Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет98/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   157
Қазақстан археологиясы

Оғыз мемлекеті. VIII ғасыр орта кезінде тҥргештер мҧрасы ҥшін 
қарлҧқтармен болған кҥресте оғыздардың едәуір бӛлігі Жетісуды тастап, тау 
баурайлары мен Шу алқабына кетіп қалған болатын. IX ғасырдың бас кезінде 
оғыздардың кӛсемдері қарлҧқтармен және қимақтармен одақтасып, қанғар-
печенег бірлестігін кҥйретеді де, Сырдарияның тӛменгі ағысы мен Арал ӛңірі 
даласын басып алады. IX ғасыр соңғы кезінде олар хазарлармен одақ қҧрып, 
печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қол астына қаратады. 
Печенегтермен ҧзақ уақытқа созылған кҥрес-тартысы олардың саяси 
бірлігін кҥшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын қҧруға себепші болады. 
Оғыздар қҧрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын ілкі 
замандардан мекен етіп келе жатқан тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық 
қауымдастығының қҧрылуы ҧзақ және кҥрделі процесс болды. Әуел баста 
оғыз тобының ӛзегі Жетісуда ҧйымдасады, алайда батысқа қарай жылжу 
барысында Оңтҥстік және Батыс Қазақстан жерінің кӛшпелі және жартылай 
отырықшы халқының есебінен едәуір дәрежеде толығады. 
IX ғасыр аяғы мен XI ғасыр бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның 
орта ағысынан Еділдің тӛменгі бойына дейінгі орасан кең аумақты 
мекендейді. Оғыздардың қоныс ӛрістері ЬІрғыз, Орал, Ембі, Ойыл 
ӛзендерінің бойларында, Сырдариялық Қаратау баурайлары мен Испиджаб 
шегіне дейін жайылып, шашырап жататын. Олар Сырдарияның орта және 
тӛменгі ағысы бойында, Арал ӛңірі мен Шығыс Каспий аймағында 
шоғырланып қоныс тепкен-ді. Тіпті Орталық Қазақстанға дейін де 
жеткендігін археологиялық ескерткіштер (Аяққамыр, Басқамыр, т.б. қалалар, 
Домбауыл кесенесі, т.б.) нақты дәлелдеп отыр. Оғыз тҧрақтары мен 
бекіністерінің шекарасы Оңтҥстік Орал мен Тӛменгі Еділ бойына дейін 
жететін. Оғыздар отырықшы облыстармен, Хорезммен, Мауераннахрмен 
және Хорасанмен шектесіп жататын. 
X ғасырда сонау Хазарияға дейін созылып жататын ҧланғайыр дала, сол 
сияқты Солтҥстік Каспийдің қҧла тҥзі, Орталық Қазақстан, Оңтҥстік-шығыс 
Қарақҧм шӛлі мен Арал аймағының Кызылқҧмы Оғыз даласы деп аталатын. 
Демек осы ӛңірлер белгілі бір кезеңдерде оғыздарға тҥгелдей дерлік қараған 
болатын.
Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен 
жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы X ғасырда оғыз 
мемлекетінің астанасына айналады. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші 
Оғыз мемлекетінің басшысы болған.
Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды 
рӛл атқарады. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып, Хазар қағанатын 


269 
талқандайды. X ғасыр орта кезінде хазарлар шекарасы Каспий теңізінің 
солтҥстік-шығыс жиегіне жеткен еді. 985 жылы оғыз жабғысы орыс 
кінәздарымен бірлесіп, Еділ Бҧлғариясын ойрандайды. Осының бәрі оғыз 
мемлекетінің саяси кҥш-қуатының ӛсуіне жол ашқан еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет