Ауыздың жыныс мүшелері мен конъюнктиваның кілегейлі қабықтары,
терілерінің кейбір жерлері көкшілденіп, жаппай қанталаған. Көкірек және
құрсақ қуыстарында фибрин, кейде қан аралас серозды геморрагиялық экссудат
жиналған.
Лимфа бездері ұлғайып, қанталап, оларда ұйыған қан немесе
гематома кездеседі. Көк бауыр қара қошқылданып, шектен тыс ұлғаяды.
Өкпенің домбығуы байқалады. Бүйрек қанға толы, бауыр мен өт қабы ұлғайған.
Тері асты шелі, құрсақ қуысындағы органдардың
және шажырқайдың қан
тамырлары ұйымаған қанға толы болады.
Дифференциалдық балауы. Шошқалардың африкалық обасын шошқаның
классикалық обасынан, шошқа тілмесінен, пастереллезден, сальмонеллезден,
сібір жарасынан және кез келген уланудан ажырату қажет.
Шошқалардың
африкалық обасын классикалық обадан ажырату үшін міндетті түрде вирус
жұқтырылған
шошқаның
лейкоцитарлық
өсінділерін
гемадсорбция
реакциясымен
зерттейді.
Себебі,
классикалық
обада
вирустар
гемадсорбцияланбайды, ал африкалық оба вирусы гемадсорбцияланады.
Зертханалық
балауы.
Зерттеуге
қажетті
материал
ретінде
шошқалардың дене қызуының алғашқы көтерілуі кезінде алынған қан үлгілері
(1:10 қатынасында гепарин қосылған), көк бауыр, бүйрек, лимфа бездері мен
ауру және сауығып келе жатқан жануарлардың қан сарысулары алынады.
Патологиялық материалдар +4ºС-де сақталады.
Вирустарды өсіру. Шошқалардың африкалық оба вирусын бөліп алу үшін
шошқа моноциттерінен, жілік майы жасушаларынан алынған алғашқы жасуша
өсінділері қолданылады. Вируспен зақымдалған жасушалар сопақша келіп,
көлемі ұлғаяды, сосын көп ядролы жасушалар пайда болады.
Сонымен қатар
вирустарды тауық эмбриондарында және 3-4 айлық торайлардың, қозылардың
және қояндардың организмінде өсіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: