Стан археологиясы


Қазақстан моңғол империясының құрамында



Pdf көрінісі
бет101/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   157
Қазақстан археологиясы

Қазақстан моңғол империясының құрамында. Қазақстан аумағы ҥш 
моңғол ҧлысының қҧрамына енді: оның дені (далалық жағы) – Жошы 
ҧлысына, Оңтҥстік және Оңтҥстік-Шығыс Казақстан – Шағатай ҧлысына, 
Солтҥстік-Шығыс бӛлігі – Ҥгедей ҧлысына кірді. Жошының еншілігі 
Ертістің батысынан Жетісудің теріскейін қамтып, Дешті-Кыпшақтың бҥкіл 
шығысын Тӛменгі Еділ бойына дейін алып жатты. Шағатай ҧлысы жоғарыда 
айтылған жерлер ҥстіне Шығыс Тҥркістан мен Мауераннахрды қосып алды, 
Ҥгедей – Батыс Моңғолия мен Жоғарғы Ертіс, Тарбағатай аудандарын 
биледі.


272 
Шыңғыс әулеті ӛз ҧлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 
1227 жылы Шыңғысхан дҥние салғаннан кейін, бҧл ҧмтылыс кҥшейе тҥседі 
де, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге бӛлініп кетеді. 
Шағатай ҧлысында, ең алдымен Жетісу аумағында билікке ҥміткер 
Шағатай мен Ҥгедей ҧрпақтары арасында толассыз соғыстар болып тҧрды. 
Ӛзара қырқыстарға Шыңғыс тҧқымдарының бірін қолдаған кӛшпелі 
феодалдардың топтары да қатысты. 
ХІҤ ғасырдың бірінші жартысындағы Хайду мирасқорлары арасындағы 
ӛзара қырқыстар Жетісуға экономикалық зардаптар алып келді. Бҧл жӛнінде 
Махмҧд ибн Уәли ӛз шығармасында толымды тҥрде кӛрсетіп кеткен.
Бҧл процесс одан бҧрын басталған болатын. Моңғол шапқыншылығы 
қалалық мәдениетті қиратпағанымен, оған біршама ауыртпалықтар әкелді. 
Орасан зор армияның ӛңір жерімен жҥріп ӛтуі егіншілік алқаптардың 
гҥлденіп тҧра беруіне кері әсерін тигізді.
Жошы қайтыс болғаннан кейін (1225 жылы) оның орнын ҧлы Бату 
(Батый) басады. Ол Дешті-Қыпшақ пен Еділ бҧлғарларының жеріне, одан әрі 
Батыс елдеріне жаулау жорығын жасайды. Орыстың аса ірі кінәздіктері 
талқандалып, Польша, Венгрия, Чехияны және басқа елдерді талап
қҧлазытады. Жеті жылдық жорық нәтижесінде (1236-1242) Батыйдың 
қоластына Еділдің батысынан Дунайдың тӛменгі жағына дейінгі жерлер 
қарайды, әрине оның ішінде Қырым, Солтҥстік Кавказ бен Батыс қыпшақ 
(половцылар) даласы да кіреді. Еділдің тӛменгі бойына қайта оралған Бату 
бҧл арада жаңа мемлекеттің негізін салады, ол кейінірек Алтын Орда деп 
аталады. Оған Жошы ҧлысының аумағы Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен 
Батыс Сібірдің бір бӛлігі, сол сияқты жаңадан жаулап алынған жерлер кіреді.
Батухан негізін салған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ҧлысы, сол 
сияқты Жошы ҧрпағы хандарының атымен (Бату ҧлысы, Берке ҧлысы, т. б.) 
деп аталады. Ҧлыстың астанасы Сарай-Бату (Астраханға жақын жерде), 
кейінірек Сарай-Берке қалалары болған.
Алтын Орда кӛп ҧлтты мемлекеттік қҧрылым еді. Ол қоғамдық-
экономикалық дамуының деңгейі жағынан бір-бірінен айырмашылығы 
ҥлкен, ӛзіндік мәдениеті мен әдет-ғҧрыптары бар әралуан халықтар мен 
тайпалардан қҧралды. Дешті-Қыпшақ даласындағы кӛшпелілердің басым 
кӛпшілігі ең әуелі қыпшақтар, сосын барып қаңлылар, қарлҧқтар, наймандар, 
т.б. болған еді. Алтын Орданың отырықшы облыстарында бҧлғарлар мен 
мордвалар, орыстар мен гректер, шеркестер мен хорезмдіктер, т. б. тҧратын. 
Ордадағы моңғолдардың ӛздері тіпті аз еді, ал XIII ғасыр соңында және XIV 
ғасырды моңғолдар іс жҥзінде тҥріктеніп кеткен еді. 
Алтын Орданың мемлекеттік қҧрылымы тҧтас алғанда Шыңғысхан 
енгізген ҥлгінің ізімен жҥрді. Мемлекет Жошы ҧрпағынан шыққан 
хандардың меншігі саналды. Аса маңызды мемлекеттік мәселерді шешу ҥшін 
билеуші әулет мҥшелері бастаған ақсҥйектердің жалпы жиналысы-қҧрылтай 
шақырылды. 
Моңғол шапқыншылығы мен оның ӛктемдігі Жетісу мен Оңтҥстік 
Қазақстанның қалыптасқан шаруашылығы дамуының экономикалық негізін 


273 
қиратып, осынау аудандардың бірігу процестерін баяулатты, олардың ӛзара 
шаруашылық, этникалық, мәдени жағынан бір-біріне және тӛңірегіндегі 
далаға әсер етіп, араласып-қҧраласып кетуіне кері әсерін тигізді. 
Бағындырылған елдердің кӛшпелі және жартылай кӛшпелі жҧрты Шыңғыс 
әулетінің ҧлыстарына енеді, сӛйтіп ондық, жҥздік, мындықтарға және 
басқаларға бӛлінеді жӛне бҧл істе жергілікті халықтың рулық-тайпалық 
қҧрылымы қатты ескеріледі, бҧл әрине оның жаңа орынға ҧзақ уақыт 
тҧрақтап бекіп қалуын қамтамасыз ететін манызды фактор болатын. 
Моңғол басқыншылығының апатты зардаптарымен бірге, кейбір 
жағымды жақтары да болғандығы белгілі. Моңғол ҥкіметтері сауда-саттық 
пен халықаралық байланыстың дамуына жағдай жасайды, жер-жердің 
бәрінде пошта және кӛлік қатынасы қызметінің тҧтас жҥйесін енгізеді. Бҧрын 
алыс қиянда жатқан халықтар арасында сауда және мәдени байланыстар 
орнатылады. Ҧлыстар аумағымен сауда керуендері, елшілік миссиялары 
ағылып жатады, саяхатшылар ит арқасы-қияндағы ӛлкелерге сапар шегіп, 
Еуропаға Азияның бҧрын қҧлақ естіп, кӛз кӛрмеген елдері мен халықтары 
туралы мәліметтер жеткізеді. Әмір Темірдің ірі ҥш жорығынан кейін (1389, 
1391 және 1395 жылдары) Алтын Орда кҥйрейді. Алтын Ордағы жорығы 
кезінде Әмір Темір әскерлері Қазақстан, Кавказ, Оңтҥстік Русь тҧрғындарын 
аяусыз тонады. Батыс Қазақстандағы, Еділ мен Қырымдағы Алтын Орданың 
бірқатар ірі қалалары қиратылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет