256
Иерархиялық сатының биік тҧғырында –
патша мен ханша, шонжарлар мен
«ақсҥйек» адамдар, салт атты жауынгерлер, тӛменгі сатысында тәуелді адамдар,
қҧлдар, қызметшілер, жаяу жауынгерлер орналасқан.
Сақтарда мҥлікке қарай қоғамның топтарға бӛлінуі
еуропалық скифтерге
ҧқсас болды. Соңғыларында, антикалық жазба деректеріне қарағанда, арнайы
патша некрополь-бейіттерінде ҥлкен обалар болған. Мҧндай
жағдай Батыс
Қазақстандағы Қырық-Оба, Тҧңғыш секілді обалары бар савромат және сармат
қоғамына да тән болды.
Ӛлген патшаларға алтын киім киіндіріліп, мҥрдесі кең лакытқа қойылған,
ал олардың ҥстіне зәулім архитектуралык ескерткіш – алып оба тҧрғызылған.
Қоғамның басқа мҥшелерін жерлеу ғҧрпы иерархиялық басқыш сатыларының
тӛмендеуіне қарай оңайлатылып отырған.
Ғҧрыптық іс-әрекеттердегі патшаның жеке басының дәріптелуінде саяси
астар жатты, ол жерлеу ғҧрпының рәсімдерін
сақ патшалары әулетінің
бҧлжымастығын идеологиялык жағынан негіздеу максатымен бҧқараға діни ықпал
жасау ретінде пайдаланған. Жарқыраған киім патшаның тҧлғасын асқақтатып,
оны кҥн бейнелі кҧдай дәрежесіне кӛтерген. Бас киіміндегі зооморфтық
бейнелердің діни-идеологиялық мазмҧны осы қорытындыны растайды. Есік
жауынгері бас киімінің маңдай жағындағы канатты және мҥйізді пырақ бейнесіне
кҥрделі символика негіз етіліп, сақтардың діни дҥниетанымының
қағидалары
бейнеленген.
Есік олжаларының қарастырылып отырған проблема ҥшін маңызы жазу
ескерткішінің — жазбасы бар кҥміс тостағанның табылуына байланысты арта тҥседі.
Кез келген қоғамда жазудың болу фактісі әлеуметтік-экономикалык ҧйым
дамуының жоғарғы деңгейін білдіреді. Мемлекеттік қҧрылым ҥлгісіндегі
қоғамдық қҧрылыс тҥрі осындай орган болуы мҥмкін. Мемлекет пен жазудың
пайда болу ҥрдістері ӛзара байланысты болған еді. Усунь, кангюй, хуннулар ендігі
жерде жеткілікті дәрежеде дамыған мемлекеттілік қалыптастырды. Оларда
әлеуметтік
дифференциация,
патша
билігі,
бюрократиялық
аппарат,
дипломатиялық практика белгілері толығымен кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: