Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет7/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86
Акишев

1.4.2. Техникалық регламенттер туралы түсініктеме

Техникалық реттеудің басты мақсаты – техникалық ренламенттерді қабылдау.


Техникалық ренламент – өнімдерге және олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт.
Техникалық регламенттерді қабылдау мақсаттары:

  • Адам өмірі мекн денсаулығын жеке немесе заңды тұлғалардың мүліктерін, мемлекеттік және муниципалдық мүліктерді қорғау;

  • Қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау;

  • Өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңғырту

  • Өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушылардың жанылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу.

  • Саудадағы техникалық кедергілрді жою

  • Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

  • Табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу

Техникалық регламенттердің мазмұнына қойылатын талаптарға мыналар кіруі керек:
- Техникалық регламентті талаптары қолданылатын өнімдердің процестерінің толық қамтылған тізбесі.
- Техникалық регламентті қабылдау мақсатарына жетуді қамтамассыз ететін өнімнің, процестердіңсипаттамаларына қойылатын талаптар.
- Техникалық реттеу объектілерін бірлейдендіру ережелері (өнім сапасының оның маңызды белгілерімен бірдейлігін анықтау);
- Зиян келтіру қауіп- қатерінің деңгейін ескере отырып, өнімінің процестердің қауіпсіздігін қамтамассыз ететін ең төменгі қажетті талаптар.
Техникалық регламенттердің екі түрі бар.

  • Жалпы техникалық регламенттер

  • Арнайы техникалық регламенттер

Жалпы техникалық регламенттердің талаптары кез келген өнім түрі мен өмірлік цикл процестеріне міндетті түрде қолданылуы жіне сақталуы керек
Жалпы техникалық регламенттер мына мәселелер бойынша қабылданады:

  • Үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды, және оларға іргелес аумақтарды қауіпсіз пайдалану жөнінде;

  • Өрт қауіпсіздігіне байланысты;

  • Биологиялық қауіпсіздікке байланысты;

  • Электромагниттік үстемділігіне байланысты;

  • Ядролық және радиациялық қауіпсіздікке қатысты;

  • Өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздікке байланысты;

  • Экологиялық қауіпсіздікке байланысты;

  • Химиялық қауіпсіздікке байланысты;

  • Электр қауіпсіздігіне байланысты;

  • Ақпарат қауіпсіздігіне байланысты;

  • Уыттылық қауіпсіздігіне қатысты;

  • Өлшемдердің бірілігі бойынша

  • Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты;

  • Балалар тағамының қауіпсіздігіне қатысты;

  • Механикалық қауіпсіздікке қатысты.

Арнайы техникалық регламенттердің талаптары әрбір өнім түрінің технологиялық және басқа да ерекшеліктерін ескереді.
Арнайы техникалық регламенттер зияе келтіру деңгейі жалпы техникалық регламенттерде көрсетілген зиян деңгейінен ауырлау кейбір жекелеген өнім түрлеріне және өмірлік цикл процестеріне ғана белгіленеді.


1.4.3. Техникалық регламенттердің құрылымы

Техникалық регламенттерге мына мәселелерді қамтитын құрылымдық элементтерді енгізу ұсынылады:



  • Техникалық реттеу объектілерін;

  • Терминдерді;

  • Нарықта орналастырудың жалпы жағдайын;

  • Қауіпсіздік талаптарын

  • Ерікті ауысып отыру мәселелерін;

  • Сәйкестікті бағалауды;

  • Сәйкестікті растауды;

  • Стандарттар тізбегін басқару;

  • Нарықта бақылау мен қадағалау;

  • Техникалық регламенттерді іске асыру жөніндегі жауапты органды белгілеу;

  • Өтпелі кезең.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет