248
Қаңқалардағы деформацияланған сҥйектер де бҧл кезеңде жиі табылған
болатын (Мамай қорымы, №2, 4, 5, 7, 8; Барбастау-3 қорымы, №3, 14 обалар,
т.б.). Кейінгі сармат қабірлерінен алынған қҧрал-саймандар сарматтық
ескерткіштерден алынған заттардан ӛзгешерек. Ерекшелік осы жоғарыда
айтылған керамикадан да қатты байқалады. Айта кететін бір жайт, ендігі
жерде
ыдыстар қарая жалтыратылды, ал қҧмыра секілді ыдыстарда ернеуі
мен шар тәрізді денесінің жоғарғы бӛлігін жалғастырып тҧрған Г-тәрізді тік
ҧстағыштар жасалды. Қазандық тәрізді ыдыстар пайда бола бастады.
Кейінгі сарматтардың қабірлерінен Қара теңіздің солтҥстік ӛңірлерінен
әкелінген ыдыстар да кездеседі. Бҧлар қызыл балшықтан дайындалған
шҥмекті қҧмыралар мен миниатюралы амфоралар еді.
Шығыста ӛндірілген, жетіасар мәдениетіне тән ыдыстар да ҧшырасады.
Қара теңіздің солтҥстік жағалауларынан әкелінген шаршы, ромб және
сопақша пішіндегі қалқаншалы тҥйреуіштер кейінгі сарматтар қабірінен
кездесетін әдетті жағдай еді. Алайда қыш қҧмыраларда хорезмдік дәстҥр
кеңінен байқалып қалады.
Ер адамдардың қабірінен әдетте қару-жарақ пен еңбек қҧралдары
алынады. Қару-жарақтар алдыңғы уақыттардағыдан ӛзгеше. Айталық,
семсерлердің ҧзындығы 1 м-ге дейін жетті. Олардың барлығы екі жҥзді.
Найза ӛте сирек кездеседі. Жебе ҧштары алынатын қабірлер саны да азая
тҥскен. Ал жебе ҧшы мол салынған қорамсақтардың кездесуі ӛте сирек,
тіптен жоқтың қасы. Молалардан 3-15 дана жебе ҧштары алынады. Сірә, ғҧн
типіндегі кҥрделі
садақтың шығуынан болар, олардың барлығының кӛлемі
ҧлғая бастаған.
Ат әбзелдері алынатын қабірлердің де саны арта тҥседі. Біздің
заманымыздың бірінші ғасырынан бастап, әсіресе ІІ-ІІІ ғасырларда атты
әскерлердің қабірінен қамшылар кӛптеп шыға бастайды. Бізге жеткен
бӛліктері кӛбіне металл бӛлшектері мен ағаш сабының бӛліктері ғана.
Лебедев қорымындағы кейінгі сармат уақытына жататын обалардан балта,
ожау, т.б. тҧрмыстық заттар алынған.
Әйел адамдардың қабірінен алынатын әшекейлер, еңбек қҧралдары мен
сәндік заттар, бойтҧмарлар да ерекше танытады.
Әсіресе кішкентай қола
айна-алқалар (диаметрі 4,5-5 см) кӛп, сонымен қатар тҥйреуіштер мен тҥрлі
тастан дайындалған (сердолик, янтарь, тау хрусталі, халцедон, т.б.)
моншақтар, сырғалар мен жҥзіктер, тҥтіндеткіштер, металл қоңыраулар, т.б.
заттар алынады. Полихромдық стильде жасалынған әшекейлер кӛптеп
табылған.
Сипатталған қабір қҧрал-саймандары кейінгі сарматтар батыс пен шығыс
арасындағы саудада белсенді тҥрде делдалдық жасағандағын толық
айғақтайды. Келесі кезекте нақты қабірлерге тоқталып ӛтелік...
Мамай-1 қорымындағы №12 оба мола алаңқайының орта тҧсында
орналасқан, оның диаметрі 4 м, биіктігі 0,2 м.
Қабір шҧңқырының ҧзындығы 2,2 м, ені 1 м, тереңдігі 0,8 м; оңтҥстік-
батыстан солтҥстік-шығысқа қарай бағытталған. 0,7 м тереңдіктен, батыс
қабырғаның астынан ҥңгіп қазылған қуыс анықталған, оның ҧзындығы 2,2 м,
249
батыс қабырғасындағы тереңдігі 0,8 м, биіктігі 0,8 м. Қуыстан ер адамның
қаңқасы
табылған, ол шалқасынан жатқызылған, басы солтҥстік-шығысқа
қаратылған, қолдарының сҥйектері денесінің қасында, аяқ сҥйектері
шҧқырды бойлай орналасқан.
Шҧңқырдың солтҥстік шетінде қҧмыра-кіреңке пішінді қыш ыдыс
тҧрған, оның биконусты денесі аздап созылыңқы, ҧзын мойыны біршама тік
болып келген. Денесінің жоғарғы бӛлігі мен мойынының ортаңғы бӛлігіне
зооморф бейнелі ілгек тәрізді ҧстағыш жасалынған, ҧстағыштағы шағын
ҥшбҧрыш тҥріндегі шығыңқы кертпешіктер қасқырдың немесе иттің қҧлағын
еске тҥсіреді. Қаңқаның оң жағында ҧзындығы 60 см, жҥзінің ені 4 см-ге
дейін жететін семсер жатқан. Екі жҥзі қиылған жерінде линзаға ҧқсас, оның
жоғарғы шетінде ҧзындығы 7 см, айқыштамасы (балдағы)
жоқ сабының
бӛлігі сақталған.
Шипов мәдениеті бірнеше этномәдени негізде ӛрбіп, отандық археология
тарихнамасында ӛз орнын қалдырды деуге болады. Кейінгі сармат мәдениеті
хунну мәдениетімен немесе ғҧн мәдениетімен тығыз байланыста дамыды.
ІІ-ІV ғасырларда Арал-Каспий ӛңірі ғҧн бірлестігі қалыптасқан негізгі
ӛлке болса керек.
Сӛйтіп, І-мыңжылдық алғашқы жартысында Қазақстанның батыс ӛңірлері
ғҧн-сармат тайпаларының жарқын мәдениетін сақтаған ірі аудандардың бірі
болып қалды. Заттай және рухани мәдениет дәстҥрлі тҥрде жалғаса берді.
Мҧндағы бірқатар тайпалардың басым бӛлігі батысқа қарай жылжығанымен,
жер-жерлерде олардың топтары, бӛліктері қалып отырды, уақыт ӛте келе
бҧлар басқа халықтармен кірігіп кетті.
Достарыңызбен бөлісу: