Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет93/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   157
Қазақстан археологиясы

Бейнелеу өнері. Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылығының ең 
жарқын керіністері арасында қодданбалы ӛнер ерекше орын алады. Оның басты 
қҧрауышы б.з.б. VIIІ-VI ғасырларда қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта 
Азияның және Оңтҥстік Еуропаның тайпалары арасында тараған аң стилі деп 
аталатын ӛнер болды. 
Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылған орны 
бойынша бҧл бейнелеу шығармашылығы шартты тҥрде скифтік-сібірлік аң стилі 
деп аталады. Оның негізгі тақырыбы андарды, хайуандарды және аңыздағы 
зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды.Мазмҧны жағынан мифо-логиялык
тҥрі жағынан реалистік аң стилі ӛнері сәндік сипатта колданылды. Бейнелеу 
әдістерінің кӛбі қазандар мен қҧрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсақ, 
айбалта, жҥген, айна секілді заттарды, киімді, тулардың сабын әшекейлеу ҥшін 
пайдаланылды. 
Ертедегі шеберлер кӛп жағдайда заттардың пайдалылығын бейнелеуді 
мазмҧндылығымен жақсы ҥйлестіріп отырды, осының нәтижесінде олардың 
жасаған кӛптеген бҧйымдары дҥние жҥзіндегі ең тандаулы ҥлгілерден қалысқан 
жоқ. Ертедегі суретшілердің шығармашылығы ӛздерінің айналасындағы 
жануарлар дҥниесінің нақты бейнелеріне етене жақын болды. Сақ шеберлері арқар 
мен таутекенің, жолбарыс пен қабанның, марал мен тҥйенің, дала қыраны мен 
киіктің, қасқыр мен қоянның, жылқы мен бҧланның ӛздеріне жақсы таныс 
бейнелерін сомдай білген. Андарды бейнелеуде әр тҥрлі материалдар қолданылды. 
Бізге дейін жеткен бҧйымдардың кӛбі қола мен алтыннан жасалған, сҥйектен, 


260 
мҥйізден, темірден, киізден жасалған андардың бейнелері де кездеседі. 
Ағаштан, теріден, киізден ойып жасалған аңдардың бедерлері де мәлім. 
Аң стиліндегі ӛнерді шартты тҥрде ҥш кезеңге: кӛне заманғы кезеңге, ӛрлеу 
мен қҧлдырау кезеңдеріне бӛлуге болады. Б.з.б. VIII—VII ғасырлар ҥшін 
аңдарды бір орында тҧрған қалпында жеке немесе ішінара бейнелеу тән болып 
келеді. Таутекенің, арқардың мҥсіндері, басын кетеріп жатқан қабанның немесе 
тҧрған жыртқыштың, аяғын бҥккен немесе тҧяғының ҧшымен тҧрған бҧғылардың 
бедерлеп салынған суреттері кӛп кездеседі. Қос шеңберлі тҧғырда тҧрған екі 
текенің қҧйма қола мҥсіні назар аударарлық: текелер біршама схемалы тҥрде, бейне 
бір секіруге оңтайланған кейпінде, бастары тҧқырта бейнеленген, ал бедерлі ҥлкен 
мҥйіздері арқаларына тиіп тҧр. 
Жетісудан табылған екі қола мҥсінде мҥйіздері айнытпай тҥсірілген текелердің 
басы реалистік тҧрғыда кӛрсетілген; мҥсіндер ҧзын конус тәріздес тӛлкелерге 
орнатылған. Алдыңғы қола қҧю ӛнерінің тағы бір ҥлгісі — Солтҥстік 
Қазақстаннан табылған, басын жоғары кетерген және мҥйіздері бірнеше рет 
бҧралған арқардың іші қуыс мҥсіні, ол соғыс қаруы – балға-шотқа (Бурабай) 
салынған. Шілікті обасынан (Шығыс Қазақстан) табылған заттардың арасында 
ҥлкен мҥйіздерін арқасына кайыра жатқан бҧғы кейпінде шебер жасалған алтын 
бҧйымдар, қабандардың ойып жасалған шағын мҥсіндері ерекше кӛзге тҥседі. 
Қола пышақтарды жыртқыштардың басын салып немесе тҧтас мҥсіндерін салып 
әдемілеу, ал жҥген тоғаларына аттың басын немесе ат тҧяғының таңбасын салып 
әшекейлеу сол кездегі кӛп тараған әдіс болған еді. 
Алдыңғы кезеңнің ӛнеріне жануарлардың қимыл-қозғалысының болмауы 
тән, олар ең жақсы дегенде, мысалы, Шіліктіден табылған бҥркіттің алтын 
мҥсіндері сияқты, басы сәл бҧрылып бейнеленеді. Бейне бір қҧрсақта жатқандай 
кейіпте орала бҥктетіліп жатқан жануарлардың бейнесі кеңінен тараған сюжет 
болып табылады. Бҧл кейіптес бейнелердің ең ертедегі ҥлгілері Еуразия 
далаларының шығыс аудандарынан табылған.
Б.з.б. VI-IV ғасырларда Еуразия далаларында аң стиліндегі ӛнер 
стилистикалық жағынан ӛзгерістерге ҧшырады. Бір орында тҧрған кҥйінде 
бейнеленген жануарлар бейнелерінің орнына қҧрылымы кҥрделі, серпінділікке 
толы сюжеттер шығады. Мҥсіндік бейнелер азайып, қозғалыс ҥстіндегі андардың 
бедерлі бейнелері, аңдардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шабуыл жасап 
жатқан кӛріністері бар композициялар кӛбірек кездеседі. Атыла ҧмтылған 
козғалыс мҥсіндердің «бҧратылуы» тәсілімен беріледі, бҧл жағдайда аңның жарты 
денесі қарама-қарсы жағына бҥктетіле салынады. Бейненің қозғалыста екендігін 
керсетудің басқа да техникалык әдістері: қисық сызықтар жҥйесі, жануарлардың 
дене мҥшелерін бҧрамалар, шырмауықтар, орамалар, ҥш бҧрыштар, жақшалар 
және т. б. тҥріндегі арнайы белгілермен беру әдістері қолданылады.
Есік обасынан табылған сақ қанжарының жҧқа алтын қаптырмаларында 
жатқан кҥйінде бейнеленген андардын ширатылуы орындау шеберлігі жӛнінен 
бірегей дҥние. Ақинақ жҥзінің екі жағына алтын каптырмалар кӛмкерілген; 
олардың бірінде жҧқа бедермен он екі, екіншісінде – тоғыз бейне бар. Олардың 
арасында жыланның, тҥлкінін, қасқырдың, арқардың, киіктің, таутекенің, коянның 


261 
шағын мҥсіндері кездеседі, олардың барлығы ерте кезең ӛнеріне тән кейіпте 
аяқтарын бҥгіп жатқан кҥйінде берілген. 
Б.з.б. III-II ғасырларда аң стиліндегі ӛнер біртіндеп кҧлдырай бастайды. Аң 
стилі ою-ӛрнекке айналады. Оның орнына тҥрлі-тҥсті тастармен кӛз салып 
безендіру техникасы және басқа да әшекейлеу тәсілдері қолданылатын 
полихромдық деп аталатын стиль келеді, қолданбалы ӛнер туындылары пайда 
болып, оларда жануарлар дҥниесінің бейнелері схемаға айналып, полихромдық 
бай ӛрнекпен араласып кетеді. Бҧл ӛнер дайын кҥйінде сырттан, бір жақтан 
әкелінген жок, ол сақ ӛнерінің қойнауынан шыққан. Ою-ӛрнектік полихромияның 
кейбір әдістері б.з.б. VII-VI ғасырларда-ақ жетіле бастады. Мәселен, тҥрлі-тҥсті 
тастан кӛз салу, бедерлеу (алтын тҥйіршіктерін дәнекерлеп бекіту), тоспа эмаль 
(жекелеген ҧяларды арнайы қҧрамдағы заттармен толтырып қҧю) Шілікті, 
Жалаулы және басқа ескерткіштерден белгілі. Б.з.б. V-IV ғасырлардағы 
полихромдық ӛнер туындыларының Қазақстанның, Орта Азия мен Сібірдің бҥкіл 
аумағынан ондаған ҥлгілері табылды. Бәлкім, нақ осы ҥш аймақта б.з.б. I-
мыңжылдықтың аяғында сақтар ӛнеріндегі аң стилін ығыстырған полихромдық 
ӛнердің қуатты ошағының негізі калыптасқан да болуы мҥмкін.
Аң стилінің шығуы жӛнінде тарихи әдебиетте екі негізгі кӛзқарас бар. 
Бірінші болжамды жақтаушылар скиф-сақ тайпалары бҧл ӛнерді Алдыңғы Азиядан 
қабылдаған деп санайды, Еуразияда оның пайда болу мерзімін б.з.б. VII ғасырдың 
70-жылдарында скиф тайпаларының Кіші Азияға басып кіруімен байланыстырады. 
Мидиялықтармен этникалык жағынан туыстық пен мәдени жақындық скиф-сақтар 
арасында кӛне шығыс ӛнерінің кейбір ҥлгілерінің тез тарауына себепші болды, 
кейін бҧл ҥлгілерді скифтер мен сақтар ӛздерінің талғамдары мен қажеттеріне 
бейімдеп алды. Одан әрі, шамамен, б.з.б. V ғасырдан бастап еуропалык және 
азиялық ӛнердің даму жолдары тҥбегейлі ажырайды, ғалымдардың пікірі 
бойынша, мҧның ӛзі Қара теңіз жағалауындағы скифтерге кӛне Грекия 
ықпалының кҥшеюінен болған, ал сақтардың мәдениеті мен ӛнеріне Алдыңғы 
Азияның Ахеменид ӛнері тікелей ықпал жасады. 
Екінші пікірді жақтаушылар аң стилі ӛнерінің қалыптасуына Алдынғы Азия 
мәдениетінің ықпалы болғанын теріске шығармайды. Бҧл ықпал б.з.б. VI 
ғасырдың соңынан бастап, Ахеменид уақытында ерекше кҥшті болды делінеді. 
Нақ осы кезенде сақ ӛнерінде оған бҧрын тән болмаған арыстанның, жарты денелі 
арыстан самҧрықтың бейнелері, негізгі мҥсіні қасиетті ағаш не қҧдайдың мҥсіні 
болып табылатын геральдикалық композициялар, гҥлдер немесе тҧтас алғанда 
лотос тҥйнегі тҥріндегі ӛсімдік тектес ою-ӛрнектер пайда болады. Алайда, аң 
стиліндегі ӛнердің шығуын бҧл зерттеушілер жергілікті ортамен байланыстырады 
да, оның тууын соңғы қола дәуіріне жатқызады. 
Аң стилі ӛнерінің мазмҧнын анықтаумен байланысты мәселелер әлі де болса 
айқын емес. Оның діни наным сипатында болуы ықтимал. Скиф-сақ ӛнерінің 
мазмҧнына кіретін хайуандар бейнелері нақты этникалык және тайпалық 
топтардың тотемдік арғы тегін бейнелеген. Сонымен бірге аң стилі ӛнері мазмҧны 
жағынан мифологиялық ӛнер болған еді. Бҧл ӛнер аңдар таласының кӛптеген 
сюжеттерінде шиеленіскен тартысқа толы рулық және тайпааралық кҥресті, ерлік 
даңкы мен жаулап алушылықтың қатыгездігін бейнеледі. 


262 
Сақтардың қолданбалы ӛнерінің маңызды тҥрі ою-ӛрнек болды, ол аң стилі 
ӛнерімен қатар, онымен ӛзара байланыста дамыды.
Сақ заманындағы ою-ӛрнектің бірнеше тҥрін: геометриялық, ӛсімдік тектес, 
зооморфтық, символдық тҥрлерін бӛліп кӛрсетуге болады. Сақтардың 
металдан, киізден жасалған бірқатар бҧйымдарында және керамикасында 
сақталған геометриялық ою-ӛрнек ӛзінің бастамасын андронов тайпаларының 
ӛнерінен алады. Ол сақ бҧйымдарында ҥш бҧрыштар, шеңберлер, ромбылар, 
шаршылар, шыршалы, меандрлық және шеңбер бӛліктері тектес ою-ӛрнек 
тҥрінде болып келеді.
Ежелгі усуньдердің зергерлік ӛнерін Алматы маңында орналасқан 
Қарғалыдан табылған алтын бҧйымдар мейлінше жарқын тҥрде сипаттайды. 
Табылған олжалар арасында қос ӛркешті тҥйе мҥсіндері бейнеленген екі 
сақина, тау ешкілерінің ондаған мҥсіндері, адамды тістеп тҧрған тышқан 
бейнеленген сырға, кӛптеген тоғалар кездеседі. Барлық бҧйымдар алтыннан 
жасалған және оларға асыл тастар орнатылған.
Қарғалы тәтісі (диадемасы) ерекше қызығушылық туғызады. Ол жӛнінде 
жоғарыда толымды сипаттама берілген.
Арал-Каспий ӛңіріндегі кӛшпенділер ӛнеріне монументтік тас мҥсіндер тән 
болып келеді. Олардың жҥзден астам мҥсіндерінің басым бӛлігі Ҥстірт пен 
Маңғыстаудағы ғибадатханалардан табылған. Бҧл мҥсіндер әктастан жасалған, 
онда жауынгер ер адамның фигурасы бедерленген: оң қолы тӛмен тҥсірілген, 
сол қолы білек тҧсында қайырылған және қарнына жабыстырылған. Сонымен 
қатар мҥсіндердің кӛлемдері 0,9 м-ден 3,8 м-ге дейінгі аралықты қамтиды. 
Аталған ескерткіштердің ерекше қҧндылығы антропологиялық тип 
(моңғолоидтық араласқан еуропоидтық) пен киім-кешекті (бешпент, белдік, 
етік, т.б.) дәл беруінде. Сондай-ақ бедерленген адамның қару-жарағы (қанжар, 
қорамсақ, т.б.), таққан әшекейлері (сырға, т.б.) де аса шеберлікпен бедерленген. 
Мҧндай заттар сарматтар мен сақтар мекендеген солтҥстік аудандардағы 
қабірлерден молынан ҧшырасқан. 
Кангюй тайпаларының ӛнері де сақтардың, усуньдердің қолданбалы ӛнері 
сияқты ӛте тартымды. Олар тіптен сан алуан. Кангюйлерге тиесілі әрбір 
археологиялық мәдениеттердің (отырар-қаратау, қауыншы, жетіасар) ӛзіндік 
ерекшеліктері, қайталанбас туындылары бар. Солардың арасынан ҧстағышына 
қой, елік, жыртқыш аңдар бейнелері тҥсірілген қыш ыдыстар да ерекше кӛзге 
тҥседі. Қой мҥсіні, ӛгіз мҥйізі тҥрінде жасалынған ғҧрыптық ошақ тҧғырлары 
да кӛз тартады. Ҥй ғибадатханаларынан алынған пҧт – кҥмістен дайындалған ер 
адамның мҥсіні де кеңінен белгілі. Айта кету керек, ежелгі ӛнер байырғы 
тайпалардың діни тҥсініктерімен тығыз байланысты және оны тек діни 
кӛзқарастар аясында ғана талдауға болады. Әрбір жасалған ӛнер туындысынан 
сол кездегі шебердің, қоғамның тыныс-тіршілікке, қоршаған орта мен тылсым-
дҥниеге деген таным-тҥсініктері нақты байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет