Стан археологиясы


Діни нанымдары мен ғұрыптары



Pdf көрінісі
бет92/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   157
Қазақстан археологиясы

Діни нанымдары мен ғұрыптары. Жерлеу материалдарына карағанда, ата-баба 
аруағына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сыйыну ғҧрыптары 
болған. Бҧл ғҧрыптардың шығуы ӛлген тумаларының мәңгі жасайтынына, 
ӛлгендер ӛзінің рулық қауымының салттары, ҥйреншікті ғҧрыптары мен ережелері 
бойынша ӛмір сҥре беретін о дҥние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп 
ӛлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мҥліктің 


258 
кӛмілуі, қауымның жеріндегі ру зиратында атқарылатын әрбір тайпаға немесе 
тайпалар тобына тән кҥрделі жерлеу ғҧрпы шыққан. Малшыларда бҧл ең алдымен 
қыстау маңы болды. Ӛлгендердің бәрі әдетте жылдың қай мезгілінде болса да, 
шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді.
Сақ пен усунь тайпаларының жерлеу ғҧрпы алдындағы уақыттың 
ғҧрыптарынан едәуір ерекше болды. Егер қола дәуірі ҥшін тас қоршаулар мен тас 
жәшіктерге жерлеу тән болса, сақтар мекендеген аудандардың бәрінде обалы 
қорымдар болып, адамдар кӛбіне сопақша етіліп қазылған қабірлерге жерленді. 
Лақыттап және ақымдап жерлеудің жаңа тҥрлері шықты.
Жерлеу ғҧрыптарының салттарында да бірсыпыра айырмашылықтар орын 
алып, олар шағын және уақытша сипатта болған. Мәселен, Оңтҥстік Орал сырты 
мен Батыс Қазакстанның савроматтары ӛлген тайпаластарын бетін ағашпен 
жапқан тар немесе кең тік бҧрышты шҧнкырларға кӛмген. Осы аумақтағы кейбір 
тайпаларда шаршы және шеңбер тҥріндегі кабірлерге жерлейтін болды, ҧзын 
қабырғаларының жақтауынан шығарылған кертпешелері немесе ойықтары бар 
кабірлер ҧшырасады. 
Арал маңы сақтарында тҥбін айнала шамалап орлаған, жерден ойып нар 
жасаған және тҥбінің бҧрыш-бҧрышына не оны айналдыра орнатылған 
діңгектердің орны бар ӛзінше бір ҥлгідегі кабірлер кездеседі. Жетісуда және 
Алтайда ауқатты адамдар сол кездегі жердің бетіне салынған не жерді қазып 
орнатқан ҥлкен ағаш қималарға қойылатын болған. Бҧл аудандарға карапайым 
адамдарды бір қабірге бірнешеуін жерлеу немесе аса терең қазылмаган қабірлерге 
бірінен кейін бірін жерлеу ғҧрпы да тән. Орталық Қазақстанда жалпақ тақта 
тастармен жабылып, жерден қазылатын сопақша жерлеу тҧрақты дағдыға айналды, 
нақ осында тас кешенді обалар тҥріндегі мола қҧрылыстардың ерекше ҥлгісі де 
болған. Тайпалардың жерлеу ғҧрпындағы айырмашылықтар оларда біртҧтас жҥйелі 
діни ҧғымдардың болмағандығын кӛрсетеді. Кангюйлерде оба астындағы 
катакомбаларда, бҥйірлі молаларда, жер бетіндегі және жер астындағы 
сағаналарда, қолдан балшықпен платформа жасалған молаларда жерлеу 
кеңінен орын алды.
Қазақстанның мал ӛсіруші тайпаларының отқа, жылқыға, кҥнге және басқа 
аспан шырақтарына табынумен байланысты ғҧрыптары да болған. Антик 
деректемелері мен кӛне ирандық деректемелер бірқатар сақ тайпаларының 
сыйынатын басты қҧдайы Кҥн болғанын анық кӛрсетеді, онымен аспан отының 
бейнесі тығыз байланысты болған. Орталық Қазақстан мен басқа аудандардың сақ 
қабірлерінде Кҥн-қҧдайға қҧрбандыққа жылқы шалу дағдысы талай рет анықталды, 
әр тҥрлі нҧсқалары: аттың ӛлігі мен оның тҧлыбын кӛму, аттың басы мен 
аяқтарының терісін кӛму, ат әбзелдерін немесе олардың жекелеген бӛлшектерін 
кӛму нҧсқалары да мәлім. 
Бәрінен тазартатын киелі кҥш деп біліп, отқа табыну Кҥнге табынудан келіп 
шыққан. Ол Еуразияның мал ӛсіретін кӛптеген тайпаларында кеңінен таралған. 
Батыс Қазақстандағы ағаштан жасалған мола ҥстіндегі қҧрылыстарды ӛртеу 
ғҧрыптары зҧлым рухтарды жолатпайтын оттың тазарткыш кҥшіне сенумен 
байланысты. Арал маңы сақтары сияқты, Елек пен Жайық савроматтарының 
қабірлерінен де қызыл бояу – от пен Кҥннің символы жиі ҧшырасады. Қола 


259 
(Жетісу) және тас (Арал ӛңірі, Орталық Қазақстан, Оңтҥстік Орал сырты) 
қҧрбандық мехраптарының кӛптеп табылуы кҥнге, отқа және ҥйдегі ошаққа 
сыйынумен байланысты. 
Діни нанымдарында ӛлген адамға екі тҥрлі қарау айқын аңғарылады: бір 
жағынан, оны кҧрметтеп, оған сыйынатын болса, екінші жағынан тайпаластарға 
ӛлген кісінің жаны қайтып келіп кіреді деп қорқатын болған. Соңғы жағдайда отқа 
табыну, сірә, ӛзінше бір сақтану қызметін атқарған болса керек. Нақ осы мақсатпен 
жерлеу ғҧрпы атқарылған кезде обаларды айнала ондаған жерге от жағылатын 
болған, мәселен, Орталық Қазақстандағы Қараоба және Жетісудағы Бесшатыр 
қорымдарында осылай істелген. 
Анимизм, тотемизм және магия сияқты алғашқы ең ежелгі діни ҧғымдар да 
сақталды. Қабірлерден әдейі сындырылған бҧйымдардың жиі кездесетінін 
ғалымдар анимизмен, заттардың жаны болады деген сенімнен деп тҥсіндіреді. 
Тайпалас адамдар ӛлген кісінің қаруын, айнасын және басқа да меншікті заттарын 
әдейі сындырғанда, ӛлген адамның жанымен бірге ӛліктер еліне жететін 
заттардың жанын азат етуге кӛмектестік деп сенген. 
Тотемизмнің және магияның сарқыншақтары әр тҥрлі тҧмарларда, тылсымдар 
мен бойтҧмарларда сақталған. Рудың немесе тайпаның қайсыбір мифтік хайуан 
тегінен шығуы туралы ҧғым жануарлардың металдан жасалған мҥсіндерінде 
бейнеленген. Шайқастарда желеп-жебейді деп онымен қару, жауға мінетін атты 
сақтасын деп жҥгенді безендірген. Сақтарға жақсы таныс жабайы андар 
бейнесіндегі киелі хайуандар туралы олардың шапшаңдығын, ептілігін және кӛбіне 
киелі кҥшін мадақтайтын аңыздар шығарылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет