Стан археологиясы


Қарлұқ мемлекеті (766-940)



Pdf көрінісі
бет95/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   157
Қазақстан археологиясы

Қарлұқ мемлекеті (766-940). Қарлҧқтар туралы «бҧлақ» деген атпен 
мәлім болған алғашқы деректер Ҥ ғасырға жатады. Бҧлар Алтай тауы мен 
Балқаш кӛлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен кӛшпелі тайпалар еді. 
VII ғасыр орта кезінде қарлҧқ бірлестігінің қҧрамына ірі-ірі ҥш тайпа—бұлақ, 
шігіл (себек) мен ташлық кірген. Қарлҧқ тайпаларының кӛсемдері елтебер 
титулын иемденді. 
742 жылы қарлҧқтардың, ҧйғырлар мен басмылдардың одағы шығыс 
тҥріктерге қарсы шығады. Тҥріктер талқандалып, олардың қағанатының 
орнында жаңа мемлекет қҧрылады. Билікке басмылдар келеді. Алайда 
ҧйғырлар мен қарлҧқтардың біріккен кҥші басмылдарды талқандағаннан соң 
Ҧйғыр қағанаты (744-840) қҧрылады. Ҧйғыр тайпаларының басы жоғарғы 
қаған болады да, қарлҧқтар кӛсемі оң (батыс) жабғы атағын алады. Ҧйғыр 
мемлекетін қҧрысқан қарлҧқтар енді оларға жау болады. 746 жылы қарлҧқтар 
Ҧйғыр қағанатынан жеңіліс тауып, Жетісуға қарай жылжиды. VIII ғасыр орта 
кезінен бастап, қарлҧқтар мен оғыздар арасында тҥргештер мҧрасын иемдену 
жолындағы тартыс етек алады, бҧл текетірес қарлҧқтардың жеңісімен 
аяқталынады; олар Қарлҧқ қағанатын қҧрады. Оның астанасы Суяб пен Тараз 
болды. Мемлекет аумағын кеңейтуді жалғастырған қарлҧқтар 766-775 
жылдары Қашғарияны басып алады, ал VIII ғасыр аяқ кезінде олар ӛз 
ықпалдарын Ферғанаға да жҥргізе бастайды.
Қарлҧқтардың жоғарғы кӛсемі бастапқыда жабғы (жабғу) аталынса, 840 
жылдан бастап қаған аталына бастады.
Араб және парсы деректемелеріне жҥгінсек, IX-X ғасырларда қарлҧқ 
бірлестігі толып жатқан рулық-тайпалық топтардан қҧралады. Мысалы, араб 
жағрафияшысы әл-Маруази (XII ғ.) қарлҧқтар қҧрамында тоғыз тайпа болған 
дейді. Қарлҧқ қоңференциясына Жетісу мен Оңтҥстік Қазақстанның: тұхси, 
шігілдер, азкіштер, түргештер, халаджылар, чаруктер, барысхандар 
сияқты кӛшпелі және жартылай кӛшпелі тҥрік тілді тайпалары енген. 
Қарлҧқтардың қоластындағы халықтар этникалық жағынан бір тектес 


265 
болмаған, олардың ішінде парсы тілді соғдылар, Таяу Шығыс пен Орталық 
Азия елдерінен ауған келімсектер де бар болатын. 
VIII-X ғасырларда қарлҧқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан 
Сырдарияның орта ағысына дейінгі кеңінен кӛсіліп жатқан аумақты қоныс 
етеді. 
Қарлҧқтардың жабғысы әрі Испиджаб билеушісі болған Білге Кӛл 
Қадырхан жоғарғы билікке ӛз қҧқы бар екендігін ашық тҥрде жариялап, 
қаған титулын алған. ІХ ғасыр соңында саманидтер әулеті мемлекетінің 
билеушілері қарлҧқтарды талқандап, астанасы Таразды басып алады. Қарлҧқ 
қағаны орталығын Қашғарға кӛшіреді. 
Қарлҧқ қағанатын ішкі қырқыстар, тҥрлі тайпалардың жайылым ҥшін 
кҥресі талан-таражға тҥсірді. 940 жылы қарлҧқтар мемлекеті қҧлады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет