Сапаны бағалау
Сапаны бағалау – объектінің қойылған талаптарды орындауға қаншалықты мүмкіндігі бар екендігін жүйелі тексеру (ИСО 8402). Егер тексеру кезінде талаптардың орындалмауы себепті сәйкессіздік анықталған болса, онда оны жою үшін мекеме түзету шараларын жүргізеді.
Кез келген тексеру екі элементтен тұрады:
объектінің нақтылы жағдайы жөнінде ақпараттар алу (өнім үшін оның сапалық және сандық сипаттамалары);
алынған ақпараттыбұрыннан белгіленіп қойылған талаптармен салыстыру, яғни екінші түрде ақпарат алу.
Өнім сапасын тексеру - өнімнің сапалық және сандық сипаттамаларын тексеру. Сапаның тексеру жұмыстарына өлшеу, талдау, сынау операциялары кіруі мүмкін.
Өлшеу дербес жұмыс түрі ретінде метрологияның обьетісі болып табылады .
Өнімді талдау – материалдар мен шикізаттардың құрамы мен құрылымын талдау сараптамалық әдістермен (химиялық талдау, микробиологиялық талдау, т.б.) жүргізіледі.
Сынау- сынау обьектісінің сапалық және сандық сипаттамаларын эксперименттік әдіспен анықтау. Сынау кезінде негізгі қажетті заттар − сынау құрал-жабдықтары, ал көмекші заттар − қажетті реактивтер, материалдар, т.б. Сынау кезінде өнім мен қызметтің сипаттамаларын анықтаудың әр түрлі әдістері қолданылады: өлшеу, сараптамалық, тіркеу (тоқтап қалу санын, зақымдалған өнімдердің санын және т.б.), органолептикалық (сипаттамалардың адамның сезім мүшелерінің көмегімен анықтау).
Өткізу орнына байланысты сынаулар зерханалық, полигондық, табиғи болып бөлінеді. Тауарды сынаудың негізгі түрі – зертханалық сынау.
Сынау жүргізудің сапа көрсеткіші – дәлдік және нәтижелерінің қайталануы. Бұл талаптарды орындау метрология ережелерін сақтауға тікелей байланысты.
Қажетті сынаудың сапасын дәлелдеу үшін зертханалар тіркеуден өтуі керек. Зертханаларды тіркеу – сынау зертханаларын орган ретінде белгілі салада жұмыстарды жүзеге асыруға мекеменің құқықтылығын уәкілетті мемлекеттік органның ресми мойындауы (ҚР СТ.7.0.99).
Қазақстан Республикасында сынау зертханаларын тіркеуден өткізу жүесі құрылды. Елімізде сертификаттауды жүргізу ережелері бойынша нақтылы өнімді сынау жұмыстарын жүргізу құқығы тек қана тіркеуден өткен сынау зертханаларына беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |