Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет96/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   157
Қазақстан археологиясы

Арабтардың шапқыншылығы. Араб шапқыншылығы қарсаңында Орта 
Азия мен Қазақстанның басым бӛлігі Батыс тҥрік қағанатының қол астында 
болды. Кӛптеген ортаазиялық иеліктерді тҥрік немесе шығу тегі аралас 
әулеттер басқарды. Осы кездері шаруашылық байланыстар кеңейді
экономикалық байланыстар жанданды. Бҧл араб шапқыншылығына қарсы 
кҥресті ҧйымдастырудағы едәуір маңызды факторлар болған еді. 
705 жылы арабтар шауып кету тактикасынан бас тартып, Әмударияның 
шығыс жағындағы Мауераннахр облыстарын басып алуға кірісті. 
Хорасанның уәлиі-орынбасары Кутейба ибн Муслим Балхты жаулап алып, 
706 жылы Бҧхараға таяу жердегі Пайкентке қарай беттеді. Тҥргештер дереу 
соғдыларға кӛмекке келді. Тҥріктер мен соғдылардың бірлескен қолы араб 
әскеріне ойсырата соққы берді. Кутейба ибн Муслим айлакерлік жолмен 
одақтастарды алдап, оларды бір-біріне айдап салып, ӛзі қоршаудан қҧтылып 
кетеді.
712 жылы Кутейба Самарқандты басып алады.
712-713 жылдары арабтармен кҥреске тастҥйін болып тҥріктер мен 
соғдылардың, шаштықтар мен ферғаналықтардың бірлескен қолы шығады. 
Бҧған жауап ретінде Кутейба қалың әскер жинап, Ферғана мен Шашқа 
(Ташкент) аттандырады. Шаш маңындағы қыстақтардың кӛбі рақымсыз 
ӛртеледі.
714 жылы Шашты Кутейба басып алып, Испиджабқа жорық жасайды. 
723 жылы Ферғана қарлҧқтары және Шаш тҧрғындары тізе қосып
арабтарды оңдырмай жеңеді, оларды Ходженттен Самарқандқа дейін қуып 
тығады. Бҧдан кейінгі соғыстарда екі жақ алма кезек жеңіске жетіп отырады.
Тҥргештер ӛздерінің кҥшейген кезінде Мауераннахр ҥшін арабтарға 
қарсы елеулі кҥш болған еді. Тҥргештер қолдаған халық кӛтерілістері 
арабтарды 
тҥгелдей 
Мауераннахрдан 
қуып 
шығуға 
жақындатты. 
Тҥргештердің қағаны Сулық арабтарға қарсы батыл да қайратты кҥш 
кӛрсетті, сондықтан оны арабтар «Әбу Мҥзахим» (Сҥзеген) деп атады. 737 
жылы Сулық арабтарға қарсы жорыққа шығып, Тохарстанға дейін жетеді де, 
қарлҧқ жабғысымен қосылады. Еліне қайтып келгеннен кейін оны ӛзінің 
қолбасшыларының бірі ӛлтіреді, осыдан кейін қағанатта ӛзара қырқыстар 
ӛрши тҥседі. 


266 
Сулықтың қазасынан кейін «сары» тҥргештер мен «қара» тҥргештер 
арасында ҥкімет билігін алу жолындағы ҧзақ кҥрес-тартыс басталып кетеді
ол екі жаққа да ауыр тиді. 
748 жылы қытай әскерлері Суяб қаласын уақытша басып алады, келесі 
жылы Шаш жаулап алып, билеушісін дарға асады. Оның баласы кӛмек сҧрап, 
арабтарға барады. 751 жылы Тараз жанындағы Атлах қаласы тҥбінде 
аббасидтердің әскербасы Зияд ибн Салих пен Кытай қолбасшысы Гао 
Сяньжи арасында орасан зор арпалыс басталады. Айқас бес кҥнге созылады. 
Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлҧқтар кӛтеріліс жасап, 
арабтар жағына шығады. Қытай әскері толық кҥйретіледі, ал арабтар Таразды 
бағындырады.
766 жылы Жетісудағы билікті алғаннан кейін қарлҧқ жабғысы арабтарға 
қарсы кҥресті бастайды.
806 жылы Соғдыда Рафи ибн Лейс бастаған кӛтеріліс бҧрқ ете қалады
оған «ӛз тҥріктерімен бірге Шаш билеушісі», қарлҧқтар, тоғыз-оғыздар мен 
тибеттіктер де қатысқан еді. Бҥлікті басып-жаныштағаннан кейін, 810 жылы 
арабтар қарлҧқтардың Қҧлан қаласына шабуыл жасайды. 
812 жылы араб қолбасшысы Фадл ибн Сахл Отырар ӛңіріне кіріп, 
ондағы шекара қамалының бастығын ӛлтіреді, қарлҧқ жабғысының балалары 
мен әйелдерін тҧтқынға алады, ал қарлҧқ жабғысы қимақтар (кимектер) еліне 
барып бас сауғалайды. Араб тарихшылары Фараб, Испиджаб пен Шаш 
арабтар ҥшін ең тынышсыз иеліктер болғандығын жазады. 
ІХ ғасыр бас кезінде араб халифатының саяси тҧтастығы бҧзыла 
бастады. Мауераннахр халқының арабтарға қарсы толассыз әрі тынымсыз 
кҥресі жергілікті феодалдық аристократияға билікке келуге қолайлы жағдай 
жасады. Солай болды да. ІХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап Хорасан мен 
Мауераннахрда жергілікті Тахиридтер мен Саманидтер, ал Жетісу мен 
Сырдарияның орта ағысында қарлҧқтар билік ете бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет