Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет85/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   157
Қазақстан археологиясы

Сармат ескерткіштері 
 
Б.з.б. ІV-ІІ ғасырлардағы Прохоров мәдениеті. Б.з.б. ІV ғасырда 
антикалық авторлар жазған Оңтҥстік Орал мен Каспий маңында сармат 
тайпалары тіршілік етті. Олар мыңдаған жылдар бойы осында ӛмір сҥріп әрі 
осында келген тайпалармен біте қайнаса отырып, бірқатар археологиялық 
мәдениеттер қалдырды. Оның алғашқысы «прохоров мәдениеті» б.з.б. VІ-V 
ғасырлар шебінде скиф, массагет және савромат секілді басты ҥш 
этномәдени қҧрауыш (компонент) негізінде қалыптасып, дами бастады. 
Қазба материалдары бҧл этникалық топтардың бір мезгілде емес, бірінен 
кейін бірін алмастыра отырып б.з.б. VІ ғасырдан бастап ене бастағандығын 
нақты аңғартады. 


243 
Оңтҥстік Орал археологиясында екінші кезең ескерткіштері жерлеу 
қҧрылыстары, қыш ыдыстар, қару-жарақ және де ӛзге бҧйымдар негізінде 
жіктелінеді. Әдетте олар б.з.б. ІV-ІІ ғасырлармен мерзімделінеді де, ерте 
сармат мәдениеті немесе прохоров мәдениеті (Н.С.Рыков, И.В.Синицын, 
К.Ф.Смирнов, М.Г.Мошкова) деп аталынады. Кейде бҧл хронологиялық 
кезеңді ерте темірден сармат мәдениетіне «ӛтетін» кезең деп те атайды.
Б.з.б. ІV-ІІ ғасырлар ескерткіштерін М.Г.Мошкова зерттеді де, олардың 
кезеңдестірілуін жасады. 
Б.з.б. ІV-ІІ ғасырларға жататын далалы Орал маңындағы сармат 
ескерткіштеріне шҧңқыр мен қаңқалардың оңтҥстік бағыты тән. 
Ерте 
прохоров кезеңінде солтҥстіктен оңтҥстікке бағытталған 
тікбҧрышты шҧңқырлары қабір шҧңқырының негізгі тҥрі бол бастайды. 
Жерленген адамдардың басы оңтҥстікке қаратылған. Ҧжымдық қабірлер де 
кездеседі. Олардың ерекшелігі – ер адамның да, әйел адамның да мҥрделері 
қатар жата береді, кейде жас бала қаңқасы аяқ жаққа орналасады. 
Прохоров ескерткіштерінен алынатын қҧрал-саймандар біркелкі: қолдан 
істелінген керамика; ыдыстардың тҥбі дӛңгелек, кейде тҥбі қалыңдау, 
кӛлемдері аса ҥлкен емес; ыдыс формасы шар тҥрінде, мойын тҧсы тар, ою-
ӛрнегі сирек, кейде ол денесінің жоғарғы жағынан тӛмен қарай тҥсірілген 
сызықтар қатарынан да тҧрады. Дӛңгелек немесе қалыңдау тҥпті, сағасы кең 
тҥтіндеткіш (курильница) те жиі кездеседі. Б.з.б. ІІ ғасырда жалтыратылған 
ыдыстар пайда бола бастайды.
Прохоров мәдениетіне тән обалар: Шалқар-3 қорымындағы №6, 13 
обалар, Барбастау-5 қорымындағы №23 оба; Факел қорымындағы №1 обаның 
2-қабірі. 
Шалқар-3 қорымындағы №6 обаның диаметрі 23 м, биіктігі 1,1 м, 
ондағы ілкідегі жер бетінен бірі тікбҧрышты, келесісі сопақша қабір дағы 
табылған. Біріншісінің (орталық) ҧзындығы 2 м, ені 1,4 м; екіншісінің (батыс) 
ҧзындығы 1,8 м, ені 1,5 м, солтҥстіктен оңтҥстікке қарай бағытталған. 
Шҧңқырды толық тазалағаннан кейін біріншісі ҧзындығы 3,8 м бҧрыс сопақ 
тҥріндегі тҧрпатқа енді. Екінші шҧңқыр сопақ тҧрпатын сақтап қалды, тек 
ҧзындығы ӛзгеріп 3,5 м-ге жетті, ені 3 м болды. Бірінші шҧңқыр тереңдігі 2,3 
м, ал екінші шҧңқыр тереңдігі 2,1 м. Алғашқы шҧңқырдағы мҥрде 
шалқасынан созыла жатқызылған, қолдары денесіне жабыстырылған, басы 
оңтҥстікке бағытталған, ал қаңқасының ӛзі қамыс тӛсенішке қойылған. Қабір 
қҧрал-саймандарынан оң қолының саусақтары жанына қойылған ҧзындығы 
40 см темір қанжар шыққан. Сабында орақ секілді ҧштығы мен кӛбелек 
тҥріндегі айқыштамасы (балдағы) бар. Ақинақ ағаш қынға салынған. Оң 
қолының саусақтары қасынан куб тҧрпатты ирек ою-ӛрнегі бар ҥш тас 
моншақ пен дӛңгелек қалыптамада жасалған қола әшекей алынған. Сол 
қолының саусақтарының қасынан ҧңғылы, ҥш қалақты қола жебе ҧштарының 
жиынтығы мен темір пышақ жатқан. Қаңқаның кеуде тҧсындағы сҥйектерден 
темір айылбас, ал аяқ жағынан қой сҥйектері мен қайрақ тастармен бірге екі 
пышақ алынған. 


244 
№2 шҧңқырдан басы оңтҥстікке бағытталған, ҧзынынан (шалқасынан) 
созыла жатқызылған екі әйелдің мҥрдесі табылған. Батыс жақтағы қаңқаның 
оң және сол қолдарынан ирек ӛрнекті шаршы және дӛңгелек тҧрпаттағы тас 
моншақтардан дайындалған білезіктер алынған. Қаңқаның сол жағында ҥш 
қырлы және ҥш қалақты қола жебе ҧштары салынған (бҧрын) тері қорамсақ 
жатқан. Шҧңқыр қабырғасы маңынан ішінде тері кесектері бар спираль 
тҥріндегі қола әшекей табылған. Оң жақ жамбасының тҧсынан сынған қола 
айна, ал сол жақ жамбасынан сәндік қыш ыдыс алынған. Мойын сҥйектері 
ҥстінен лазурит, сердолик, тас және пастадан жасалған моншақтар, қҧлақ 
қабыршағының орнынан қос спираль тҥріндегі алтынмен қапталған екі қола 
сырға аршып алынған. Бас сҥйегінің артқы жағында мойыны биік, денесі шар 
тәрізді керамикалық ыдыс тҧрған. Шығыс қаңқаның сол қолынан тастан 
дайындалған білезік пен ҥш қалақты және ҥш қырлы ҧңғылы жебе ҧштары 
алынған. Мойын сҥйектерінде моншақтардан жасалған алқа, бас сҥйегінің 
қасынан негізі қола сымнан істелінген екі алтын сырға табылған. Бас сҥйек 
қасында керамикалық ыдыс тҧрған. 
Шҧңқырдың оңтҥстік қабырғасынан тоқылған боқша қалдықтары 
аршылған, оның ішінде сапты қола айнаның бӛлігі, сәнденуге арналған сҥйек 
таяқша, бор кесегі, жоса жатты. 
Сайып келгенде, прохоров мәдениеті ерте темір дәуіріндегі ірі 
археологиялық мәдениеттердің бірі болып табылады. Археологиялық 
материалдар арқылы бірқатар топтардың Орта Азияға, т.б. ӛңірлерге қарай 
жылжуын байқауға болады. Сонымен қатар Орал ӛңірінде бҧрын белгісіз 
болған ғҧрыптар мен заттай мәдениет те байқалады. Мәселен, тас жәшікті 
пайдалану да орын алады (Жаман-Қарғалы-1, Мешітсай). Бҧлардың генезисі 
шығыста екендігі анық. Қазақстанның батыс ӛңірінде б.з.б. ІІІ-ғасырға қарай 
тҧрғындар саны біршама азайып қалады, дегенмен олардың қалдықтары 
Орал, Елек, т.б. ӛзендердің бойындағы ескерткіштерден толымды тҥрде 
кӛрінеді. Б.з.б. ІІІ-І ғасырларға жататын ескерткіштердің алдыңғы кездерге 
қарағанда ӛте мол болуы осы пікірді қуаттайды әрі осы кезеңде прохоров 
мәдениетінің мейлінше гҥлденген кезі болғандығын дәлелдейді.
Батыс ӛңірлердегі ҥздіксіз мәдени даму сан ғасырлар бойы ӛз 
жалғастығын тауып отырды. Мҧның ерте темір дәуіріндегі және одан кейінгі 
замандардағы барлық археологиялық мәдениеттерге қатысы бар. Прохоров 
мәдениетінің соңына қарай оның тҧрғындарының этникалық келбеті 
кҥрделене тҥскенімен, жерлеу қҧрылысы, ғҧрпы мен заттық мәдениетінің 
ықпалы келесі археологиялық мәдениеттерде ішінара болса да сақталынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет