Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет34/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   157
Қазақстан археологиясы

Петров мәдениеті. Бҧл мәдениеттің бекіністі қоныстары мен обалы 
қорымдары Оңтҥстік Оралдан, Оңтҥстік-Батыс Сібірден, сондай-ақ Батыс, 
Солтҥстік және Орталық Қазақстаннан кӛптеп табылған. Қазақстан 
аумағынан ҧшырасқан қоныстар мен қорымдар б.з.б. ХVІІІ-ХVІ ғасырларға 
жатады. 
Қоныстар. Ӛңірде Амангелді-1, Кеңӛткел-5, Семиозерное-2 секілді 3 бір 
мәдени қабатты қоныстар, Новоникольское-1, Петровка-2, Богоглюбово-1 
сынды кӛп мәдени қабатты қоныстар толымды тҥрде зерттелінген. 
Петров мәдениетіне жататын қоныстарға тән нәрсе – онда бекіністік 
(қорғаныстық) қҧрылыстардың болуы; әдетте қоныс айналасында тереңдігі 


116 
1,5-2,5 м-ге, ені 3,5 м-ге дейін жететін оры болды, оның ішкі және сыртқы 
бӛлігі топырақ жалмен (ҥйіндімен) кӛтерілді. Ішкі жал негізгісі болды, ол 
кейде ағаш қҧрылыстарымен бекітіліп, кҥшейтілді. Жал мен ор периметрі 
бойынша қонысты қоршаған жҥйені қҧрады, не болмаса қоныс орналасқан 
жердегі тік жарға, ойдымға жалғасты. Қоныс ауданы 5-9 мың шаршы метрге 
жетті. Қорғаныс қҧрылыстарымен кірер есікке немесе ордың тармақталып 
кеткен жерлеріне қарама-қарсы орналасқан шҧңқырлар тікелей байланысты. 
Әдетте шҧңқыр қабырғалары саз балшықпен мҧқият сыланды. Шҧңқырға 
малдың бас сҥйегі мен қаңқасының ҥлкен бӛліктері, қыш қҧмыралар, 
ғҧрыптық оттар да салынды.
Қорғаныстық (бекіністік) қҧрылыс ішіндегі кенттерде баспаналар ӛте 
тығыз орналасқан еді. Баспаналар кӛбіне 1-2 қатар болып жапсарластырыла 
орналастырылды, сондай-ақ бос телімдер мен алаңқайлар да кездеседі. 
Баспаналардың дені жер бетіне салынған тік бҧрышты тҧрпаттағы қима 
ағашты, тамбур тәрізді есігі бар қҧрылыс еді.
Қола қҧюшылардың баспана-шеберханасы Семиозерное-2 (Қостанай 
облысы, Семиозерное ауылы) қонысынан анықталған. Бҧл қоныс 5 баспана 
мен шаруашылық кешеннен тҧрады. Жоспары бойынша баспана тік 
бҧрышты, жер бетіне салынған, қима типінде, ҧсақ қазаншҧңқырлы. Кіретін 
есігі тамбур пішінді. Баспана кӛлденең қабырға арқылы екіге бӛлінген. 
Ауданы ҥлкен бӛлігінде шеберхана орналасқан, мҧны қазба барысында 
табылған мыс кентастарын қорытатын пеш, шаруашылық шҧқырлары, кентас
пен кҥл қалдықтары нақты айғақтайды. 
Баспананың кіші бӛлігінде тҧрмысқа арналған шаруашылық шҧқырлары, 
1-2 ошақ орны орналасқан. 
Петров қоныстарындағы ӛзіндік деталь – баспаналардың едені астында 
балалар қабірінің болуы. Жерленгендердің бас жағынан сәбидің қаңқа 
қалдықтары мен қыш қҧмыра сынықтары табылған. 
Солтҥстік Қазақстан облысы Есіл бойындағы Петровка ауылы маңынан 
топырақпен тҧрғызылған балалар қорымы зерттелген. Қорымнан ҧзындығы 
0,5 м-ден 1 м-ге шейін жететін, ені 0,4 м-ден 0,8 м-ге дейін баратын, тереңдігі 
0,8-1,1 м болатын 32 қабір шҧңқыры аршылған. Молалардан 1-3-ке дейін 
қыш қҧмыралар, кейде мал (қой, ешкі) сҥйектері шыққан, біреуінен 
әшекейлер алынған.
Ерекше әлеуметтік топқа жататын жауынгер-еркектердің немесе арбалы-
жауынгерлердің қабірлері Солтҥстік Қазақстандағы Кеңес, Ҧлубай, Берлік, 
Новоникольское қорымдарынан, Орталық Қазақстандағы Сатан қорымынан 
зерттелген. 
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданындағы Сатан қорымы 3 арбалы-
жауынгерлердің оба асты қабірінен тҧрады. Оба ҥйінділерінің диаметрі 8,6-
13,3 м, биіктігі 0,6-1,15 м аралығында. Ҥйінді астынан ені 1,5-3,5 м, ені 0,35-
0,85 м шамасындағы орлар және ордың ішкі жағынан айналдыра тігінен 
жерге қазылып қойылған тас плиталарынан тҧратын сақина тәрізді қоршау 
шығады. Әрбір оба астындағы алаңқайда бір-бір шҧңқырдан кездеседі. 
Батыстан шығысқа қарай бағытталған қабір шҧңқырларының кӛлемі – 3,5-


117 
3,8х2-2,65 м, тереңдігі – 1,07-1,37 м аралығында. Оңтҥстік-батыс сектордағы 
қоршаудың плиталары жанынан берілген асты нақты айғақтайтын мал 
сҥйектері мен қыш ыдыстар қалдықтары кездесіп отырады. Қорымдағы №1 
обаның батыс бӛлігінен жартылай кҥйген арба қалдығы сақталып 
қалғандығы анықталған. №3 обада кӛлденеңінен қойылған кеспелтек пен тас 
плиталарымен жабылған, тҧрқы жонылған қалың бӛренелерден тҧратын қима 
сақталған. Оған қойылған мҥрденің тонаушылық кезінде қатты бҥлінгендігі 
байқалады. Моладан қыш қҧмыралардың сынықтары, тік бҧрышты пішінде 
келген 15 шақты сҥйектен жасалған сулық (әбзел жиынтығы), қоладан 
жасалған кӛз секілді алқа, паста моншақтар, шақпақ тастан жасалған жебе 
ҧшы табылған. Басқа қорымдардағы оңтҥстік-шығыс бағытындағы қабір 
шҧңқырларының кӛлемі 4,0х2,5 м-ге, тереңдігі 1,2-1,5 м-ге жетті. Мҥрделер 
бір бҥйірімен қойылды. 
Мҥрделермен бірге бай да сан алуан заттар қойылғандығын Челябинск 
облысының оңтҥстігіндегі тоналмаған Синташта қорымының кейбір обалары 
да нақтылай тҥседі. Мҧнда зерттелген 40 шақты бейіттерден металдан
сҥйектен, тастан жасалған 200-ден астам бҧйымдар (мыс балта, тӛлкесі 
жабылмаған найза ҧшы, тас тҥйреуіш, жебе ҧштары, қыш қҧмыралар, т.б.) 
табылған. Бҧл қорымнан алынған заттарға ҧқсас бҧйымдар Солтҥстік 
Қазақстаннан да кӛптеп табылғандығын айта кетуіміз керек. 
Кейбір оба астындағы алаңқайдан немесе топырақ қабаты жанындағы 
қабір шҧңқырының шетіндегі саз балшықтан жасалған «кӛпшікке» жылқы 
қаңқалары «шауып бара жатқандай ат» секілді етіп орналастырылған. Кейде 
бейітке жылқының бас сҥйегі мен тҧяқтары ғана қойылды.
Екі доңғалақты (дӛңгелекті) соғыс арбасы немесе кҥйме қалдықтары да 
табылған. Арба доңғалағы қабірдің тҥбіне қойылғандықтан, оның шеңбері 
мен кегейінің (спица) іздерін нақты анықтауға мҥмкіндік алынған, байқалған 
іздері бойынша доңғалақ диаметрі 1-1,2 м, кҥпшегінің (ступица) аралығы 1,2-
1,4 м болғандығы анықталған. Мҧндай кҥйме Сатан қорымындағы 
материалдар бойынша қалпына келтіріліп отыр. Онда жартылай ӛртелген 
доңғалақтың, платформаның (бәлкім бҥйірі де) қалдықтары бізге жетіп отыр. 
Доңғалақ шеңбері (обод) терімен қапталғандығы туралы қосымша 
мәліметтер алуға да мҥмкіндік алынды, сірә бастапқыда шеңбер шикі терімен 
қапталды, ол кепкеннен кейін шеңберді қысып тҧрды да, кәдуілгі шина 
секілді қызмет атқарды. Тері ішкі жағынан сҥйек шегелермен бекітілді. 
Мҧндай 4 шеге табылған. Ішкі жалпақшаның ортасынан айналдырыла кертпе 
ойықтар тҥсірілді де, оларға кҥпшектер ораластырылды. Кегей орнатылған 
және білік (ось) ӛткен бір кҥпшек те сақталып қалған. Кҥйме-арбаның 
платформасы ағаштан жасалған, кӛлемі 1,2х0,67-0,75 м. 
Жерлеу кешендеріндегі орталық бейітке жапсарластырыла салынған 
балалар мен жасӛспірімдердің қабірлері сопақша келген шағын 
шҧңқырлардан тҧрды. 
Сатан қорымындағы молалардан қыш қҧмыралар кӛптеп табылған. Олар 
кӛлденеңінен тҥсірілген сызықтармен, бҥйірі тең ҥшбҧрыштармен, ирек 
сызықтармен, қолмен ойылған ойықтармен кӛмкерілген.


118 
Петров мәдениетінің қҧмыралары Орал мен Ертіс аралығындағы далалы 
және орманды-далалы аймақтарда біркелкілігімен ерекшеленеді. Ыдыстар 
матаға оралған ҥлгіде немесе қалыпта (шаблонда) жасалды. 
Бҧл кезеңге егіншілік, мал шаруашылығы мен қола қҧю ӛнері тән. 
Қҧмырашылық, сҥйекті ӛңдеу ісі, арба жасау дамыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет