Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет36/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   157
Қазақстан археологиясы

Федоров мәдениеті. Бҧл мәдениеттің ескерткіштері б.з.б. ХV-ХІ 
ғасырлармен мерзімделінеді. 
Федоров мәдениетінің хронологиясы пікір таластар туғызып келеді: 
кейбіреулер оны хронологиялық тҧрғыдан алакӛлден кейін қойса, басқалар 
оларды қатар қояды. Бірақ алакӛлдік ескерткіштер шығыс ӛңірлерде, 
федоровтық ескерткіштер батыс ӛңірлерде кездесе қоймайды. 
Федоров қоныстарынан анықталған және зерттелген баспаналардың 
қирау дәрежесі оларды нақты қалпына келтіруге мҥмкіндік бермей отыр. 
Әзірге баспана тҧрғызуда екі тенденция байқалған: оның бірі жер бетіне 
салынған каркасты шағын қҧрылыстар болса, екіншісі тікбҧрышты жартылай 
жертӛле типіндегі қҧрылыстар.
Айталық, Петропавлдық Есіл ӛңіріндегі бір мәдени қабаттан тҧратын 
Бишкуль-4 қонысынан ауданы 140 м, пішіні (тҧрпаты) шаршы тәріздес, 
бҧрыштары қатты дӛңгеленген каркас ҥйдің бӛлігі аршылған. Баспананың 
қазаншҧңқыры аздап материктік бӛлікке дейін қазылған. Дәліз тәрізді шығар 
есігі шағын кертпе тҥрінде. Баспананың орталық бӛлігінен кӛлемі 1,3-1,8 м 
бӛренелі рама анықталған. Раманың және бағаналық шҧңқырлардың 
орналасуына қарағанда, сәл қисайтылған баспана қабырғалары тӛменгі бӛлігі 
қазаншҧңқырға тірелген, жоғарғы бӛлігі бӛренелі рамаға жалғасқан 
кеспелтектерден немесе бӛренелерден тҧрған. Ӛз кезегінде рама баспананың 
ішкі шекарасынан 1,5-2 м кейін орналасқан тігінен қазылып қойылған 
бағаналарға тірелген. Шатырының жоғарғы бӛлігі орталық рамаға (оның 
қалдықтары еденнен аршылған) бекітілді, және де оның астына ошақтар 
орналасты. Сайып келгенде, баспана кесілген пирамида секілді тҧрпатты 
иемденді. Жылыту ҥшін қабырғасы шыммен, кҥлмен ӛрілді. 
Тікбҧрышты жартылай жертӛле типіндегі ірі қҧрылыстар Петропавлдық 
Есіл ӛңіріндегі Новоникольское-1 (№4 баспана) мен Атасу-1 )қарағанды 
облысы) қоныстарынан анықталған. Айталық, атасу-1 қонысындағы 
баспаналар ауданы 150-200 шаршы метрді қамтиды. Федоровтық баспаналар 


121 
ішінара Қарағанды облысындағы Усть-Кенетай мен Әкімбек қоныстарында 
да сақталған. 
Тҧтас архитектуралық ансамбльді кӛрсететін жалғыз федоровтық 
баспана кешені Икпень-1 (ортаңғы мәдени қабат) қонысынан қазылған. Бҧл 
қоныстан тҧрпаты сопақша келген, тереңдігі 0,2-0,4 м, ауданы 80-120 м 8 
қҧрылыс-жертӛле аршылған. Баспанаға кіретін жалғыз есік бҧрышынан 
немесе қабырғасынан тҥсірілген. Еденнен 1-ден 4-ке дейін ошақ орны, 2-5 
шаруашылық және 10-32 бағаналық шҧңқырлар, ҧралар, тереңдігі 3 м-ге 
дейін жететін және қабырғасы бҧтақпен ӛрілген алакӛл мәдениетіне тән 1-2 
қҧдықтардың орындары анықталған. А.А.Ткачевтың пікірінше, мҧндағы 
қҧрылыстар ӛз мәні бойынша қауым мҥшелеріне, сҥйек ӛңдеуші және 
металлургтардың баспана-шеберханаларына, культтарға қызмет ететін 
адамдарға арналған баспаналарға бӛлінеді. 
Икпень-1 қонысының қыш қҧмыралар топтамасы 6 бҥтін және 500-ден 
астам ыдыс сынықтарынан тҧрады. Ыдыстар мҧқият жасалған, сырты кӛбіне 
жылтыратылған, илеуінде қҧм мен шамот (отқа тӛзгіш кҥйдірген топырақ), 
ішінара ҧсақ тас (ірі қҧм), слюда, қабыршақ кездеседі. Ою-ӛрнекті тҥсіруде 
кӛбіне «тарақты» техникасы басымдық танытады. Тҧрпаты (пішіні) бойынша 
ыдыстар 2 топқа жіктелген: профилі жатық ыдыстар және банка-ыдысы 
секілді профилі әлсіз қҧмыралар. Ыдыстардың бір бӛлігі қатарлата басып ою 
әдісі бойынша белгілі аймақтарына сай «мойыны мен денесі кӛрсетіле 
тарақты штамппен ӛте кӛркем ӛрнектелген». Алғашқы топ ыдыстарында 
геометриялық – бҧрышы қисық ҥшбҧрыштар, тікбҧрыштар, теңбҥйірлер, 
меандр, фестон, «кілем ӛрнектері» сияқты ою-ӛрнектер тән. Жартылай 
кесінді техникасымен тҥсірілген мейлінше «кӛркем» ыдыстардағы ою-
ӛрнектер – кӛлденеңінен тҥсірілген сызықтар, кертіктер мен ойықтар, қисық 
сызықтар, шыршалар. Екінші топтағы кӛлденең сызық, шырша, ойық, 
кертпеш тҥрінде тҥсірілген ыдыстар ою-ӛрнегі де осы техника бойынша 
жасалған. 
Қазба барысында жапырақ тәрізді пышақтар, тӛлкелі чекан (металл 
бҧйымдардың бетіне басып нақыш бедер салу ҥшін қолданылатын аспап), 
қҧйылған самай сақинасы мен балтаның бӛліктері, сҥйектен жасалған екі 
тесікті сулық, саз балшықтан жасалған қҧйма қалыптар сынықтары шыққан.
Обалар жерлеу қҧрылысының ҥштен бірін қҧрайды, ал қалған екеуі 
тікбҧрышты және дӛңгелек тҧрпатты (пішінді) қоршаулардан тҧрады.
37 қоршаулар мен обалардан, сондай-ақ шағын қоршау тҥріндегі 3 
қҧрылыстардан 47 бейіт, соның ішінде 25 тас жәшік, 14 топырақ шҧңқыр, 6 
циста, қиыстырылған 2 жәшік-циста анықталған. Бейіт тереңдігі 0,45-тен 1,55 
м-ге дейін, сонымен қатар мейлінше терең, 1 м-ден асатын бейіттердегі 
жәшіктердің тас плиталары 0,5 м-ге дейін кӛмілген. 
Бейіттердегі мҥрде батыс-шығыс және оңтҥстік-батыс – солтҥстік-шығыс 
бағыты бойынша жерленген. 
37 моладағы жерлеу ғҧрпы мынадай: 24 молада мҥрденің сҥйектері 
жерленген, 13 молаға ӛртенген мҥрде қалдықтары қойылған.


122 
Кейбір жерлеу қҧрылыстарының ерекше белгісі бір-бірімен ішкі және 
сыртқы болып ҥйлескен қос қоршаудың, тіпті ҥшеулік қоршаулардың
кездесуі деуге болады. Ӛзгеше жерленгендер қалпы (позасы) да ҧшырасады, 
мысалы Ә.Х.Марғҧланның пікірінше, Қанаттас қорымындағы №11 қоршау 
бейітіне адам жҥресінен отырған кҥйінде жерленген. 
Жерлеу қабіріне 1 немесе 2 ыдыс қойылды. Қола және басқа бҧйымдар 
сирек кездеседі. 
Қорымдардағы қыш қҧмыралар кешені ыдыстар, банкалар тҥрінен 
тҧрады. Ә.Х.Марғҧлан кезінде нҧра (федоров) кезеңіне тән қыш 
қҧмыралардың жалпы сипаттамасын кӛрсетіп берген болатын. Профилі 
жатық ыдыстардың мойыны сыртқа қайырылған, ернеуі жатық, кейде қырлы 
болып келеді. Тҥбі жалпақ, кейде табандығы болады. Банка секілді 
ыдыстардың ернеуінің астындағы, денесінің жоғарғы бӛлігіндегі ою-
ӛрнектер аса айқын емес болғанымен, тҥсірілу техникасы келесі топтағы қыш 
қҧмыраларға ҧқсас. 
Ә.Х.Марғҧлан федоровтық қыш қҧмыралары бар кешендер арасынан 
Бҧғылы-1 кешенін ерекше бӛліп кӛрсетеді. Оның бейіттерінен алынған қыш 
қҧмыралар ӛзгешелеу. Олар аздап «ваза» тҧрпатына (пішініне) келіңкірейді. 
Кейде табандығы да ҧшырасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет