұқтыру
арқылы
және
серологиялық
реакциялармен (ИФР, ДПР, КБР, ИФТ, гемадсорбция реакциясы) анықтауға
негізделген.
Клиникалық белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 22 күнге дейін
созылады. Клиникалық белгілерінің байқалу дәрежесі мен даму процесінің
жылдамдығына қарай ауру өте жіті, жіті, жітілеу,
созылмалы және латентті
ағымда өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: