1.3. Сапа жүйесі
Сапаны жақсарту мәселесін кәсіпорында тұрақты түрде қолданылатын шаралар жүйесін енгізу арқылы ғана шешуге болады. Осындай сапа жүйелері көптеген жылдар бойы құрылып және жетілдіріліп келеді.
Қазіргі кезде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарда белгіленген сапа жүйесі қабылданды. Бұл жүйенің негізгі принципі−сапаны басқаруда өнімнің өмірлік циклінің барлық сатылары мен кезендерін қамту.
Өнімнің өмірлік циклі−өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері, яғни өнімді өндіргенде және пайдаланғанда болып отыратын өзгерістерге сай өзара байланыстағы процестер жиынтығы болып табылады. Өмір циклі маркетингтен басталады.
Маркетинг деңгейінде−өнімге тапсырма берушілер және олардың талаптары анықталады. Жобалау деңгейінде тұтынушының барлық талаптарына сай өнімді жасау қарастырылады. Өндіру кезінде жобада белгіленген сапа деңгейі камтамасыз етіледі. Айналым деңгейінде қалыптасқан сапа тасымалдау, сақтау, сатуға дайындау, сату кездерінде сақталуы керек.Пайдалану деңгейінде сапаны басқаруға тұтынушы кірістіріледі. Тұтынушының өнімді пайдалану жағдайы жақсы болса, онда оның қолдану деңгейінде пайдаланылған өнімнің табиғи ортаға зиянды әсерін болдырмау керек. Кәсіпорынның іс- қимылы өнімді қолданыстан шығарумен бітпейді.Осы кезеңге қарай немесе одан да ертерек қажеттілік анықталады және маркетинг жүргізілгеннен кейін кәсіпорын жаңа өнім түрін жобалауға кіріседі. Осылай сапаны басқару саласындағы жаңа айиналым басталады.
Сапа жүйесінің қажетті элементтері: ұйымдық қүрылымы, әдістемесі, ресурстар мен процестер.
Сапа жүйесінің ұйымдық құрылымы кәсіпорын жұмысын басқару шеңберінде құрылады да, оның бөлімшілерінің арасында құқыған, міндеттерін және функцияларын бөліп беру болып табылады.
Әдістеме- іс- қимылдарды жүргізудің белгіленген тәсілдері (ИСО 8402).
Ресурстар- қызмет көрсетушілер, қызмет ету құралдары, құрал-жабдықтар, техналогия.
Процесс (ИСО 8402)- қолданылатын элементтерді өнімге қатысты- шикізаттар, материалдар) даиын өнімге айналдыратын өзара баиланыстағы ресурстар мен іс- қимылдар.
Сапа жүйесінің бар екендігін және оның қойылған талаптарға сәйкестігін осының барлығына тиісті құжаттар болғанда ғана дәлелдеуге болады.
Құжаттар сапа жүйесін жасаушыларға, қолданушыларға және тексеру органдарына көрсетуге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, сапа жүиесі- сапаны жалпы басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымы, әдістеме, процесс және ресурстар жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |