356
Бҧлайша жоспарлау қазіргі қҧрылыс аз жҥргізілген Ақтӛбе, Степнинское,
Тӛлек және Сретинское қала жҧрттарында сақталған.
Ертедегі орта ғасырларға арнап жасалған қала жҧрттарының
типологиясы бойынша Табакет пен Сус (Талас Ақтӛбесі
және Шалдобар
қалаларының жҧрттары), сондай-ақ Кенжек, Сеңгір (Шаруашылық) және
Шелже орташа қалаларға жатады. Сірә, Шелже ең алдымен әкімшілік
орталық болған секілді, ӛйткені мҧнда оның қолӛнер, сауда сынды
функциялары дами қоймаған.
Солтҥстік-Шығыс
Жетісуда ІХ-ХІІІ
ғасырлардың басында қала
мәдениетінің жаңа ауданы қалыптасты. Егер ІХ-Х ғасырларда Солтҥстік-
Шығыс Жетісудың бҥкіл аумағында 10 қала ғана болса, ХІ-ХІІІ ғасырлардың
басында олардың саны 70-ке дейін кӛбейген. Х ғасырдағы деректер Іле
аңғарының сол жағалауында орналасқан екі қала – Талхиз (Талғар) және
Лабан қалалары
туралы
хабарлайды. Ортағасырлық авторлардың
мәліметтеріне қарағанда ХІ-ХІІІ ғасырлар кезінде мҧнда 4 қала мен 6 ірі
қалашықтар болған.
Солтҥстік-Шығыс Жетісудағы барлық қала жҧрттары «тӛрткҥл» немесе
«цитадельсіз» аталатын ҥлгіге жатады. Олар тік бҧрыш, трапеция тҥрінде
жаспарланған немесе дӛңелек
болып келеді, жалпы жер бетінен сәл
дӛңестеніп тҧрады және барлық жағынан бҧрыштары мен бойында
мҧнаралары бар дуалдармен қоршалған. Әдетте дуалдардың ортасына
орналасқан бір, екі, ҥш және тӛрт қақпасы болады. Тӛрткҥлдердің аумағы әр
қилы болды, қабырғасының ҧзындығы 260 метрден 1 км-ге дейін жетті.
Солтҥстік-Шығыс Жетісу тӛрткҥлдерінің аумағын салыстыру бҧл
қалаларды тӛрт топқа жіктеуге мҥмкіндік береді.
Біріншісіне аумағы 30 га-дан асатын қалалар енген. Бҧлар кӛп қабатты
ескерткіштер, мәдени қабаттарының қалыңдығы 2-3 м-ге жетеді, тіпті одан
да асады. Қазба кезінде тҥрлі
керамика, шыны, мәнет, қолӛнер
шеберханалары мен ӛндірістік кҥл-қоқыстардың табылуы мҧнда қолӛнер
мен сауданың дамығандығын айғақтайды. Бҧлар – Антоновское, Дҥнгене,
Шілік секілді ірі қалалар мен астаналық орталықтар еді.
Екінші топқа ауданы 10-нан 30 га-ға дейін жететін Талғар, Сҥмбе мен
Ақмола қалалары кіреді. Талғар – Талхизбен, Сҥмбе – Лабанмен
салғастырылады. Ҧзақ жылдарға созылған қазба барысында қолӛнердің
дамығаны
анықталған, сондай-ақ кӛптеген шетелдік заттар аршып алынған.
Ҥшінші топтағы қалалардан қақпалық бекіністер, кӛптеген мҧнаралар
орны мен жҧқа мәдени қабат анықталған. Бҧл топтағыларды баспана немесе
қалалық-ставка ретінде белгілеуге болады. Оған Алматы, Лавар, Қапал,
Ақтам, Арасан, т.б. жатқызылады.
Тӛртінші топтағы қалалар аумағы 10 га-дан аз. Оларға тҧрғын ҥй
дуалдарының ішкі жағында орналасуы, ішкі ауланың болуы тән. Іле
қалалары жҧртының бҧл тобы бҧрынғы кӛшпелілер
мен жартылай
кӛшпелілердің ауылдық қоныстары деп санауға болады. Олардың
кейбіреулері керуен-сарайлар болуы да мҥмкін.